ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері



Pdf көрінісі
бет253/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   389
12.2 Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері 

      Қылмыстық  іс  жүргізудің  субъектілерін  дұрыс  анықтау,  оларды  арнайы 

топтарға бөлу өте маңыздыболып табылады. «Мемлекеттің міндеті мен қызметі 

қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды 

міндеттердің  қатарына  жататын  іс  құқықтық  тəртіп  пен  заңдылықты, 

адамдардың  құқығын,  бостандығын,  мемлекеттік  жəне  мемлекеттік  емес 

бірлестіктердің,  еңбек  ұжымдарының  мүдделерін  қорғау,  қылмыспен  күресу. 

Бұның  барлығы  іс  жүргізу  құқығы  саласына  жатады.  Сондықтан,  іс  жүргізу 

құқығында  құқық  қолдану  іс-əрекеті  құқық  қорғау  органдарының    көмегімен 

іске асырылады». 

8

 



       Қазақстан    Республикасының  құқық  қорғау  органдары  дегеніміз,  бұзылған  

құқықты  орнына  келтіруге,  заң  бойынша  міндеттің  орындалуын  қамтамасыз 

етуге  бағытталған  мемлекеттік  органның  мəжбүрлеу  қызметі.  Осы  шараларды 

қолдау  үшін  ерекше  құқық  қорғау  органдары  құрылады.  Құқық  қорғау 

органдарының  жұмысы  тек  заң  шеңберінде  ғана  жүзеге  асырылады  жəне  олар 

мемлекеттің  заңдылық  негіздерін  орнықтыру  мен  құқық  тəртібін  нығайтуға 

жəрдемдеседі. 

«Құқық  қорғау  органдары  құқық  қорғайтын  жəне  қоғамдық  тəртіп  пен 

құқықтық  тəртіпті,  заңдылықты  қорғауды  қамтамасыз  ететін  органдарға 

бөлінеді.  Мысалы  нотариус,  адвокатура    т.б.  сияқты  органдар  құқық  қорғау 

органдарына жататындықтарымен олар қоғамдық тəртіпті сақтауды қамтамасыз 

етумен айналыспайды. Ондай органдарға ең алдымен  полиция жəне ішкі істер 

органдарының  ішкі  əскер,  патрульдік  қызметтегі  секілді,  қоғамдық  тəртіпті 

сақтау  үшін  құрылған  бөлімдер  жатады.  Құқық  қорғау  органдарының 

қызметтеріне: 1) конституциялық  бақылау; 2) əділ  соттылық; 3) соттардың 

ұйымдастырылуын  қамтамасыз  ету; 4) прокурорлық  қадағалау; 5) қылмысты 

 

8

 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы,  Алматы: «Жеті жарғы» 2010. – 192-193 беттер. 




311 

 

                                                



анықтау жəне тергеу; 6) заң көмегі жəне қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты 

іс-əрекеттер жатады».

9

 

Құқық  қорғау  органдарының  ішінде  тікелей  қылмыстық  іс  жүргізу 



процесіне  қатысатын  субектілер  бар.  Олардың  өкілеттіктері  ҚР  ҚІЖК-ң 2 

бөлімінде  «Қылмыстық  процеске  қатысушы  мемлекеттік  органдар  мен 

тұлғалар»  деп  белгіленген. «Қылмыстық  процеске  қатысушылар  деп 

қылмыстық  істерді  тергеуге  жəне  қарауға  өздерінің  немесе  өздері  білдіретін 

құқықтар  мен  заңды  мүдделерді  қорғауы  мақсатымен  мемлекеттік  органдар 

тартатын  немесе  қатыстыратын  жəне  іс  жүргізушілік  пен  құқықтар  берілген 

жеке жəне заңды тұлғаларды, қылмыстық сот ісін жүргізуге өкілетті лауазымды 

адамдар мен мемлекеттік органдарды, сондай ақ қосалқы функциялар атқаратын 

адамдар  мен  органдарды  түсіну  керек».

10

  Ал  ҚР  ҚІЖК-  де    «процеске 



қатысушылар»  деп - қылмыстық  iзге  түсудi  жəне  сотта  айыптауды  қолдауды 

жүзеге  асыратын  органдар  мен  адамдар,  сондай-ақ  қылмыстық  iс  бойынша  iс 

жүргiзу  кезiнде  өздерiнiң  немесе  өздерi  бiлдiретiн  құқықтар  мен  мүдделердi 

қорғайтын  адамдар:  прокурор  (мемлекеттiк  айыптаушы),  тергеушi,  анықтау 

органы,  анықтаушы,  сезiктi,  айыпталушы,  олардың  заңды  өкiлдерi,  қорғаушы, 

азаматтық  жауапкер,  оның  заңды  өкiлi  мен  өкiлi,  жəбiрленушi,  жеке 

айыптаушы,  азаматтық  талапкер,  олардың  заңды  өкiлдерi  мен  өкiлдерi  деп 

көрсетілген.    

       Қылмыстық  іс  жүргізу  субъектілері  деп,  қылмыстық  процеске  қатысатын 

барлық  органдар  мен  тұлғаларды  айтуға  болады,  қылмыстық  іс  бойынша 

жүргізілетін  сот  өндірісіне  байланысты  олардың  мақсаттары  əртүрлі 

болғанымен,  қылмыстық  іс  жүргізу  заңдылығына  сəйкес  əр  қайсының 

құқықтары мен міндеттері бар. Қылмыстық іс жүргізу субъектілерінің ұғымын 

анықтау,  ең  алдымен  қылмыстық  іс  жүргізу  процесінде  жүзеге  асыратын 

олардың құқықтары мен міндеттерінің көлемін анықтау үшін қажет. 

 Заң  əдебиеттерінде  қылмыстық  іс  жүргізудің  «субъектілері»  жəне 

«қатысушылары»  деген  терминдерге  ғалымдардың  əртүрлі  дау  дамай 

көзқарастарын  кездестіруге  болады.  Процесс  субъектілері  мен  қатысушылары 

деп  бөлу  біршама  жасанды  сипат  алып  отыр,  себебі  құқық  қатынастарына 

қатысушылардың  кез  келгенінде  құқықтар  да,  міндеттер  де  бар. 

Айырмашылығы  аталған  құқықтар  мен  міндеттердің  сипаты  мен  бағытында. 

Қылмыстық іс жүргізу субъектілерін төмендегідей топтастыруға болады: 

       1)  Мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды  тұлғалар  сот,  судья,  прокурор,  

тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органының бастығы, анықтаушы. 

 

9

 Сол жерде 193 бет. 



10

 Төлубекова Б.Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім: Оқулық -Алматы: 

«Жеті жарғы» 2000. – 234-235 беттер. 

 



312 

 

       2)  Сот  əділдігі  шешімінің  орындалуына  қатысатын  азаматтар,  қоғамдық 



бірлестіктер  мен  еңбек  ұжымдарының  өкілдері  (мысалы,  алқа  заседательдері, 

қоғамдық қорғаушылар, қоғамдық айыптаушылар).  

       3)  Іс  жүргізудің  қатысушылары  (сезікті,  айыпталушы  жəне  сотталушы, 

олардың  қорғаушылары  мен  өкілдері,  жəбірленуші,  азаматтық  талапкер  жəне 

азаматтық жауапкер, олардың өкілдері). 

       4) Қылмыстқ іс жүргізуге қатысушы өзге де субъектілер (куə, сарапшылар, 

мамандар,  аудармашылар,  сот  отырысының  хатшысы,  куəгер,  сот  приставы, 

медиатор т.б.). 

       Қылмыстық іс жүргізудің кейбір субъектілеріне тоқталып өтейік. Қазақстан 

Республикасының  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінде  «қылмыстық  процестi 

жүргiзушi  орган» - сот,  сондай-ақ  қылмыстық  iс  бойынша  iстi  сотқа  дейiн 

жүргiзу  кезiнде  прокурор,  тергеушi,  анықтау  органы,  анықтаушы  деп 

белгіленген. 

       Сот. Сот (судья) - қылмыстық процестің басты субъектісі болып табылады. 

Сот  қылмыстық  істерді  сотта  қарау  жəне  шешу  жолымен  сот  əділдігін  жүзеге 

асырады.  Сондай  ақ  сот  билігі  сотта  іс  жүргізудің  азаматтық  жəне  заңмен 

белгіленген  өзге  де  нысандары  арқылы  да  жүргізіледі.  Сот  билігін  жүргізу 

алқабилердің қатысуымен де жүзеге асырылуы мүмкін. 

       Қазақстан  Республикасының  Конституциясының 75-бабында  «Қазақстан 

Республикасында  сот  төрелігін  тек  қана  сот  жүзеге  асырады»  деп  көрсетілген. 

Ата заңымыздың 7-бөлімі сот жəне сот төрелігіне арналған. Соттарда қаралатын 

істердің  көпшілігі  азаматтық  істер  болып  табылады.  Бұлар - азаматтық, 

отбасылық,  еңбек,  тұрғын  үй,  экологиялық,  қаржы,  салық  жəне  ведомствалық 

бағыныстағы  соттардың  қарастылығына  жатқызылған  басқа  да  құқық 

қатынастарынан туындайтын даулар. 

        ҚР ҚІЖК-ң 7-тарауы сот мəртебесіне арналған, онда кез-келген қылмыстық 

iс  соттың  заңды,  тəуелсiз,  құзыреттi  жəне  бейтарап  құрамымен  ғана 

қаралатындығы  белгіленген.  Қазақстан  Республикасында  қылмыстық  iстер 

бойынша сот төрелігін:  

     - Жоғарғы Сот;  

     - облыстық жəне оларға теңестiрiлген соттар;  

     - аудандық жəне оларға теңестірілген соттар; 

     - қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар, 

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық əскери соттар, 

кəмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық 

соттар, гарнизондардың əскери соттары жүзеге асырады. 

 Сот өкілеттілігі заңмен нақты айқындалған: 

       1)  адамды  қылмыстың  жасалуына  кінəлі  деп  тануға  жəне  оған  жаза 

тағайындауға; 



313 

 

       2)  адамға  медициналық  сипаттағы  мəжбүрлеу  шараларын  не  мəжбүрлеп 



тəрбиелік ықпал ету шараларын қолдануға; 

      3)  төмен  тұрған  сот  қабылдаған  шешімнің  күшін  жоюға  немесе  оны 

өзгертуге; 

       4) тергеушінің, анықтау органының, прокурордың айыпталушыға, күдіктіге 

қатысты  үйде  қамауда  ұстау,  қамауға  алу  түріндегі  таңдаған  бұлтартпау 

шараларына санкция беруге жəне олардың мерзімін ұзартуға; 

      5)  сот  актілерін  жаңадан  анықталған  мəн-жайлар  бойынша  қайта  қарауға; 

       6) күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргізу үшін 

медициналық  ұйымға  мəжбүрлеп  орналастыру  туралы  шешім  қабылдауға 

құқықты.  

 

       Сонымен қатар, егер істі сотта қарау кезінде қылмыс жасауға, азаматтардың 



құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзуға  ықпал  еткен  мəн-жайлар,  сондай-ақ 

анықтау, алдын ала тергеу барысында жол берілген басқа да заң бұзушылықтар 

анықталса,  сот  жеке  қаулы  шығарып,  онда  заңды  бұзудың  қажетті  шаралар 

қабылдауды  талап  ететін  осы  мəн-жайлар  мен  фактілерге  тиісті  ұйымдардың 

немесе  тұлғалардың  назарын  аударады.  Егер  сот  мұны  қажет  деп  тапса,  басқа 

жағдайларда  да  жеке  қаулы  шығаруға  құқығы  бар.  Судья  сот  төрелігін  іске 

асыру  кезінде  тəуелсіз  жəне  Конституция  мен  заңға  ғана  бағынады.  Сот 

төрелігін  іске  асыру  жөніндегі  соттың  қызметіне  қандай  да болсын  араласуға 

жол  берілмейді,  жəне  ол заң  бойынша  жауапкершілікке  əкеп  соғады.  Нақты 

істер  бойынша  судьялар  есеп  бермейді.  Қазақстан  Республикасының 

Конституциясында судьялар басшылыққа алатын нақты қағидалар белгіленген. 

Сот  төрелігінің  принциптері  Республиканың  барлық  соттары  мен  судьяларына 

ортақ жəне бірыңғай болып табылады.                

        Істі  сот  орындарында  қарау  мен  шешу  Конституцияның 77-бабында 

аталған төмендегі принциптерге негізделеді. 

-  адамның  кінəлі  екендігі    заңды  күшіне  енген  сот  үкімімен  танылғанша 

ол жасалған қылмысқа кінəлі емес деп есептеледі; 

-  бір  құқық  бұзушылық  үшін  ешкімді  де  қайтадан  қылмыстық  немесе 

əкімшілік жауапқа тартуға болмайды; 

-  өзіне  заңмен  көзделген  соттылығын  оның  келісімінсіз  ешкімнің 

өзгертуіне болмайды; 

-  сотта əркім өз сөзін тыңдауға құқылы;  

-  жауапкершілікті  белгілейтін  немесе  күшейтетін,  азаматтарға  жаңа 

міндеттемелер  жүктейтін  немесе  олардың  жағдайын  нашарлататын 

заңдардың  кері  күші  болмайды.  Егер  құқық  бұзушылық  жасалғаннан 

кейін  ол  үшін  жауапкершілік    заңмен  алынып  тастаса    немесе 

жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады; 

-  айыпталушы өзінің кінəсіздігін  дəлелдеуге міндетті емес; 




314 

 

-  ешкім  өзіне-өзі,  жұбайына  жəне  заңмен  белгіленген    шектегі  жақын 



туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес; 

-  адамның  кінəлі  екендігі  жөніндегі  кез    келген  күдік  айыпталушының 

пайдасына қарстырылады; 

-  заңсыз  тəсілмен  алынған  айғақтардың  заңды  күші  болмайды.  Ешкім 

өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 

- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. 

       Қазақстан Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң білімі бар, 

заң  мамандығы  бойынша  кемінде  екі  жыл  жұмыс  стажы  бар  жəне  біліктілік 

емтиханын  тапсырған  азаматтары  судья  бола  алады.  Қазақстан  Республикасы 

Жоғарғы  Сотының  Төрағасын  жəне  судьяларын  Жоғары  Сот  Кеңесінің 

кепілдемесіне  негізделген  Республика  Президентінің  ұсынуымен  Сенат 

сайлайды.  Жергілікті  жəне  басқа  да соттардың  төрағалары  мен  судьяларын 

Жоғары  Сот  Кеңесінің  кепілдемесі  бойынша  Республика  Президенті  қызметке 

тағайындайды.   

 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет