ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет382/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   389
Оқу  пəні  ретінде    ғылыми  тұрғыдан  жұртшылық  мойындаған  тау-кен 

құқығы  туралы  ақпарат  беріледі,  студенттің  болашақта  жұмыс  жасауы  үшін 

қажетті білімдер баяндалады.  

Ғылым саласы ретінде тау-кен құқығы өзі реттейтін қоғамдық қатынастар 

тобының  даму  заңдылықтарын,  осы  саладағы  құқықтық  категориялардың 

анықтамаларын  берумен,  белгілерін  айқындаумен,  аталған  қатынастар  тобын 

ары  қарай  жетілдірумен  байланысты  мəселелерді  ғылыми  теориялық  тұрғыдан 

зерттейді.  

Тау-кен құқығы жалпы бөлімінің жүйесі келесі институттардан тұрады:  

- Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығының институты; 

- Жер қойнауын пайдалану жəне қорғау саласындағы мемлекеттік басқару;  

- Жер қойнауын пайдалану құқығы; 

-  Жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  жəне  жер  қойнауына  мемлекеттік 

меншік құқығын қорғау.   

Тау-кен құқығының ерекше бөлімінің инсититуттары: 

- Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық тұрғыдан зерттеу; 

- Кең таралмаған пайдалы қазбалар кенін пайдалану құқығының институты; 

- Кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалану құқығының институты; 



541 

 

-  Пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты  емес мақсаттарға арналған  



жер қойнауын пайдалану құқығының институты.  

Тау-кен  құқықтық  қатынастарын  төмендегі  критерийлер  бойынша 

топтастыруға болады:   

1.  Қатынастың  сипаты  мен  құрылымы  бойынша  абсолюттік  жəне 

салыстырмалы деп бөлінеді. 

2.  Жер  қойнауын  пайдалану  мақсаты  бойынша: пайдалы  қазбалар  кенін 

қорғау  жəне  пайдаланумен  байланысты  құқықтық  қатынастар; жер  қойнауы 

байлықтарын жер асты құрылысы жəне өндіріс қалдықтарын көму үшін ұсыну;  

жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеу жəне т.б.  

3.  Мазмұны  бойынша:  құқықтық  қатынас  субъектілерінің  құқықтары  мен 

міндеттері.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет