ҚҰҚЫҚ негіздері


Тау-кен құқығының қалыптасу тарихы



Pdf көрінісі
бет383/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   389
 

Тау-кен құқығының қалыптасу тарихы 

Адамзаттың  дамуы,  өмір  сүруі,  тіршілік  етуі,  құлдырауы  мен  қасіреті 

табиғат  байлығымен  тығыз  байланысты,  сондықтан  да  қоғам,  тірі  организм 

ретінде  табиғат  ресурстарын  өздерінің  материалдық  жəне  материалдық  емес 

қажеттіліктері үшін өндіреді жəне тұтынады. 

Бəрімізге  белгілі,  қазіргі  таңдағы  Қазақстан  территориясында  жер 

қойнауын  пайдалану  бірнеше  мыңдаған  жылдар  бойы  жүзеге  асып  келеді. 

Мысал үшін, Андронов мəдениеті дəурінің ерте (XVII-XVI ғ.ғ. б.з.д.) жəне орта 

(XV-XII  ғ.ғ.  б.з.д.)  кезеңдеріндегі  қола  дəуірінде,  қазіргі  кездегі  Қазақстан 

территориясының  аймағында  алғашқы  нысандағы  мыс  (Жезқазған,  Зыряновск, 

Қаршыға,  Жалтыр,  Ашылы,  Күшікбай),  мырыш  (Атасу  таулары,  Қалбын  жəне 

Нарын  бөктері),  жəне  алтын  (Степняк,  Қазаншұқыр,  Балажал,  Ақжал,  Дəйбай, 

Майкөпшеғай,  Ақабек)  сияқты  металлдар  өндірілген.  Бұл  жерлер  ежелгі 

кездердің  жер  қойнуынан  пайдалы  қазбаларды  алуға  негізделген  металургия 

орталықтары  ретінде  қалыптасқан.  Өкінішке  орай  тарих  беттеріне  бұл  

қатынастар қалай реттеліп отырғаны туралы беймəлім, бірақ нық сеніммен  бұл 

жерлер ежелгі, сол тау кен орындарында мекендейтін  Андронов тайпаларының  

қарамағында жəне қорғауында болды деп  толық айтуға  негіз бар [1].  

Кейінірек бұл қоғамдық қатынастар,  яғни жерді жəне жер қойнауын игеру, 

Петрлік  кезеңдегі  ресейдің  алғашқы  актілеріне  дейін,  қазақтың  əдет-ғұрып 

құқығымен  реттеліп  отырған.  Осылайша,  кейбір  алғашқы    қазақ  əдет-ғұрып 

құқығын зерттеушілер, мысалы, А.Й.Мякутин (1910жыл), А.Х. Гольмстендердің 

(1902жыл)  пікірінше,  қоғамдық  меншіктің  ережесіне  сай,  жерлер  жекелеген 

«ордаларға,  руларға  жəне  тайпаларға»,  кейіннен  хандарға  жəне  оның 

қарамағындағыларға  жеке  меншік  ретінде  тиесілі  болған.  Бұл  кезеңде  «жер» 

мен  «жер  қойнауы»  ұғымдарының    арасында  ерекшелік    болмаған,  өйткені 

соңғысы  алғашқысының  ұғымынан  ары  кете  алмаған.  Қазақ  əдет-ғұрыпында 

«біреудің мүлкін рұқсатсыз пайдаланғаны» үшін жауапкершілік қарастырылған, 




542 

 

көбінесе бұндай жауапкершіліктер кімде-кім өз еркімен «тастарды қазу əрекетін 



жасаған  тұста» [2], яғни  жерден  немесе  жер  қойнауынан  қандайда  бір  затты 

өндіруде  қолданылған.  Қазақ  əдет-ғұрып  құқығының  осы  ережелеріне  сəйкес 

«тас»  ұғымының  астарында,  жерден  өндіріліп  алынған  кез-келген  минералдық 

шикізат жəне пайдалы қазбалар болуы мүмкін.  

Бөтеннің  мүлкін  теріс  пайдалану  үшін  жауапкершілік,  соның  ішінде  жерді 

пайдалану,  баршаға  белгілі  құжаттарда  негіз  тапқан.  С.Өзбекұлы  Тəуке  хан 

билігі  тұсын  жəне  «Жеті  Жарғы»  құқықтық  шежіресін  зерттей  келе,  өзінің 

еңбегінде «жеті ереженің» бірін, Қазанғап Байболұлының құрастырылған «Төле 

бидің тарихы» дастанында мысалға келтіреді [3]: 

«Жер дауы, баяндайтын, біріншісі, 

Ру, қоныспен меншікті ісі. 

Иеленген жеріне жанжал болса, 

Біреуге басымдылық қып озбыр кісі». 

Кейіннен Петр І-нің Ресей империясын билеп тұрған тұсынан бастап Кеңес 

Одағы  ыдырағанға  дейін  жерге  жəне  жер  қойнауына  меншікті  билеу,  иелену 

жəне  пайдалану нормативтік жəне басқа да түрлі құқық жүйесіндегі, негізінен 

жер жəне таукен  саласындағы актілермен реттеліп отырған. 

Осылайша,  жер  қойнауын  пайдаланудың  мемлекеттік  жəне  қоғамдық 

тұрғыда реттелуі мəселелері əр кезде де Еуразия кеңістігінде маңызға ие болып 

отырған. Бұл қатынастарды реттеу Қазақстан территориясында мемлекеттіліктің  

түрлі  даму  кезеңдерінде,  қоғамның  саяси  құрылысына,  əлеуметтік-

экономикалық  базисіне  жəне  мемлекеттің  идеологиясына  сай  əр  қилы  жүзеге 

асты.  Осы  қатынастарды  ғылыми  тұрғыда  зертеу  саяси,  экономикалық  жəне 

əлеуметтік  институттармен бірге жүзеге асырылып отырды. Осыларға негізделе 

келе  Қазақстанның  жер  қойнауын  жəне  жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау 

құқығының  тарихы  мен  негізгі  кезеңдерін  елдің  дамуына  сəйкес  үш  кезеңге 

бөліп қарастыруға болады:  

  Қазақстанның  Ресей  империясының  қол  астындағы  кезең (XVIII ғ. 30-

жылдары мен 25 қазан 1917 жыл.);  

  Кеңес Одағы тұсындағы кезең (қазан 1917 жыл - желтоқсан 1991 жыл);   

  КСРО-ның ыдырауынан кейінгі (Қазақстанның жаңа тарихы кезеңі) кезең 

(25-қазан 1990 жылдан бастап). 

Тарих  беттерінен  белгілі  болғандай  Қазақстанның  Ресей  империясының 

бодандығына  бірінші  болып XVIII ғасырдың 30-жылдары  Кіші  жүздің  ханы 

Əбілхайырдың (1731жыл),  кейін  Орта  жүздің (1732-1740ж.ж.),  оның  соңынан 

ХІХ ғасырда  Ұлы жүздің (1824жыл) енуімен аяқталды. 

Сонымен,  Қазақстанда  Жер  қойнауы  туралы  заңнаманың  бірінші  кезеңі, 

мемлекеттің Ресей империясының құрамында болуы жəне 25 қазан 1917 жылы, 

яғни Қазан төңкерілісі оқиғасына дейінгі аралықты қамтиды.  



543 

 

Осы орайда, Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енбей тұрып, 1700 



жылы 24 тамызда Петр І-мен «Кен өндіру ісі Бұйрығын ұйымдастыру туралы» - 

деген атаулы бұйрық шығарылған, ол бойынша: «Мəскеудегі  алтын жəне күміс 

жəне басқа да кен істерін окольнич Алексей Тимофеевич Лихачев жүргізсін, ал  

дьяка  Козма  Борин  Үлкен  Қазынаның  Кен  Істеріне  байланысты  Бұйрықтар 

шығарсын» делінген. Бұл Ресейдің таукен-геологиясы қызметінің пайда болған 

күні болып есептеледі, бірақ ол 1711 жылы таратылып оның таукенді қадағалау 

функциясы губернаторларға берілді. 

Одан əрі: 2 қарашада 1700 жылы «Мəскеу мемлекетіндегі алтын, күміс, мыс 

жəне  басқа  да  кендерді  іздеу  туралы»  патша  Жарлығы  шықты; 15 желтоқсан 

1717 жылы «Кен іздеу мен кен өңдеудегі еркін кəсіпкерлік туралы» Петр І-нің 

Жарлығы  шықты; 10 желтоқсан 1719 жылы  патша  Жарлығымен  Берг-

коллегиясы мемлекеттендірілді; 26 масым 1724 жылы «Таукен зауыттарындағы 

жұмысшыларды  қамсыздандыру  туралы»  Петр  І-нің  жарлығы  шықты; 1806 

жылы    «Тау-кен  ережесінің»  жобасы  жасалды; 1807 жылы  таукен  өндірісі 

иелеріне,  олардың  жұмысшыларына  зиян  немесе  жазатайым  оқиға  жағдайы 

орын  алатын  болса  азаматтық  жəне  қылмыстық  жауапкершілік  қарастырылды; 

1818  жылы  кен  орнындағы  жұмысшылардың  мертігуі  немесе  зиян  алуы  орын 

алатын  болса    таукен  өндірісі  иелерін  сотқа  беру  туралы  шешім  қабылданды; 

1832  жылы  Ресей  империясының  Таукен  Жарғысы  қабылданды  жəне  осы  акт 

келер 1842, 1857, 1893, 1912 жəне 1914 шығатын жаңа редакциядағы актілерге 

негіз  болды; 1887 жыл  мен 1891 жыл  аралығында  бір  қатар  актілер  бекітілді   

«Таукен  жұмыстарында  қолданылатын  жарылғыш  заттарды  қолданудың 

уақытша ережесі туралы», «Маркшейдерлік өндіріс жұмыстары туралы нұсқау», 

«Таукен  жұмыстарын  түріне  байланысты  қауіпсіз  жүргізу  туралы  Ереже»; 9 

наурыз 1882 жылы  таукен  зауыты  инспекциясы  құрылды; 1904 жылы  «Таукен 

зауыттарында  жұмыс  істеу  барысында  жазатайым  оқиғалардың  алдын  алу 

туралы  Ереже»; 31 тамыз 1911 жылы    жаңа  «Таукен  жұмыстарын  түріне 

байланысты  қауіпсіз  жүргізу  туралы  Ереже»  қабылданды.  Осы  Петрлік  кезең 

мен  Қазан  төңкерілісіне (1917 жылы)  дейін  бір  қатар  басқа  да  құқықтық  жəне 

техникалық маңызға ие жəне  маңызға ие емес актілер қабылдады [4]. 

Бұл Ресей империясының нормативтік  құқықтық актілері 200 жылдан астам 

уақыт  аралығында  қабылданып,  жер  қойнауын  құқықтық  реттеу    саласындағы 

негіздерді  қалыптастырды.  Бұл  актілердің  құқықтық  күші  Қазақ  жерлеріне  де 

таралғандығына,  Петр  І-нің  тұсында  Алтай  аймағындағы  қазба  байлықтардың 

патшалыққа  белгілі  болғаны,  дəлел  бола  алады.  Осылайша 1715 жылы 

И.Д.Бухгольдің,  1720 жылы А.Т.Лихачевтің бастаған  экспедициялары Шығыс 

Қазақстан  аумағындағы  жер  қойналарын  игеруге  бастама  болды.  Шығыс 

Қазақстандағы  күміс  жəне  мыс  кендерін  іздеу 1761 жылы  жəне 1786 жылы 

шыққан патша Жарлығының арқасында бастама алды. Бұл кезде кен орындарын 

алғашқы  болып  ашқандарға  берілетін  сыйақы  екі  есеге  өскен  еді. 




544 

 

Алғашқылардың  қатарынан  болып  темірші  Зырянов  болды,  ол  1791 жылы 



«Зырянов»  кен  орнын  ашты.  Ал 1786 жылы  Ф.Риддер  экспедициясы  дəл  осы 

аймақтан  полиметалл  кен  орнын  тапты.  Риддерлік  кен  орны  жаңа  кен 

орындарын  барлау мен іздеуге бастау болды, мысалы, 1812 жылы  Крюковский, 

1817  жылы    Филипповский, 1820 жылы    Сокольный  кен  орындары  ашылды. 

ХІХ ғасырдың ортасына қарай Риддерлік кен орнының қарамағында 20-ға жуық 

кен орны болды. Бұл кен орындарының  құрамында тек қорғасын мен мыс қана 

емес  сонымен  қатар  алтын  мен  күміс  те  болды.  Таукен  өнеркəсібі XVIII 

ғасырдың  екінші  жартысынан XIX ғасырдың  бірінші  жартысына  дейін  Алтай 

Кен өңірінің экономикасының басты көзі болып отырды. Кейінірек 1905 жылы 

Риддерлік кен орны тобы австрилік компания «Турн жəне Таксиске» сатылды, 

ал 1914 жылы кен орын ағылшындардың меншігіне өтті [5].  

XVIII  ғасырдан  бастап  Капий  маңы  ойпатының  оңтүстік  шығыс  бөлігінде 

зерттеулер  басталды.  Бұл  төңіректегі  алғашқы  геологиялық  жəне  табиғат 

байлықтары  туралы  мағұлыматтар 1768 жылы    құрылған  бірінші  ғылыми 

экспедицияның  есептерінде  көрініс  тапқан.  Оның  құрамында  орыстың  атақты 

ғалымдары,  атап  айтқанда – С.Г.Гмелин,  Н.И.Лепехин,  П.С.Паллас  жəне  тағы 

басқалары болды. Осыдан кейін 1911 жылы Ресей империясының Геологиялық 

комитеті жыл сайын осы Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігіне геологиялық 

зерттеу  экспедициясын  жіберетін  болды.  Бұл  экспедицияның  басында - 

Н.Н.Тихоновичев, С.И.Миронов, А.Н.Замятин жəне тағы басқалары тұрды. Осы 

зерттеулердің нəтижесінде Каспий  маңы  ойпатының оңтүстік шығыс бөлігінен 

«тұзкөмкермелі»  табиғат  жыныстар  табылды,  аймақтың  мұнайға  мол  екендігі 

анықталды жəне бір қатар мұнай кен орындарының картасы сызылды, сонымен 

қатар  қазіргі  Атырау  облысының  аймағында, 1911 жылы  Доссор  мұнай  кен  

орнын  жəне 1915 Мақат  мұнай  кен  орнын  жасау  қолға  алында.  Бұл  жер 

қойнауына  байланысты  операциялар  азамат  соғысының  əсерінен  уақытша 

тоқтатылып, кейіннен тек 1923 жылы ғана қайта қолға алынды  [6]. 

Осындай  істермен  жарыса  ғылым  мен  білім,  мамандар  даярлау  ісі  де 

дамытылды. Мəселен ІІ Екатерина патшалық еткен кезеңде 26 мемлекеттік жəне 

169 «партикулярлық»  зауыттарда  училищелер  құрылған  соң,  Ресейдегі  жəне 

шетелдегі арнайы оқу орындарын бітірген ресейлік мамандар еңбек ете бастады. 

Училищелерде геология, минералогия саласында жəне пайдалы қазбалар орнын 

іздеу  мен  барлау  жөнінде  жұмыстар  жариялау,  жүйелеу,  жинақтау  істері 

жандандырылды.  Ресей  жəне  шетел  авторларының  арнайы  жəне  жалпылау 

мақсатында  жазылған  бірқатар  ғылыми  еңбектері  даярланып,  жарық  көрді. 

Мысалы:  жеті  кітаптан  тұратын  «Тау-кен  сөздігі», «Турф  туралы», 

«Кобальтнама», «Қымбат бағалы тастар туралы», «Металлдардың бастауы мен 

жаралуы» деген  жəне т.б. бір қатар еңбектер жарық көрді [7]. 




545 

 

Жоғарыда  келтірілген  нормативтік  актілердің  маңызы  сонда,  олардың 



Қазақстанда  мемлекеттіліктің  дамуының  келесі  кезеңінде  құқықтың  осы 

саласының дамуына негіз болуында.  

Жер  қойнауы  жəне  оны  пайдалану  құқығы  дамуының  екінші  кезеңі 

Кеңестік  кезең  болып  саналады (1917 жылдың  қазан  айы – 1991 жылдың 

желтоқсан айы). Бұл кезең Қазақстандағы құқықтық жағдайға зор əсерін тигізді. 

Дəл  осы  кезеңде  елімізде  жер  қойнауын  игеру  мен  жер  қойнауын  пайдалану 

саласының дамуына құқықтық негіз салынып, жүйеге түсті. 

ХХ – ғасырдың  басында  Кеңес  Одағының  жер  қойнауын  игеруді 

жалғастыру  мен  тау-кен  құқығының  дамуына  жол  ашқан  маңызды  құқықтық 

актісі 1927 жылдың 9 қарашасында  қабылданған  КСРО-ның  Тау-кен  ережесі 

болды. Елу жылдай қолданыста болған бұл акт пайдалы қазбалар орнын игеру 

мен  жер  қойнауын  басқарудың    тəртібін  нақтылап  реттеп  отырды.  Дəлірек 

айтқанда,  осы  ереже  бойынша  КСРО  ХШБК  құзырына  мынадай  істер 

тапсырылды: елдің кен байлығын еркін есептеу, пайдалы қазбалар кен орнына 

өкім жүргізу мен жалпыодақтық деңгейдегі геологиялық жұмыстар жүргізу; кен 

өнеркəсібінің жұмысын қадағалау [8]. Тау-кен ережесінде барлық азаматқа жəне 

жəне заңды тұлғаларға пайдалы қазбалар орнын іздеуге, барлауға жəне өңдеуге 

құқық  беретін  «кен  бостандығы»  қағидасы  да  қарастырылды.  Бұл  акт 30-

жылдардың  орта  шеніне  дейін  кен  орнын  концессияға,  соның  ішінде  шетелдік 

жер қойнауын пайдаланушыларға да, беру нəтижесіне тірек болды. Нақты дерек 

көздеріне сүйене отырып Н.Б.Мұхитдинов пен С.П.Мороз бұл туралы мынадай 

пікір  келтіреді: 1921 жылдан 1927 жылға  дейін    кен  өндіру  өнеркəсібінде 

концессиялық 25 кəсіпорын  ашылған,  солардың  алғашқыларының  бірі 

Оралдағы  асбест  кен  орнын  өңдеумен  шұғылданған  «Аламерика»  біріккен 

америкалық  компаниясы  болған.  Бұл  зерттеушілердің  көрсетуінше, «бұл 

кезеңдегі  концессиялық  шарттарда  концессионерлердің  кен  орынын  ұтымды 

өңдеуі,  алынған  кенді  байыту  мен  тасымалдауды  қатамасыз  етуі  арнайы 

ескертілген».  Бұған  дəлел  ретінде  «Лена-Голдфилс  Лимитед»  ағылшын 

акционерлік  қоғамын  жасасқан  келісімнен  айғақ  келтіруге  болады.  Келісім 

бойынша, егер көмір қоры концессионердің осы келісімде белгіленген қажетінің 

мөлшерінен  асып  түссе,  Кузбастағы  концессияға  берілген  Кисилев  көмір  кен 

орнының  бөлігін,  қайтарылған  телім  одан  ары  ұтымды  əрі  дербес  пайдалану 

талабына  сай  болатындай  етіп,  мерзімінен  бұрын  мемлекеттік  шаруашылық 

органдарының қарауына қайтару мүмкіндігі қарастырылған [9, 15-16 б.].  

  Кейіннен КСРО-дағы жер қойнауын тек кеңес мемлекеттік кəсіпорындары 

ғана  игеретін  болды.  Бұл – елеулі  дəрежеде  экономиканың  дамуына  əсер  етті, 

құқықнамалық əрекеттің тоқырауына жол берді. Дəл осы себептен 1927 жылғы 

Тау-кен ережесімен ұзақ уақыт 48 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесі 1975 жылы 

9 шілдеде жалпыодақтық құқықтық жаңа акт – Жер қойнауы туралы КСРО мен 

одақтас  республикаоардағы  заңнама  негіздерін  (мұнан  былай  Жер  қойнауы 




546 

 

туралы  заңнама  негіздері)  қабылдағанға  дейін  жер  қойнауын  пайдалану 



саласындағы қатынастар реттелуге мəжбүр болды. 

Жер қойнауы туралы заңнама негіздері 51 баптан, 11 бөлімнен тұрады. Бұл 

– жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастардың кең шеңберде реттейтін 

байсалды  акт  болды.  Жер  қойнауы  туралы  заңнама  негіздерінде  тек  КСРО 

қарауына  ғана  жататын  мəселелердің  тізімінде  түзілді.  Олар:  КСРО 

Конституциясына  сəйкес  КСРО-ның  уəкілеттігін  жүзеге  асыру  үшін  қажет 

шекте жер қойнауының тұтас мемлекеттік қорына билік жүргізу; жер қойнауын 

пайдалану мен қорғау саласындағы  бірегей техникалық саясатты анықтау жəне 

негізгі қағидаларын белгілеу; жер қойнауын қорғау мен минералды ресурстарды 

ұтымды  пайдаланудың  жалпы  одақтық  жоспарын  жасау;  жер  қойнауын 

пайдалану  мен  қорғауды,  жер  қойнауын  геологиялық  зерттеу  жұмыстарын 

мемлекеттік  қадағалаумен  бақылау  жəне  осы  қадағалау  мен  бақылауды 

жүргізудің  тəртібін  белгілеу.  Одақтас  республикалардың  құзырына  мына 

мəселелер  қалдырылды:  одақтас  республика  аумағының  шегіндегі  жер 

қойнауының тұтас мемлекеттік қорына билік жүргізу; жер қойнауын пайдалану 

мен  қорғаудың  тəртібін  белгілеу;  жер  қойнауын  қорғау  мен  минералды 

ресурстарды ұтымды пайдалануды жоспарлау; жер қойнауын пайдалануға, жер 

қойнауын  геологиялық  зерттеу  жұмыстарына  мемлекеттік  қадағалау  мен 

бақылау жүргізу; КСРО-ның құзырына енбейтін басқа да мəселелер (КСРО Жер 

қойнауы туралы заңнама негіздерінің 6-бабы). 

Бүкілодақтық  заңнамалық  акт  одақтас  республикаларды,  соның  ішінде 

Қазақстанда, жер қойнауы жəне оны пайдалану құқығының дамуына 48 жылдық 

тоқыраудан  соң  нақты  жол  ашты. 1975-1977 ж.ж.  одақтас  республикалардың 

бəрінде  жер  қойнауы  туралы  кодекстер  қабылданды.  Қазақ  КСР  жер  қойнауы 

туралы  кодексі 1976 жылдың 4 тамызында  қабылданып, 1977 жылдың 1 

қаңтарынан  бастап  күшіне  енді.  Сөйтседе,  жер  қойнауын  пайдалану 

саласындағы  қатынастарды  реттеудегі  республика  құзыры  жалпы  сипттамада 

болды,  оның  өзі  КСРО-ның  құзырына  енбеген  аса  маңызды  емес  мəселелерге 

ғана қатысты болды. 

1976 жылғы Қазақ КСР жер қойнауы туралы кодексі жер қойнауы жəне оны 

пайдалану құқығының Қазақстанда дамуының екінші кезеңінде (Кеңестік кезең) 

экономикамыздың  маңызды  саласындағы  қатынастарды  реттеген  құқықтық 

соңғы  акт  болды.  Оның  мазмұнында  жер  қойнауын  пайдалану  саласындағы 

қатынастарды реттейтін аса маңызды нормалар бар.   

Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғаудың  дамуының  үшінші  кезеңі 

Қазақстанның  өзінің  егемендігін  алғаннан  кейінгі  қазіргі  заман  тарихынан 

басталады.  Бұл  кезең  өз  бастауын  Қазақ  КСР  Жоғарғы  кеңесінің  қаулысымен 

1990  жылдың 25 қазанында  қабылдаған  «Қазақ  Кеңестік  Социалисттік 

Республикасының  мемлекеттік  егемендігі  туралы  декларациядан»  алады. 

Декларацияда  «Қазақ  КСР-інің  қазіргі  бар    шекара    территориасы  бөлінбейді, 




547 

 

оған  қол  сұғылмайды  жəне  мемлекеттің  келісімінсіз  пайдалануға  болмайды» 



деп  жарияланды (3-бап).  Мұнан  соң  мынадай  мəселе  анықталды: «Жер  жəне 

оның  қойнауы,  су,  əуе  кеңістігі,  өсімдіктер  мен  хайуанаттар  дүниесі,  басқа  да 

табиғи  ресурстар,  халықтың  мəдени  жане  тарихи  қазыналары,  бүкіл 

экономикалық,  ғылыми-техникалық  потенциал – Республика    егемендігінің 

негізін  құрай  отырып,  оның  ерекше  меншігінде  болады» (9-бап).  Осылайша 

егеменді мемлекеттіліктің, саяси, құқықтық жəне экономикалық егеменділіктің 

жаңа дəуірі басталды [10]. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы 

кеңесі  «Қазақстан  Республикасының  тəуелсіздігі  туралы»  конституциалық  заң 

қабылдады. Бұл Заңның 11-бабында: «Жер жəне оның қойнауы, су, əуе кеңістігі, 

өсімдіктер  мен  хайуанаттар  дүниесі,  басқа  да  табиғи  ресурстар,  экономикалық 

жəне ғылыми-техникалық потенциал ҚР-ның айрықша меншігінде болады» деп 

мəлімденді [11].    

Қазақстан  Республикасында  егемендік  жəне  тəуелсіздік  алумен,  нарықтық 

қатынастарға 

шығумен 

байланысты 

минералдық 

шикізат 


кешенін 

пайдаланудың  тіптен  жаңаша  саясатын  даярлау  қажеттігі  туды.  Жүргізілген 

саяси  жəне  құқықтық  реформалардың,  жаңа  қаржылық  жəне  экономикалық 

институттар  қалыптасуының  нəтижесінде  минералды  шикізат  қорын 

пайдаланудың  анағұрлым  жетілген  жүйесі  түзілді,  соның  негізінде  жоғары 

технологиялық  өнеркəсіптің  дамуына  жол  ашылды.  Саяси  тұрақтылық,  білімді 

адамдардың  əлеуеті,  сондай-ақ  икемді  заңнамалық  негіз  елде  инвестициялық 

ахуалдың  жақсаруына  да  əсер  етті.  Осының  бəрі  тəуелсіздіктің  алғашқы 

жылдарында-ақ  елеулі  халықаралық  инвестициялар  тартуға  мұнай,  газ,  көмір 

жəне  басқа  да  минералдық  шикізаттарға  бай  жер  қойнауы  телімдерінде  жер 

қойнауын  пайдалану  жөнінде  маңызды  келіссімшарттар  жасауға  мүмкіндік 

берді. 


Тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдарда  жəне  нарықтық  экономикалық 

қатынастарға көшу уақытысында жер қойнауын ұтымды əрі кешенді пайдалану  

саласына  көптеп  бөліне  бастады. 1991 жылы  қабылданған  «Қазақ  КСР-нің 

қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  туралы»  заңы, 1992 жылы  қабылданған  «Жер 

қойнауы жəне минералдық шикізатты қайта өңдеу кодексі» жер қойнауын басқа 

табиғат  объкетілерінің  қатарына  қойып  оны  жас  тəуелсіз  мемлекеттің 

материялдық  негізі  деп  таныды. 28 қаңтар 1993 жылғы  ҚР-ның 

Конституциясында  жер  қойнауы  тек  қана  мемлекеттік  меншік  деп  танылды. 

Дегенмен,  жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы  қатынастарды 

реттейтін арнайы заңнамалық актілерде жер қойнауын қорғау туралы нормалар 

айтарлықтай  дəрежеде    көрініс  таппады.  Олардың  көбі  тек  декларативтік 

сипатта  болды.  Заңдар  кен  орнын  пайдалану  ахуалының  жағдайын  жəне 

олардың  шаруашылық  нəтижелерінің  реттелуіне  үстемдік  таныта  алмады.  Бұл 

заңдарда  өнеркəсіптер,  ұйымдар  жəне  азматтар  тарапынан  жер  қойнауын 

шарушылық  емес  мақсатта  пайдалану  əрекеті  байқалғанда  жасалатын  шынайы 



548 

 

жəне  тиімді  құқықтық  жауапкершіліктер  қарастырылмады.  Осындай 



жағдайлардың  нəтижесі  заман  талабы  ретінде,  мемлекет  тарапынан  жер 

қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  саласында  жаңа  нормативтік  құқықтық 

актілердің қабылдануы қажет екенін көрсетті.  

Осындай  актілердің  алғашқысы  ретінде 1994 жылы 8 тамызда  ҚР-ның 

Министрлер  Кабинетінің  қаулысымен  бекітілген    «ҚР-да  жер  қойнауын 

пайдалануды  лицензиялау  тəртібі  туралы  ереже»  болды.  Ережедегі  жер 

қойнауын  пайдалануға  рұқсат  беретін  лицензияда  мынадай  бірқатар,  жер 

қойнауын  геологиялық  зерттеулер  жүргізу  жұмыстары,  пайдалы  қазбалардың 

кен  орнын  игеру,  өндірумен  байланыссыз  жер  асты  құрылыстарын  салу  жəне 

пайдалану,  таукен  өндірісінің  қалдықтарын  пайдалану  жəне  осылармен 

байланысты  қайта  өңдеу  өдірістері  жəне  жер  қойнауын  басқа  да  мақсаттарда 

пайдалану.  

Бұл Ереже жер қойнауын қорғау қатынастарының  одан əрі дамуына жəне 

жетілуіне  септігін  тигізуде  үлкен  маңызға  ие  болды.  Онда  алғаш  рет, 

құқықшығармашылық тəжірибеде, жер қойнауын пайдалану құқығының  пайда 

болуының негізіндегі мəселелерге нақтылық пен анықтылық енгізілді. Ережеде, 

берілген  лицензия  лицензиатты  заңды  тұрғыда  нақты  бір    жер  қойнауын 

пайдалану  құқығын  бөлінген  жер  учаскесінде  жүзеге  асыруды  жəне 

келісімшарттың  шарттары  мен  жасалу  мерзімдерін  айқындауды  қарастырады 

деп көрсетілген. Лицензияға қайшы келетін келісімшарттың шарттар жарамсыз 

болып  табылады.  Осылайша  заңшығарушы  жер  қойнауын  пайдалану 

құқығының туындауында күрделі əрі ерекше тəртіп енгізді, осының арқасында 

жер қойнауы құқықтық қорғау объектісі сипатына енгендей болды. 

Қазіргі  заманғы  жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы 

қатынастарды  реттеу  құқықшығармашылық  тəжірибесінде  пайдалы  қазбалар 

кен  орнының  бөлек  түрлеріне  байланысты  шығарылған  заң  актілер  тізбегіне 

сəйкес  жүзеге  асып  келеді.  Мысалы, 1995 жылы 20 шілдеде  қабылданған  

«Бағалы  металлдармен  жəне  бағалы  тастармен  байланысты  қатынастарды 

мемлекеттік  реттеу  туралы»  ҚР-ның  Президентінің  Жарлығы, 28 маусым 1995 

жылы қабылданған «Мұнай жəне газ туралы»

 

 заңы.       



Осыдан  соң  тəжірибе  жер  қойнауын  жəне  бөлек  пайдалы  қазбаларды 

пайдалану  мен  қорғауды  реттеуге  бағытталған  заңнамалық  жəне  басқа  да 

нормативтік құқықтық актілерді қабылдаулар жалғасады деген үмітте болатын. 

Бұл  бəрінен  бұрын  экономикалық  тұрғыда  əртүрлі  болатын  пайдалы 

қазбалардың  құқықтық  жағдайын  анағұрлым  дұрыс  жəне  тиімді  анықтауға 

септігін  тигізеді.  Бұл  кезде  Г.Б.Ахмеджанованың  пікірінше, «қазіргі  кезде 

«Қатты  пайдалы  қазбалар  туралы  (кең  таралғаннан  басқасы)», «Кең  таралған 

пайдалы  қазбалар  туралы»  жəне т.б.  деген сияқты заңнамалық актілерді жасап 

оны  қабылдау керек. Өйткені  көмір кен орнын пайдалану мен қорғау жағдайы 

құм кен орнын пайдалану мен қорғаудан айтарлықтай өзгешелеу екені даусыз. 




549 

 

Сондықтан  жоғарыда  аталған  нормативтік  актілерді  қабылдау  таукен 



қатынастарын реттеуде үлкен маңызға ие»  деген [12]. 

Бұл  жылдары  елде  жер  қойнауын  көбінде  жерасты  құрылыстарын  салу 

үшін, өндіріс қалдықтарын көму үшін жəне т.с.с. қолданылды. Осы салададағы 

пайда болған қоғамдық қатынастарға мəселелер спецификалық сипаттағы жəне 

өзіндік  бір  заңнамалық  актілердің  ережелері  болуын  талап  етті.  Оған 

байланысты  тек  «Радиоактивті  қалдықтарды  көму  тəртібі  туралы»  заң 

қабылданды.  Басқа  қалдықтарға    қатысты  не  болды  десеңіз,  олар  құқықтық 

реттеу  аясынан  тыс  қалды.  Осыған  байланысты  елде  тағы  да  басқа  өндірістік 

жəне  тұрмыстық  қалдықтарды  көмуге  байланысты  нормативтік  актілердің 

қабылдануы  қажеттілгі  туындады.  Өйткені  мұндай  нормативтік  актілердің 

қажеттілігі  елдегі  экологиялық  ахуалдың  күрт  нашарлауы  жəне  де  өндірістік 

жəне тұрмыстық қалдықтардың көбеюі белең алған болатын.  

Осыған  қоса  жерасты  құрылыстарын  салу  тəртібін  бір  ретке  келтіру 

мəселесі  де  қаралуы  керек  болатын,  өйткені  бұған  байланысты  туындайтын 

қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  нормалар  əр  түрлі  бөлек  заңдарда, 

қаулыларда  жəне  т.б.  актілерде  көрініс  тапқан  болатын.  Бұл  жер  қойнауын 

қорғау тиімділігін арттырмайды. 

Жер  қойнауын  пайдалы  қазбалар  кен  орнын  игерумен  байланыссыз 

мақсатта  пайдалану  оның  туындау  тəртібінде,  өзгеру  тəртібінде  жəне  тоқтау 

тəртібінде  бір қатар үлкен ерекшеліктерге ие. Спецификалық сипатқа құқықтық 

қатынасқа  түсуші жер қойнауын  пайдаланушы субъектілердің құқықтары мен 

міндеттері  де  ие.  Сондықтан  жер  қойнауын  қорғаудың  тиімділігін  арттыру 

мəселесі  түгелімен  шешімін  таппады,  өйткені  таукен  қатынастары  тиісті 

заңнамалық актілерге ие емес болатын.  

Жер  қойнауын  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы  қатынастардың  дамуы 

мен  жетілуіне  маңызды  серпін  қосқан 1996 жылы 27 қаңтарда  қабылданған 

«Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы 

Президентінің Жарлығы болды [13].  

Бұл  жарлық  жер  қойнауы  мен  жер  қойнауын  пайдалануға  байланысты  бір 

қатар өзара байланыстылыққа жауап беруге тырысты: 

  жер қойнауын меншік құқығы объектісі ретінде тану туралы; 

  жер қойнауын пайдалану саласындағы атқарушы органдардың өкілеттігі 

туралы; 

  жер қойнауын пайдалану құқығына жəне барлау мен өндіруге лицензия 

беру туралы; 

  барлау мен өндіруге келісімшарттар жасау туралы; 

  жер қойнауын жəне қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы. 

Айта  кететіні,  жер  қойнауының  алдынғы  заңнамалық  жүйесіне,  адам  мен 

азаматтың  мүддесі  жер  қойнауын  игеруге  рұқсат  беретін  мемлекет  пен  оның 

органдары  мүддесіне  бағыну  қағидасы  тəн  болатын.  Осыған  сай  экологиялық-




550 

 

экономикалық  жүйеде  жер  қойнауын  игеру  мен  пайдалы  қазбаларды  өндіру 



бірінші кезекте, ал оларды қорғау екінші кезектегі элемент болды [14]. Бұл Жер 

қойнауы  туралы  заңнаманың  адамдардың  мемлекет  пен  оның  органдары 

арасындағы    қарым-қатынастағы  құқықтарына  басымдық  беруінің  арқасында 

Жарлықта мынадай норманың пайда болуына əкеп соқты, яғни «жер қойнауын 

қорғаудың  маңыздылығының  бастыларының  бірі  ол  халықтың  өмірі  мен 

денсаулығын  қорғау»  делінген  норма.  Осыған  сай  лицензия  беруші  орган 

лицензиат өзінің қызметін жүзеге асыру барысында жүйелі түрде немесе қатаң 

түрде  заңнаманың  жер  қойнауын  жəне  қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау, 

жұмыстарды  қауіпсіз  жүргізу  бөлігіндегі  нормаларды  бұзса  лицензияның 

əрекетін алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқылы. Жарлық барлық күрделі 

мəселелерді жаңаша шешіп отырды.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет