ҚҰҚЫҚ негіздері


Алдын-ала ( сақтандыру)  ұстау -



Pdf көрінісі
бет199/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   389
Алдын-ала ( сақтандыру)  ұстау -  құқыққа  қайшы  əрекеттерді  тоқтату 

жəне  олардың  салдары  туралы  ескерту  мақсатында  жүргізілетін  уақытша  бас 




239 

 

бостандығынан  айыру.  Олардың  қатарына  айықтырғыштарға  орналастыруды, 



панасыз қалған кəмелетке толмағандарды ұстауды жатқызуға болады.  

Əкімшілік  бұлтартпаудың  арнайы  шаралары  тек  жеке  тұлғаларға  ғана 

жəне тек қатаң анықталған жағдайда, негізде қолданылады. Аталған шараларды 

қолдану  тек  құқық  қорғау  органдары  қызметкерлеріне,  мемлекеттік 

объектілерді  қорғау  кезінде  əскери  қызметшілерге  берілген.  Аталған  шаралар 

адамның  өзіне қол сұғылмаушылық құқығын бұзады, сондай-ақ бұл шараларды 

қолдану  адамның  денсаулығына  зиян  келтіруі  мүмкін,  сондықтан  да  оларды 

қолданудың негіздері мен тəртібі ҚР арнайы заңнамамен нақты реттелген.  

 

Арнайы шараларға жатады: физикалық куш қолдану; арнайы құралдарды 



жəне атыс қаруларын қолдану.  

Физикалық  күш  ретінде  күрес  тəсілдерін 

қолдану  танылады.  Арнаулы  құралдар – қоғамдық  тəртіпті  қорғау, 

азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарын  қорғау  бойынша  өздерінің 

өкілеттіктерін орындау кезінде ішкі істер органдары қызметкерлері қолданатын 

қорғану мен шабуылдау техникалық құралдарының арсеналы.  

 

 

Атыс  қаруларын  қолдануға  рұқсат  берілетін  жағдайлар:  азаматтарды 



қылмыстық  қол  сұғушылықтан  қорғау,  кепілдегілерді  босату;  ішкі  істер 

органдары қызметкерлеріне жасалған шабуылды тойтару; азаматтардың тұрғын 

үйлеріне,  ішкі  істер  органдары  қорғайтын  объектілерге,  мемлекеттік 

ұйымдардың ғимаратына жасалған шабуылды тойтару, қызметтік немесе əскери 

жасаққа  жасалған  шабуылды  тойтару;  қарсылық  көрсеткен  немесе  қылмыс 

жасау  үстінде  ұсталған,  қамаудан  қашуды  ұйымдастырған  тұлғаларды  ұстау, 

қаруланған тұлғаларды ұстау үшін; егер көлік жүргізушісі ішкі істер органдары 

қызметкерлерінің  заңды  талаптарына  бағынбаса  жəне  азаматтардың  өмірі  мен 

денсаулығына  қауіп  төндірсе,  көлік  құралдарын  оларға  зиян    келтіру  арқылы 

тоқтату;  аңдардың  шабуылынан  қорғану  үшін;  дабыл  белгісін  не  көмекке 

шақыру белгісін беру; сондай-ақ, қажетті қорғану мен аса қажеттілік туындаған 

барлық жағдайларда.Арнайы шараларды əйелдер мен кəмелетке толмағандарға 

қарсы  қолдануға  тыйым  салынады,  егер  олар  қарулы  шабуыл  жасау,  қарулы 

қарсылық  көрсету,  адамдарды,  көлік  құралдарын,  сондай-ақ  əуе  кемелерін 

кепілге алу немесе топтық шабуыл жасамған болса.   

Əкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  іс  жүргізуді  қамтамасыз  ету 

шаралары  əкімшілік  мəжбүрлеу  шараларының  ішінде  ерекше  орын  алады. 

Оларды  əкімшішілік  жауапкершілікке  тарту  барысында  құқық  қорғау 

органдары  қолданады  жəне  құқық  бұзушылықтың  алдын  алу  жəне  тоқтату 

бұлтартпаушаралар  сипатында  болуы  мүмкін.  Ондай  шаралардың  қатарына 

мыналарды жатқызуға болады: 

- əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу;  

- жеке адамды əкiмшiлiк түрде ұстау;  

- алып келу; 

- жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу; 



240 

 

- жеке тексерiп шығу жəне көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi жəне заттарды 



тексерiп шығу;  

-құжаттар мен заттарды алып қою;  

Көлiк  құралын  немесе  шағын  көлемдi  кеменi  жүргiзуден  шеттету  жəне  оның 

алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куəландыру;  

-көлiк құралын немесе  шағын көлемдi кеменi  ұстау, жеткiзу жəне пайдалануға 

тыйым салу;  

-тексеру;  

-жеке  адамның  алкогольмен,  есiрткiмен  немесе  уытқұмарлықпен  масаю  күйiн 

медициналық куəландыру.  

-заңды  тұлғаға  тиесiлi  үй-жайларды,  аумақтарды,  сондағы  тауарларды,  көлiк 

құралдарын жəне өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу;  

-заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;  

-заңды  тұлғаға  тиесiлi  тауарларға,  көлiк  құралдарына  жəне  өзге  де  мүлiкке 

тыйым салу немесе алып қою.  

Əкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары нақты мақсаттарға ие жəне 

сол мақсаттарға қол жеткізу мақсатында қолданылады: 

- əкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу; 

- əкімшілік құқық бұзушылық жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау; 

-  əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  жасалған  жерде  жасау  мүмкiн  болмағанда, 

əкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау; 

- iстiң уақытылы жəне дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының 

орындалуын қамтамасыз ету. 

Осылайша, əкімшілік құқық бұзушылықтың жасау фактісінің өзі əкімшілік-

құқықтық қамтамасыз ету шараларын қолдануға негіз бола алмайды.  

Мысалы, ең көп сұрақ тудыратын шаралардың бірі кей жағдайларда міндетті 

түрде  əкімшілік  құық  бұзушылық  жасаған  тұлғаны  емес,  кез  келегн  адамды 

оның  жеке  басын  анықтау  мақсатында,  құқық  бұзушылыққа  қатысы  жоқ 

жағдайларды  анықтау  мақсатында  да  қолданылатын  əкімшілік  ұстау  болып 

табылады.  Ұстаудың  мұндай  түрлері  жеткілікті  негіздерсіз  жүргізілетіндіктен 

заңсыз болып табылады. 

Жоғарыда  қарастырылған  шаралардың  барлығы    қандай  да  бір  рəсімдерді 

сақтау қажеттілігімен байланысты.  

Мысалыəкiмшiлiк  ұстау  ƏҚБтК-те  көрсетiлген  мақсаттарға  қол  жеткiзу  үшiн 

қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады жəне үш сағаттан ұзақ болмауы керек. 

Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттiк  шекарасының  режимiн,  шекара  жəне 

кеден  режимдерін  немесе  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  шекарасы 

жəне  кеден  одағының  кедендік  шекарасы  арқылы  өту  бекетiндегi  режимдi 

бұзғаны  туралы,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  континенттiк 

қайраңындағы,  аумақтық  суларындағы  (теңізіндегі)  жəне  ішкі  суларындағы 

əкiмшiлiк  құқық  бұзушылық  туралы  iс  қозғалған  адам - қажет  болған 




241 

 

жағдайларда жеке басын анықтау үшiн жəне құқық бұзушылықтың мəн-жайын 



анықтау  үшiн  бұл  туралы  ұсталған  кезден  бастап  жиырма  төрт  сағат  iшiнде 

прокурорға  жазбаша  хабарланып,  қырық  сегiз  сағатқа  дейiн  ұсталуы  мүмкiн. 

Төтенше  жағдай  жарияланған  жерде  коменданттық  сағат  енгiзiлуiне 

байланысты  белгiленген  тəртiптi  бұзуға  жол  берген  адамдарды  iшкi iстер 

органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе əскери сақшылар коменданттық 

сағат  аяқталғанға  дейiн,  ал  қолдарында  құжаттары  жоқтарды - олардың  кiм 

екенiн  анықтағанға  дейiн,  бiрақ  қырық  сегiз  сағаттан  аспайтын  уақытқа  ұстай 

алады (ҚР ƏҚБтК 620-624 б.б.) 

Адамның  жеке  басын  тексерудi  тексерiлушiмен  бiр  жыныстағы  адам  жəне 

осы жыныстас екi куəгердiң қатысуымен жүргiзе алады.  

Көлiк  құралдарын  тексерудi,  яғни  құрылғылық  тұтастығын  бұзбай  жүзеге 

асырылатын  тексерудi  екi  куəгердiң  қатысуымен  уəкiлдiк  берiлген  лауазымды 

адамдар  жүргiзедi.  Əкімшілік  іс  жүргізуді  қамтамасыз  ету  шараларының 

барлығы хаттама жасаумен жəне хаттамада құқық бұзушы туралы мəліметтерді 

көрсету арқылы қамтамасыз етіледі.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет