ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет200/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   389
 

10.7 Əкімшілік жауапкершілік  

Əкімшілік жауапкершілік – бұл заңды жауапкершіліктің бір түрі. Кез келген 

заңды  жауапкершілік  сияқты  құқыққа  қайшы  əрекет  салдарынан  құқық 

нормаларында бекітілген жағымсыз салдар болып табылады. 

Əкімшілік  жауапкершілік – Қазақстан  Республикасы  əкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы кодексінде(ҚР ƏҚБтК) көзделген əрекеттер үшін жеке жəне 

заңды  тұлғаларға  қатысты  əкімшілік  соттармен  жəне  мемлекеттік  құзыретті 

органдармен  (лауазымды  тұлғалармен)  қолданылатын  заңды  жауапкершіліктің 

бір  түрі.  Əкімшілік  жауапкершілік  өзге  заңды  жауапкершіліктің  түрлерінен 

ажыратуға мүкіндік беретін өзіндік ерекшеліктерге ие. Оларға: 

-  Əкімшілік  жауапкершілікке  тартудың  негізі  əкімшілік  құқық  бұзушылық 

жасау  болып  табылады.  Əкімшілік  құқық  бұзушылықтың  қылмыстан 

айырмашылығы  қоғамдық  қауіптілік  дəрежесінде.  Қауіптілік  дəрежесі  төмен 

құқық бұзушылықтарға сəйкесінше жеңілірек жазалау шаралары белгіленеді; 

-  ҚР  ƏҚБтК  сəйкес,  əкімшілік  құқық  жауапкершілікке  жеке  жəне  заңды 

тұлғалар тартылуы мүмкін;  

-  Əкімшілік  құзыреттілікке  ие  мемлекеттік  органдар  шеңберінің  кеңдігі.  Бұл 

ретте,  Қазақстандағы  əкімшілік  жауапкершілік  институтын  жетілдіру 

мақсатында  біраз  уақыттан  бері  əкімшілік  құқық  бұзушылықтар  бойынша 

мамандандырылған əкімшілік соттар жұмыс істейді.  

-  Қылмыстық  іс  жүргізу  бойынша  өндіріске  қарағанда  əкімшілік 

жауапкершілікке  тарту  тəртібі  қарапайым  нысанымен  ерекшеленеді,  оның 

басты  себебі  əкімшілік  құқық  бұзушылықтың  қоғамдық  қауіптілік  деңгейінің 



242 

 

төмен  болуы  жəне  оған  тез  жəне  үнемді  түрде  кері  жауап  қайтару 



қажеттілігінде; 

- Заңнамада бекітілген əкімшілік жазалау шаралары қылмыстық жауапкершілік 

түрлеріне қарағанда жеңілірек болып табылады; 

Əкімшілік 



жауапкершілікке 

тартылу 


соттылыққа 

(қылмыстық 

жауапкершіліктен  айырмашылығы)  немесе  жұмыстан  шығарылуға  əкеп 

соқпайды (тəртіптік жапапкершіліктен айырмашылығы).  

Əкімшілік  жауапкершілік  мəселелерін  реттейтін  негізгі  нормативтік-акт 

болып 2001 жылы 31 қаңтардақабылданған  Əкімшілік  құқық  бұзушылық 

туралы кодексі табылады.  

Əкімшілік  құқық  бұзушылық – бұл  жеке  адамның  əкiмшiлiк  жауаптылық 

көзделген  құқыққа  қарсы,  кiнəлi (қасақана  немесе  абайсызда  жасалған) iс-

əрекетi  не  əрекетсiздiгi  немесе  заңды  тұлғаның  құқыққа  қарсы  iс-əрекетi  не 

əрекетсiздiгi.   

Əкімшілік құқық бұзшылық əкімшілік жауапкершілікке тартудың құқықтық 

негізі  ретінде  өзінің  құрамына  ие  жəне  оның  элементтеріне:  объектісі, 

субъектісі, объективтік жəне субъективтік жағы жатады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет