3. Міндеттемелік құқық
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға, ақша төлеуге және тағы осылар сияқгы әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар. Тараптар (борышкер мен несие беруші) және үшінші жақ міндеттемеге қатысушылар болып табылады.
Мұздатқыштар Мәскеу қаласынан Алматыға жөнелтіледі. Егер шартпен өзгеше көзделмесе сатып алушыға жөнелту үшін жүкті темір жолға өткізу орны міндеттеменің орындалатын жері болып табылады, сондай-ақ жүкті жөнелту кезінде сатып алушының меншік құқығының пайда болу сәті де анықталады.
Ақшалай міндеттемелерді орындау тәртібіне баса назар аудару қажет.
° Міндеттеменің орындалуы куәландырылған болуы қажет, яғни міндеттеменің орындалуы кезінде несие беруші борышқорға міндеттеменің толық немесе ішінара орындалғаны жөнінде қолхат беруі тиіс. Жалпы тәртіп бойынша, егер борыштық құжат несие берушіде болса, борышқор міндетте- менің орындалғанын дөлелдемейінше міндетті болып қалады.
Шарт
Келісім-шарт - сыртқы саудада бір жақ (сатушы, лицензиар) келісімшартта көрсетілген мүлікті (тауарды), ғылыми-техникалық білімді екінші жақтың меншігіне (алушы, лицензиат) беруге міндеттенетінін, ал екінші жақ өз кезегінде бұл мүлікті немесе білімді көрсетілген мерзімде алып, белгіленген бойынша төлеуге міндетгенетінін көрсететін құжат. Халықаралық саудада «шарт» деген термин қолданылады. Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |