ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қазақстан Республикасы атқарушы билік органдары



Pdf көрінісі
бет192/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   389
10.2 Қазақстан Республикасы атқарушы билік органдары 

 

Қазақстан  Республикасы  атқарушы  билік  органдары  үш  буынға(звеноға) 



бөліп  қарастыруға  болатын  мемлекеттік  органдардың  біртұтас  жүйесін 

құрайды: 




227 

 

 1. 



ҚР жоғары атқарушы билік органы – Қазақстан Республикасы Үкіметі. 

 2. 


ҚР  орталық  атқарушы  билік  органдары – министрліктер,  агенттіктер, 

ведомстволар. 

 3. 

ҚР жергілікті атқарушы билік органдары – əкімдіктер. 



Конституцияға  сəйкес  ҚР  Үкіметі –  атқарушы  билігін жүзеге  асыратын, 

атқарушы органдардың жүйесін басқаратын жəне олардың қызметіне басшылық 

жасайтын  жоғары  атқарушы  билік  органы  болып  табылады.  Үкіметтің 

құқықтық  жағдайы  ҚР  Конституциясымен  жəне  «ҚР  Үкімет  туралы»  ҚР 1995 

жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңымен анықталады. 

 

Үкіметтің құрылымы: 



 1. 

Үкіметті  ҚР  Парламентінің  келісімімен  Президент  қызметке 

тағайындайтын  Премьер-Министр  басқарады.  Премьер-министрдіңөкілеттілік 

мерзімі  елдің  Президентінің  қызмет  мерзіміне  бара-бар  болады,  яғни  Үкімет 

жаңадан  сайланған  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  алдында  өз 

өкілеттігін доғарады. Премьер-министр Конституция нормаларының, заңдардың 

жəне  ҚР  Президентінің  тапсырмаларын  орындау  мəселелері  бойынша,  сондай-

ақ мемлекеттің барлық атқарушы билік органдары жүйесі қызметінің тиімділігі 

мəселелеріне байланысты тікелей мемлекет басшысына есеп береді. 

 2. 


Үкімет  мүшелері:  министрлер;  ҚР  Үкіметі  құрамына  кіретін 

агенттіктердің төрағалары; Премьер-министрдің кеңсесінің жетекшісі.   Оларды 

Премьер-министрдің тізім бойынша ұсынысы негізіндеҚР Президенті қызметке 

тағайындайды. Республика Үкіметі Президенттің өкілеттігі мерзімі шеңберінде 

қызметін  жүзеге  асырады  жəне  жаңадан  сайланған  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.Республика Үкіметі өз міндетін 

Үкіметтің  жаңа  құрамын  бекіткенге  дейін  жалғастырады.  Премьер-министрдің 

орнынан түсуі бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. 

Заңнамада  Үкіметтің  ҚР  Парламентінің  тарапынан – кейбір  жағдайларда 

сенімсіздік  білдіру  арқылы  отставкаға  жіберу  жағдайлары  қарастырылған.  Бұл 

жағдайлар  ҚР  Конституциясында  нақты  көрініс  тапқан  жəне  биліктің  екі 

тармағының 

арасында 

шешілмейтін 

келіспеушіліктің( 

қайшылықтың) 

болуының дəлелі болып табылады. 

ҚР  Конституциясы  жəне  «ҚР  Үкіметі  туралы»  Конституциялық  заң 

жоғары  атқарушы  билік  органының  өкілеттіктеріне  бірқатар  мəселелерді 

жатқызады, солардың негізгілері ретінде келесі мəселелерді атап өтуге болады: 

1)  мемлекеттiк  əлеуметтiк-экономикалық  саясаттың  негiзгi  бағыттарын, 

оны  жүзеге  асыру  жөнiндегi  стратегиялық  жəне  тактикалық  шараларды 

əзiрлейдi; 

2) Республика Президентi белгiлейтiн тəртiппен республикалық бюджеттi 

əзiрлеу  мен  оны  өзгертуге  қатысады,  Парламентке  республикалық  бюджеттi 

жəне  оның  атқарылуы  туралы  есептi  ұсынады,  бюджеттiң  атқарылуын 

қамтамасыз етедi; 



228 

 

3) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды əзiрлейдi 



жəне  жүзеге  асырады;  мемлекеттiк  валюта,  қаржы  жəне  материалдық 

ресурстарды  жасақтау  мен  пайдалануда  заңның  сақталуына  мемлекеттiк 

бақылауды қамтамасыз етедi; 

4)  мемлекеттiк  меншiктi  басқаруды  ұйымдастырады,  оны  пайдалану 

жөнiндегi  шараларды  талдап  жасайды  жəне  жүзеге  асырады,  мемлекеттiк 

меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi; 

5)  құқықтық  саясатты  iске  асыруды  қамтамасыз  етедi;  азаматтардың 

құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  жəне  сақтау,  заңдылық  пен  құқық 

тəртiбiн,  Республиканың  қауiпсiздiгi  мен  қорғаныс  қабiлетiн,  Республиканың 

аумақтық  тұтастығы  мен  мемлекеттiк  шекарасын  күзетудi  қамтамасыз  ету 

жөнiндегi шараларды əзiрлеп, жүзеге асырады; 

6)  келiссөздер  жүргiзу  мен  үкiметаралық  келiсiмдерге  қол  қою  туралы 

шешiмдер  қабылдайды;  Республиканың  шет  мемлекеттермен,  халықаралық 

жəне  аймақтық  ұйымдармен  өзара  қарым-қатынасын  дамытуды  қамтамасыз 

етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар əзiрлейдi, 

сыртқы  сауданы  дамыту  жөнiнде  шаралар  қолданады;  халықаралық  қаржы 

ұйымдарымен ынтымақтастықты жəне өзара iс-қимылды жүзеге асырады. 

Республика  Үкiметi  Республика  Конституциясының,  заңдарының, 

Президент  актiлерiнiң,  өзге  нормативтiк  құқықтық  актiлердiң  негiзiнде  жəне 

оларды  орындау  үшiн  өз  өкілеттігі  шегінде  республиканың  бүкiл  аумағында 

мiндеттi  күші  болатын,  барлық  жеке  жəне  заңды  тұлғаларға  міндетті  

нормативтiк жəне жеке қаулылар шығарады. 

Қазақстан  Республикасының  орталық  атқарушы  билік  органдары 

мемлекеттік  басқарудың  əр  түрлі  саласында  мемлекеттік  басқаруды  жүзеге 

асыратын мемлкеттік органдардың күрделі жəне ең үлкен құрылымын құрайды. 

Орталық  атқарушы  билік  органдары  министрліктерге,  агенттіктерге  жəне 

ведомстваларға бөлінеді. 

Министрліктер – ҚР  Үкіметі  құрамына  кіретін  жəне  мемлеттік 

басқарудың  бір  немесе  бірнеше  саласында  мемлекеттік  басқару  жəне  реттеу 

қызметін  жүзеге  асыратын  орталық  атқарушы  органдар(жалпы  түрде  саяси, 

экономикалық  жəне  əлеуметтік  деп  шектеледі).  Министрліктер  тікелей  ҚР 

Президентіне бағынышты жəне оларды Премьер-министрдің ұсынысы бойынша 

Президент  құрады,  таратады  жəне  қайта  құрады.Министрліктер  туралы 

ережелер ҚР Үкіметінің Қаулыларымен бекітіледі. 

Агенттіктер–ҚР  Үкіметі  құрамына  кірмейтін  жəне  салааралық  үйлестіру 

қызметін  жүзеге  асыратын  орталық  атқарушы  орган.  Айта  кететін  жайт, 

агенттіктердің  министрліктерден  айырмашылығы  қандай  да  бір  салаға 

басшылық  жасамайды,  бірақ  оларға  нақты  бір  мемлекеттік  саясатты  жүзеге 

асыруды қамтамасыз ету қызметі жүктеледі. Мысалы, мемлекеттік қызмет істері 

агенттігімемлекеттік  қызмет  саласында  кадрлық  саясаттың  орындалуын 




229 

 

қамтамасыз етеді, жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік мемлекеттің жер 



саясатын  жүзеге  асырады.  Агенттіктер  екі  түрге  бөлінеді:  Үкімет  құрамына 

кіретін жəне ҚР Үкіметінің құрамына кірмейтін агенттіктер.Агенттіктер туралы 

ережелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 

 

Ведомстволар – министрліктердің  құрылымдық  бөлімшелері  болып 



табылатын орталық мемлекеттік органдар.  

Министрліктер,  агенттіктержəне  ведомстволар  өз  құзыреттері  шегінде 

өдеріне бағынышты құрылымдар мен ұйымдарға қатысты бұйрықтар шығарады. 

 

Жергілікті атқарушы органдар – əкімдіктерді əкімдер басқарады. 



 

Əкім – жергiлiктi атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын 

жəне  тиiстi  аумақта  мемлекеттiк  саясаттың  жүргiзiлуiн,  Қазақстан 

Республикасы  орталық  мемлекеттiк  органдарының  барлық  аумақтық 

бөлiмшелерiнiң 

үйлесiмдi 

қызмет 

iстеуiн, 

тиiстi 

бюджеттен 

қаржыландырылатын  атқарушы  органдарға  басшылықты  қамтамасыз  ететiн, 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сəйкес  жергiлiктi  мемлекеттiк 

басқару өкiлеттiгi жəне өзiн-өзi басқару функциялары берiлген, тиiстi аумақтың 

əлеуметтiк-экономикалық 

дамуының 

жай-күйiне 

жауапты 

Қазақстан 

Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi. Əкімдер мен əкімдіктердің 

құқықтық  мəртебесі  «Қазақстан  Республикасындағы  жергiлiктi  мемлекеттiк 

басқару жəне өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 

23 қаңтардағы Заңында көрсетілген. 

 

Əкімдер қызметке келесі тəртіпте тағайындалады: 



 1. Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала,  астана)  əкiмiн  қызметке 

облыстың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)  маслихатының 

келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайды. 

 2. 


Аудандық,  қалалық,  қала  ішіндегі  аудандық  əкімдер  маслихаттың 

келісімімен  жоғары  тұрған  əкімдермен  тағайындалады.«Қазақстан – 2050» 

мемлекетік  даму  стратегиясына  сəйкес 2013 жылдан  бастап  əкімдерді  сайлау 

енгізіледі,  бұл  мемлекеттік  басқаруды  демократияландыру  процесін  əрі  қарай 

дамытудың тағы да бір сертінді қадамы болып табылады. 

Əкімдердің  өкілеттік  мерзімі  ҚР  Президенті  өкілеттігі  мерзімімен 

анықталады.  

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару жəне өзiн-өзi 

басқару  туралы»  Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 

Заңында аумақтық əкімдердің келесідей негізгі құзыреттері көрініс тапқан: 

1)  тиiстi  əкiмшiлiк-аумақтық  бөлiнiс  аумағында  тиiстi  аудандық  (қалалық) 

əкiмдiктiң  лауазымды  адамы  болып  табылады  жəне  мемлекеттiк  органдармен, 

ұйымдармен  жəне  азаматтармен  өзара  қарым-қатынастарда  оның  атынан 

сенiмхатсыз өкiлдiк етедi; 




230 

 

2) 



азаматтардың 

өтiнiштерiн, 

арыздарын, 

шағымдарын 

қарайды, 

азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  жөнiнде  шаралар 

қолданады; 

3)  салық  жəне  бюджетке  төленетiн  басқа  да  мiндеттi  төлемдердi  жинауға 

жəрдемдеседi; 

4)  əкiм  аппараты  əкiмшiсi  болып  табылатын  бюджеттiк  бағдарламаларды 

əзiрлеп,  тиiстi  мəслихаттың  бекiтуi  үшiн  жоғары  тұрған  əкiмдiктiң  қарауына 

енгiзедi; 

5)  стратегиялық  жоспарды  жəне  (немесе)  əкiм  аппараты  əкiмшiсi  болып 

табылатын  бюджеттiк  бағдарламаны  əзiрлеу  кезiнде  жергiлiктi  қоғамдастық 

жиналысының (жиынының) талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет 

заңнамасына сəйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында 

көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мəселелердi қаржыландыру 

жөнiндегi ұсыныстарды шығаруға құқылы; 

6) 

азаматтар 



мен 

заңды 


тұлғалардың 

Қазақстан 

Республикасы 

Конституциясының,  заңдарының,  Қазақстан  Республикасының  Президентi  мен 

Yкiметi актiлерiнiң, орталық жəне жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк 

құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жəрдемдеседi; 

7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады; 

8)  аудандық  маңызы  бар  қаланың,  кенттiң,  ауылдың  (селоның),  ауылдық 

(селолық)  округтiң  мемлекеттiк  тұрғын  үй  қорының  сақталуын,  сондай-ақ 

аудандық  маңызы  бар  қалаларда,  кенттерде,  ауылдарда  (селоларда),  ауылдық 

(селолық) округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, 

жөнделуiн жəне күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi; 

9)  шаруа  (фермер)  қожалықтарын  ұйымдастыруға,  кəсiпкерлiк  қызметтi 

дамытуға жəрдемдеседi; 

10)  өз  құзыретi  шегiнде  əскери  мiндеттiлiк  жəне  əскери  қызмет,  азаматтық 

қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мəселелер 

бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады 

жəне қамтамасыз етедi; 

11) əдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында 

белгiленген  тəртiппен  нотариаттық  iс-қимылдар  жасауды,  азаматтық  хал 

актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады; 

12) тарихи жəне мəдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 

13)  табысы  аз  адамдарды  анықтайды,  жоғары  тұрған  органдарға  еңбекпен 

қамтуды  қамтамасыз  ету,  атаулы  əлеуметтiк  көмек  көрсету  жөнiнде  ұсыныс 

енгiзедi,  жалғызiлiктi  қарттарға  жəне  еңбекке  жарамсыз  азаматтарға  үйiнде 

қызмет көрсетудi ұйымдастырады; 

14) жергiлiктi əлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жəрдемдеседi; 

15) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады; 




231 

 

16)  шұғыл  медициналық  көмек  көрсету  қажет  болған  жағдайда  ауруларды 



дəрiгерлiк  көмек  көрсететiн  таяу  жердегi  денсаулық  сақтау  ұйымына  дейiн 

жеткiзiп салуды ұйымдастырады; 

17) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды; 

18) шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады; 

19)  жергiлiктi  бюджеттi  бекiту  (нақтылау)  кезiнде  қала,  аудан  (облыстық 

маңызы бар қала) мəслихаты сессияларының жұмысына қатысады; 

20)  республикалық  маңызы  бар  қалада,  астанада,  облыстық  маңызы  бар 

қалаларда орналасқан мəдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тəрбие 

беретiн  жəне  оқытатын  ұйымдардың,  мəдениет  мекемелерiнiң  қызметiн 

қамтамасыз етедi; 

21)  өз  құзыретi  шегiнде  елдi  мекендердi  сумен  жабдықтауды 

ұйымдастырады жəне су пайдалану мəселелерiн реттейдi; 

22)  елдi  мекендердi  абаттандыру,  жарықтандыру,  көгалдандыру  жəне 

санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады; 

23)  туысы  жоқ  адамдарды  жерлеудi  жəне  зираттар  мен  өзге  де  жерлеу 

орындарын  тиiстi  қалпында  күтiп-ұстау  жөнiндегi  қоғамдық  жұмыстарды 

ұйымдастырады.  

Əкiмдiк  Қазақстан  Республикасының  Конституциясы,  заңдары,  Қазақстан 

Республикасының  Президентi  мен  Yкiметiнiң  актiлерi,  өзге  де  нормативтiк 

құқықтық  актiлер  негiзiнде  жəне  оларды  орындау  орайында  қаулылар 

шығарады.  Əкiм  нормативтiк-құқықтық  сипаттағы  шешiмдер  жəне  əкiмшiлiк-

басқарушылық,  жедел  жəне  дербес  сипаттағы  мəселелер  бойынша  өкiмдер 

шығарады. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет