ҚҰҚЫҚ негіздері


  Əкімшілік  бұлтарпау  шаралары –



Pdf көрінісі
бет198/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   389
2.  Əкімшілік  бұлтарпау  шаралары – заңдылық  пен  құқықтық  тəртіпті, 

азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғауды  қамтамасыз  ету 

процесінде    атқарушы  билік  органдары  қызметінің  маңызды  элементі. 

Əкімшілік  бұлтарпау  құқыққа  қайшы  əрекеттерді  жасауды  тоқтату, 

азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау,  сондай-ақ  қоғамдық 

тəртіпті  қорғау  мақсатында  ішкі  істер  органдары  жəне  арнайы  уəкілетті 

органдармен қолданылатын іс-шаралар кешенін құрайды.  Əкімшілік 

бұлтартпау  шарасын  қолданудың  мақсаты -  құқыққа  қайшы  əрекетті  тоқтату, 

бұзылған  тəртіпті  қалпына  келтіру.  Бұлтартпау  шаралары  барлық  тұлғаларға, 

соның  ішінде  əрекет  қабілеттілігі  жоқ  жəне  кəмелет  жасына  толмаған 

тұлғаларға, сондай-ақ иммунитеті бар тұлғаларға да қолданылады.  

 

 



Əкімшілік  бұлтартпау  шаралары  жеке  тұлғаға,  оның  мүлкіне,  ұйымдарға 

қолданылуы  мүмкін.  Аталған  шараларды  жүйелеудің  неғұрлым  классикалық 

тəсілі болып оларды физикалық əсер ету шаралары жəне материалдық əсер ету 

шаралары  деп  бөлу  табылады.  Бұлтартпау  шараларының  бір  мысалы 18 

қыркүйек 2009 жылғы  «Халықтың  денсаулығы  жəне  денсаулық  сақтау  жүйесі 

туралы» №193-ІV ҚР Кодексінде бекітілген мəжбүрлеп емдеу жатады. Мұндай 

емдеу сот шешімі бойынша қоғамға қауіпті аурумен ауыратын жəне емделуден 

жалтарып  жүрген  тұлғаларға  қатысты  қолданылады.  Мəжбүрлеп  емдеу 

мемлекеттік  бюджет  қаржысы  есебінен  жүзеге  асырылады  жəне  мынадай 

тұлғаларға қолданылады: 

-  алкоголизммен,  нашақорлықпен  немесе  уытқұмарлықпен  ауырады  деп 

танылған адамдарға; 

- туберкулезбен ауыратын науқастарға; 

-  психикасының  бұзылуынан  (ауруынан)  зардап  шегуші  адамдарға 

қолданылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет