ҚҰҚЫҚ негіздері


Анықтау органы жəне анықтаушы



Pdf көрінісі
бет256/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   389
       Анықтау органы жəне анықтаушы. 

ҚР ҚІЖК 65-бабына сəйке анықтау органдарына: 

  

      1) iшкi iстер органдары;  



 

      2) ұлттық қауiпсiздiк органдары; 

  

      3) алып тасталды - ҚР 2012.01.18 N 547-IV   Заңымен



 

      4) қаржы полициясы органдары;  

 

       5)  контрабанда  жəне  кеден  төлемдерiн  төлеуден  жалтару  туралы  iстер 



бойынша - кеден органдары;  

 

      6) 



Қазақстан 

Республикасының 

Қарулы 

Күштерiнде, 

Қазақстан 

Республикасының  басқа  да  əскерлерi  мен  əскери  құралымдарында  шақыру 

немесе  келiсiмшарт  бойынша  əскери  қызметiн  өткеріп  жүрген  əскери 

қызметшiлер;  əскери  жиындардан  өту  кезiнде  запастағы  азаматтар;  əскери 

бөлiмдердiң,  құрамалардың,  мекемелердiң  азаматтық  персоналы  өздерінің 

қызметтiк  мiндеттерiн  орындауына  байланысты  немесе  осы  бөлiмдердiң, 

құрамалардың  жəне  мекемелердiң  орналасқан  жерiнде  жасаған  барлық 

қылмыстар  туралы  iстер  бойынша – əскери  полиция  органдары  анықтау 

органдары болып табылады. 



321 

 

       Сондай-ақ  арнаулы  мемлекеттік  органдардың  қызметкерлері  жасаған 



барлық  қылмыстар  туралы  істер  бойынша – Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің 

əскери полиция органдары; 

7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңдарды 

8)  бұзу туралы iстер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  

континентальдық  шельфiнде  жасалған  қылмыстар  туралы  iстер  бойынша - 

шекара бөлiмдерiнiң командирлерi;  

 

     9) 


Қазақстан 

Республикасының 

Қарулы 

Күштерiнде, 

Қазақстан 

Республикасының басқа да əскерлерi мен əскери құрамаларында шақыру немесе 

келiсiм-шарт  бойынша  əскери  қызметiн  атқарып  жүрген  өздерiне  бағынысты 

əскери қызметшiлер, сондай-ақ олар əскери жиындар өткеру кезiнде запастағы 

азаматтар  жасаған  барлық  қылмыстар  туралы  iстер  бойынша;  əскери 

бөлiмдердiң,  құрамалардың,  мекемелердiң  азаматтық  қызметкерлерi  олардың 

өзiнiң  қызметтiк  мiндеттерiн  атқаруына  байланысты  немесе  осы  бөлiмдердiң, 

құрамалардың  жəне  мекемелердiң  орналасқан  жерiнде  жасаған  қылмыстары 

туралы  iстер  бойынша - əскери  полиция  органы  болмаған  жағдайда  əскери 

бөлiмдердiң, 

құрамалардың 

командирлерi, 

əскери 

мекемелер 

мен 

гарнизондардың бастықтары; 



 

       10)  өздерiнiң  қызметкерлерi  болған  елдерiнде  жасаған  қылмыстар  туралы 

iстер  бойынша - Қазақстан  Республикасы  дипломатиялық  өкiлдiктерiнiң, 

консулдық мекемелерiнiң жəне өкiлеттi өкiлдiктерiнiң басшылары; 

 

       10-1)  күзет  іс-шаралары  өткізілетін  аймақта  жасалған  жəне  тізбесі  Заңда 



белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған қылмыстар туралы 

істер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі; 

 

       11)  өртке  байланысты  барлық  қылмыстар  туралы  iстер  бойынша - өртпен 



күресу қызметiнiң басқару органдары мен бөлiмшелерi жатады. 

 

           Анықтау  органының  бастығы  болып,  қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінде 



көзделген (190-1 жəне 285-баптарында) қылмыстар туралы iстер бойынша сотқа 

дейiнгi iс  жүргiзу  барысында  анықтау  органы  бастығының  өкiлеттiгiне  өз 

құзыретiнiң шегiнде Бас басқарманың (Департаменттiң), басқарманың, анықтау 

органы бөлімінің бастығы жəне олардың орынбасарлары ие болады (ҚР ҚІЖК-ң 

66-бабы). 

      Анықтау  органының  бастығы  қылмыстың  белгiлерi  мен  оны  жасаған 

адамдарды  анықтау,  қылмыстарды  болдырмау  жəне  жолын  кесу  мақсатында 

қажеттi  қылмыстық  iс  жүргiзу  жəне  жедел  iздестiру  шараларын  қолдануды 

ұйымдастырады. Жедел-іздестіру қызметінің қылмыстық істі дұрыс шешу үшін 



322 

 

                                                



маңызы  болатын,  нақты  деректері  бар  нəтижелерін  қылмыстық  іске  қосу  үшін 

қылмыстық  іс  жүргізуші  органның  талап  етуі  бойынша  не  өз  бастамасымен 

заңда белгіленген тəртіппен жібереді. Заңда      анықтау органының бастығының 

басқа да өкілеттіктері көрсетілген. 

      Анықтаушы - өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi 

iс  жүргiзудi  жүзеге  асыруға  уəкiлеттi  мемлекеттiк  лауазымды  адам  болып 

табылады (ҚР ҚІЖК-ң 67-бабы). Анықтаушы қылмыстық процессуалдық заңда 

айқындалған  нысандарда  сотқа  дейiнгi iс  жүргiзудiң  басталуы  жəне  жүзеге 

асырылуы  туралы  шешiм  қабылдауға,  заңда  оларды  анықтау  органы 

бастығының бекiтуi, прокурордың, соттың санкциялары немесе соттың шешiмi 

көзделген  жағдайларды  қоспағанда,  дербес  шешiмдер  қабылдауға  жəне  тергеу 

мен басқа да iс жүргiзу əрекеттерiн жүргiзуге құқылы. 

       Сонымен қатар, заңда анықтаушының міндеттері де көрсетілген. Олар: 

-  анықтаушы,  алдын  ала  тергеу  жүргiзiлуi  мiндеттi  қылмыстық  iстер 

бойынша  кiдiртуге  болмайтын  жағдайларда  анықтау  органы  бастығының 

тапсырмасы  бойынша  қылмыстық  iс  қозғауға,  сондай-ақ  шұғыл  тергеу 

əрекеттерi  мен  жедел  iздестiру  шараларын  жүргiзуге,  ол  туралы  жиырма  төрт 

сағаттан  кешiктiрмей  прокурор  мен  алдын  ала  тергеу  органын  хабардар  етуге 

мiндеттi; 

-  анықтаушы  соттың,  прокурордың,  алдын  ала  тергеу  органының  жəне 

анықтау  органының  жекелеген  тергеу  əрекеттерін  жүргізу  туралы,  қылмыстық 

процеске  қатысушы  адамдардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  шараларын 

қолдану туралы тапсырмаларын орындауға міндетті;  

-  үкімді  азаматтық  талап  қою,  басқа  да  мүліктік  жазалар  немесе  мүмкін 

болатын  мүлікті  тəркілеу  бөлігінде  орындауды  қамтамасыз  ету  мақсатында 

анықтаушы  сезіктінің,  айыпталушының  немесе  заң  бойынша  олардың  əрекеті 

үшін материалдық жауаптылықта болатын адамдардың мүлкін анықтауға шара 

қолдануға міндетті; 

- анықтау органы бастығының нұсқаулары анықтаушы үшiн мiндеттi.  

        Қылмыстық процесс субъектілерінің ішінде, іс жүргізуге қатысушылардың 

алатын  орны  ерекше. «Сезікті,  айыпталушы,  қорғаушы,  жəбірленуші,  жеке 

айыптаушы,  азаматтық  талапкер,  азаматтық  жауапкер  бұлардың  барлығы  өз 

құқықтары  мен  мүдделерін  немесе  өздері  білдіретін  құқықтар  мен  мүдделерді 

қорғап қылмыстық үрдіске қатысушылар деп аталады» 

11

 

Қылмыстық  процеске  қатысушылар  ретінде  сезікті  мен  айыпталушының 



процессуалдық  мəртебесін  анықтау  өте  маңызды  болып  табылады.  Біздің 

елімізде  сезіктілер  мен  айыпталушылардың  құқықтарын  тиісті  түрде 

қамтамасыз  ету  мəселелеріне  заңгер  мамандардың  тарапынан  баяу  көзқарас, 

қазіргі  таңдағы  қылмыстылықтың  жоғары  деңгейі,  сот  тергеу  тəжірибесіндегі 

 

11

 Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Оқу құралы,  Алматы: «Жеті жарғы» 2010. – 235 бет. 




323 

 

                                                



орын  алатын  сот  қателіктері  бұл  мəселеге  аса  үлкен  жауаптылықпен  қарауды 

талап етеді. 

12

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет