ҚҰҚЫҚ негіздері


 Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам



Pdf көрінісі
бет8/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   389
 

1.5 Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам 

Құқықтық  мемлекет – адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен 

бостандықтарының  толығымен  қамтамасыз  етілуі  үшін  жағдай  жасайтын, 

сонымен  қатар  заңның  үстемдігін  жоғары  қоятын,  құқық  арқылы  мемлекеттік 

билікте  асыра  пайдаланушылықты  болдырмау  мақсатын  алдына  қоятын  саяси 

биліктің ұйымы болып табылады. 

Құқықтық  мемлекеттің  түпкілікті  идеясы  деспотизмді,  тиранияны, 

бассыздықты болдырмауды меңзейді.  

Құқықтық мемлекеттің мынадай белілері бар: 



18 

 

1)  адамның  құқықтары  мен  бостандықтарының  толығымен  қамтамасыз 



етілуі жəне қорғалуы. Бұл қағида ҚР Конституциясының 1-бабында баяндалған. 

Құқықтық мемлекет əрбір өзінің азаматының жеке тұлға ретінде дамуына жан-

жақты қолдау көрсетуі керек. Адамның құқықтары мен бостандықтары бірінші 

орында тұруы қажет. 

2)  заңның  үстемділігі – барлық  конституциялық  тəртіпті  қатаң  сақтай 

отырып  биліктің  жоғарғы  органымен  қабылданған  заң  атқарушы  билік 

актілерімен  жойыла,  өзгертіле  немесе  тоқтата  тұрыла  алмайды.  Заңның  ең 

жоғарғы күші болады жəне ол республика аумағында əрекет етеді. 

3)  биліктің  бөлінуі – билік  заң  шығарушы,  атқарушы  жəне  сот  биліктері 

болып үш тармаққа бөлінеді. Биліктің бөліну жүйесін қалыптастырған Дж. Локк 

пен  Ш.Л.  Монтескье  болған.  Заңдылықты  қамтамасыз  ету  үшін,  түрлі 

əлеуметтік топтардың тарапынан билікті асыра сілтеп пайдалануын жою үшін, 

саяси  бостандықты  бекіту  үшін  билікті  заң  шығарушы,  атқарушы  жəне  сот 

билігі  етіп  тармақтарға  бөлудің  маңызы  зор.  Аталған  биліктердің  əрқайсысы 

бірі-бірімен  байланысты  болғанымен  əрқайсысы  өз  қызметін  дербес  атқарады. 

Конституцияда  жəне  өзге  де  заңдарда  белгіленген  тепе-теңдік  жəне  тежемелік 

жүйе  нақты  мемлекеттік  билікке  қатысты  құқықтық  шектеулер  жиынтығын 

құрайды.  

4)  мемлекет  пен  тұлғаның  өзара  жауаптылығының  болуы – құқықтық 

мемлекеттің  негізгі  белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Бұл  идеяны  дамытқан 

И.Кант  болған.  Мемлекет  заңи  нысанда  қоғам  мен  тұлғаның  бостандығын 

белгілейді,  ал  мемлекеттің  өзі  өзіндік  шешімдері  мен  əрекеттерінде 

шектеулерден  бос  емес.  Мемлекет  заңның  көмегімен  өзінің  азаматтарымен, 

қоғамдық  ұйымдармен,  өзге  де  мемлекеттермен  əділеттікті  жəне  теңдікті 

қамтамасыз  ететіндей  міндеттемелер  алуы  керек.  Құқыққа  бағына  отырып 

мемлекеттік органдар құқықтық нормалардың ұйғарымдарын бұзбауы тиіс жəне 

бұл  міндетті  бұзғаны  не  орындамағаны  үшін  жауапты  болып  табылады. 

Мемлекеттік  органдардың  өз  міндеттемелерін  орындауы  қоғам  тарапынан 

бақыланады.  Қоғам  ол  бақылауды  референдум,  сұрау  салу,  сайлаушылардың 

алдында депутаттардың есеп беруі арқылы жүзеге асырады.       

5) саяси плюрализмнің болуы – көппікірлілік, пікірлердің сан алуан болуын 

білдіреді. Құқықтық мемлекетте сөз бостандығы қамтамасыз етіледі. 

6) азаматтық қоғамның болуы. 

Азаматтық  қоғам  түсінігін  Аристотель,  Цицерон,  Гоббс,  Локк  жəне  т.б. 

Азаматтық  қоғам  өнегелік,  діни,  ұлттық,  əлеуметтік-экономикалық,  отбасылық 

қатынастар  мен  институттардың  жиынтығы  болып  табылады.  Бұл  институттар 

арқылы 

жеке 


тұлғалар 

мен 


олардың 

топтарының 

мүдделері 

қанағаттандырылады. 

Азаматтық қоғамның құрылымына жатады: 



19 

 

1) мемлекеттік емес əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар 



(меншік, еңбек, кəсіпкерлік); 

2) мемлекеттен тəуелсіз өндірушілердің болуы;   

3) қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар; 

4) саяси партиялар мен қозғалыстар; 

5) мемлекеттік емес білім беру саласы мен тəрбие беру саласы; 

6) отбасының болуы; 

7) мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдар жүйесінің болуы жəне т.б. 

Азаматтық қоғамның мынадай белгілері бар: 

1)  адам  мен  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының  толығымен 

қамтамасыз етілуі; 

2) құқықтық мемлекеттің болуы;  

3) заңдылық жəне биліктің демократиялық сипатының болуы; 

4) өзін-өзі басқарушылықтың болуы; 

5) халықтың өмір сүруі мен əл-ауқатының қамтамасыз етілуі; 

6) бəсекелестіктің орын алуы;   

7) қоғамның еркін түрде өз ойын білдіруі жəне плюрализмнің болуы жəне 

т.б.     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет