ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет255/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   389
бөлімінің 

бастығы 

қылмыстық 

іс 

жүргізудегі 



негізгі 

қатысушылардың  бірі  болып  табылады.  Тергеу  бөлімінің  бастығының 

процессуалдық  өкілеттіктері  Қылмыстық  іс  жүргізу  заңында  белгіленген. . 

Тергеу  бөлiмiнiң  бастығы  деп,  алдын  ала  тергеудi  немесе  сотқа  дейінгі 

жеңілдетілген  іс  жүргізуді  жүзеге  асыратын  органның  тергеу  бөлiмшесiнiң 

бастығы  жəне  өз  құзыретi  шегiнде  iс-əрекет  жасайтын  оның  орынбасарларын 

айтамыз (ҚР ҚІЖК-ң 63-бап). 

      Тергеу бөлiмiнiң бастығы: 

-  тергеу  iсiн  жүргiзудi  немесе  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс  жүргізуді 

тергеушiге тапсыра алады; 

-  тергеушiлердiң  жүргiзуiндегi  қылмыстық  iстер  бойынша  олардың  дер 

кезiнде iс-əрекет жасауына бақылау жасайды; 

-  тергеушiлердiң  алдын  ала  тергеу  жəне  күзетпен  ұстау  мерзiмдерiн 

сақтауына бақылау жасайды; 

-  прокурор  нұсқауларының,  заңды  белгiленге  басқа  да  тергеушiлер 

тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды;  

- iстер бойынша нұсқаулар бередi;  

- алдын ала тергеу жүргiзудi бiрнеше тергеушiге тапсыра алады; 




319 

 

-  заңда  көзделген  жағдайларда  тергеушiнi iс  бойынша  iс  жүргiзуден 



шеттете алады;  

- өз құзыретi шегiнде өзiне бағынысты алдын ала тергеудi жүзеге асырушы 

органның  бiр  тергеу  бөлiмшесiнен  қылмыстық  iстi  алады  жəне  алдын  ала 

тергеудi жүзеге асырушы сол не өзге де өзiне бағынысты органның басқа тергеу 

бөлiмшесiне бередi;  

- аяқталған қылмыстық iстердi прокурорға жолдай алады. 

       Сонымен  қатар,  тергеу  бөлiмiнiң  бастығы  қылмыстық  iс  қозғауға, 

қылмыстық  iстi  өзiнiң  iс  жүргiзуiне  алуға  жəне  бұл  орайда  тергеушiнiң 

өкiлеттiгiн  пайдалана  отырып,  жеке-дара  алдын  ала  тергеу  жүргiзуге  немесе 

сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуге құқығы бар. 

       Тергеу  бөлiмi  бастығының  өкілеттіктері  тергеушінің  дербестігін  шектей 

алмайды.  Тергеуші  тергеу  бөлімі  бастығының  нұсқауларымен  келіспеген 

жағдайда  прокурорға  шағым  түсіре  алады,  осы  арқылы  тергеуші  өкілеттігінің 

тұтастығына  жəне  оған  берілген  құқықтардың  толық  жүзеге  асуына  кепілдік 

береді. 

       Тергеу бөлімі бастығының процессуалды өкілеттігін екі түрге бөле аламыз. 

Бірінші  түрге,  нақты  қылмыстық  істі  тергеудегі  проуессуалдық  бақылау 

тəсілдері  жатады.  Екіншісін,  оған  бағынышты  тергеушілерді  процессуалды 

басқаруға бағытталған тəсілдер құрайды. 

       Тергеуші.  Қылмыстарды  тез  жəне  толық  ашу,  кінəлілерді  əшкерелеу 

міндеттерін  шешуде,  қылмыс  жасағаны  үшін  міндетті  түрде  жауапкершілікке 

тарту  қағидасының  жүзеге  асырылуын  қамтамасыз  етуде  тергеуші  елеулі  роль 

атқарады.  Тергеушінің  ұлттық  Қауіпсіздік  Комитетінің,  ішкі  істер 

органдарының  жəне  қаржы  полициясының  лауазымды  тұлғасы  ретіндегі  іс- 

əрекетінің  мазмұны  қылмыстылықпен  күресу  міндеттерімен  анықталады.  

Тергеуші  анықтау  органының  жедел  қызметкерлерімен  əрекеттесе  отырып, 

анықталған  қылмыстарды  ашу  жөніндегі  жұмысқа  бірінші  болып  кіріседі. 

Қылмыстылықпен күресудің тиімділігі көбінесе оның бастамашылығына, кəсіби 

даярлығының  деңгейіне,  моральдық  қасиеттеріне  байланысты.  Бірақ,  тергеуші 

сонымен қатар заңға қызмет етеді. Оның алдын ала тергеуді жүргізу жөніндегі 

барлық 

іс-əрекеті 

қатаң 

түрде 


заңға 

бағындырылған.  

Қылмыстық  процессуалдық  заң  қылмыстарды  ашуға  жəне  оларды  жасаған 

тұлғаларды  əшкерелеуге  бағытталған  қандай  да  бір  əрекеттерді  жүзеге  асыру 

тəртібін реттей отырып, тергеушінің өкілеттіктерінің көлемін, оның құқықтары 

мен міндеттерін бекітеді. 

       ҚР ҚІЖК-ң 64-бабына сəйкес: Тергеушi - өз құзыретi шегiнде қылмыстық iс 

бойынша  алдын  ала  тергеудi  немесе  сотқа  дейінгі  жеңілдетілген  іс  жүргізуді 

жүзеге  асыруға  уəкiлеттiк  берiлген  лауазымды  адам:  арнайы  прокурор, iшкi 

iстер  органдарының  тергеушiсi,  ұлттық  қауiпсiздiк  органдарының  тергеушiсi 

жəне қаржы полициясы органдарының тергеушiсi деп белгіленген. 



320 

 

      Тергеуші  істің  мəн-жайын  жан-жақты,  толық  жəне  объективті  зерттеуге 



барлық  шараларды  қолдануға,  оның  қылмыс  жасағандығын  көрсететін,  оған 

қатысты жеткілікті дəлелдер жиналған адамды айыпталушы ретінде тарту, айып 

тағу, заңға сəйкес оған жолын кесу шараларын таңдау, айыптау қорытындысын 

жасау жолымен оны қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға міндетті. 

       ҚР  ҚІЖК 64-бабына  сəйкес  тергеуші,  заңда  прокурордың  санкциясынан 

немесе  соттың  шешімінен  алу  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  тергеудің 

бағыты  мен  тергеу  іс - əрекеттерін  жүргізу  туралы  барлық  шешімдерді  дербес 

қабылдайды  жəне  олардың  заңды  жəне  уақытылы  атқарылуы  үшін  толық 

жауапты  болады.  Тергеушінің  қызметіне  заңсыз  араласу  қылмыстық 

жауаптылыққа əкеп соқтырады. Сонымен қатар, тергеулік іс əрекеттер жүргізу 

барысында 

ешбір 


адамның 

қадір-қасиетіне 

қол 

сұғылмауы 



керек.  

Барлық  тергеулік  іс  əрекеттер  заңға  сəйкес  жүргізілуі  керек.  Себебі,  Ата 

заңымыздың 17-бабында: «Ешкімді  азаптауға,  оған  зорлық-зомбылық  жасауға, 

басқадай  қатігездік  немесе  адамның  қадір-қасиетін  қорлайтындай  жəбір 

көрсетуге  не  жазалауға  болмайды» - деп  тікелей  көрсетілген.  Өкінішке  орай, 

кейбір  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлері  бұл  норманы  көп  жағдайда  

сақтай бермейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет