ҚҰҚЫҚ негіздері


 Мемлекеттің механизмі жəне мемлекеттің функциясы



Pdf көрінісі
бет7/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   389
 

1.4 Мемлекеттің механизмі жəне мемлекеттің функциясы 

Əрбір мемлекет өзінің механизмі арқылы тіршілік етеді.  

Мемлекеттің  механизмі – қоғамды  мемлекеттік  басқаруды  іске  асыратын 

арнайы  органдар  мен  мекемелердің  жүйесі  болып  табылады.  Мемлекеттің 

механизмі - ол  мемлекеттік  органдардың  өзара  байланысты  жүйесі  болып 

табылады,  ол  мемлекеттің  алдына  қойған  мақсаттары  мен  міндеттерін  іске 

асыру  құралы  болып  танылады.  Мемлекеттің  механизмі  ерекше  құзырлы 

билікке ие.  

Мемлекеттік  биліктің  алғашқы  ұйымдық  нысаны  жəне  мемлекет 

механизмінің негізгі элементы - мемлекеттік орган болып табылады.  

Мемлекеттің  органы  дегеніміз – заңға  сəйкес  өзіндік  құрылымы  бар, 

қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруға құзыреті бар, мемлекет механизмінің 

өзге де бөліктерімен өзара байланыста болатын мемлекеттік аппараттың буыны, 

мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады. 

Мемлекет органының өзіне тəн белгі-қасиеттері бар: 

1 мемлекеттің барлық органдары заң негізінде құрылады;  

2 мемлекет органының негізгі мəні мемлекеттік билікті жүзеге асыру болып 

табылады; 

3 заңмен бекітілген арнайы биліктік құзыреті болады; 

4  мемлекеттік  қызметшілерден  жəне  құрылымдық  бөлімшелерден  тұрады, 

қажетті материалдық базасы болады. 

Мемлекет  органдарын  келесідей  етіп  топтастыруға  болады:  мемлекеттік 

органның  құрылуына  байланысты;  мемлекеттік  қызметті  іске  асыруына 

байланысты;  мемлекеттік  органдардың  сатысына  қарай;  өкілеттілікті  жүзеге 

асыру тəртібі бойынша; құзыреттің мерзімі бойынша бөлінеді.  

Мемлекетік  органның  құрылуына  байланысты – халықпен  сайланатын 

органдар,  мысалы  Президент,  т.б.  жəне  өзге  мемлекеттік  органдармен 

қалыптасатын органдар, мысалы Үкімет, т.б. бөлуге болады.  

Мемлекеттік  қызметті  іске  асыруға  байланысты – заң  шығарушы 

(парламент), атқарушы (үкімет, министрліктер, ведомствалар, комитеттер жəне 




16 

 

т.б.),  сот  органдары  (жоғары,  жергілікті,  əскери,  мамандандырылған  соттар 



жəне т.б.) етіп бөлінеді.  

Мемлекеттік  органның  сатысына  қарай - орталық  жəне  жергілікті; 

өкілеттілікті  жүзеге  асыру  тəртібі  бойынша - жеке-дара  (президент)  жəне 

алқалы  (парламент);  құзыреттің  мерзімі  бойынша - тұрақты  жəне  уақытша 

органдар етіп бөлінеді. 

  Мемлекеттің  механизмі  белгілі  бір  қағидаларға  сүйенеді:  адам  мен 

азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының  басымдығы;  заңдылық; 

демократизм; биліктің бөлінуі қағидасы; жариялылық; кəсібилілік; жауаптылық 

қағидалары жəне т.б. 

   Əрбір мемлекет өз алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыру 

үшін  ол  қызмет  етуі  керек.  Мемлекеттің  функциясы  оның  қызметінің  басты 

бағыттары  болып  табылады.  Мемлекет  функциясында  мемлекеттің  шын  мəні 

жəне оның қоғамдағы рөлі айқындалады. Мемлекеттің функциясы мемлекеттің 

негізгі  міндеттеріне  қарап  белгіленеді  жəне  мемлекеттің  функциясы  осы 

міндеттерді жүзеге асыру құралы болып табылады. 

Мемлекеттің  міндеттері  мен  мемлекеттің  функциясы  өзара  байланысты 

болғанымен, екеуі екі түрлі ұғымдар. Мемлекеттің міндетінде оның əлеуметтік 

тағайыны,  белгілі  бір  тарихи  кезеңдегі  оның  атқаратын  рөлі  көрсетіледі.  Ал 

мемлекеттің функциясы болса міндеттерді орындау құралы болып табылады.  

Мемлекеттің функциясы дегеніміз – мемлекет қызметінің негізгі бағыттары 

болып  табылады,  онда  қоғамды  мемлекеттік  басқарудың  мəні  мен  əлеуметтік 

тағайыны көрініс табады. 

Мемлекеттің функциясы келесідей топтастырылады: 

1.  Мемлекет  функциясы  тарихи  типіне  қарай:  таптық  жəне 

жалпыəлеуметтік болып бөлінеді.  

2. Мемлекет қызметінің негізгі бағыттары бойынша: ішкі (ел ішіндегі, ішкі 

саяси міндеттерді шешуге бағытталған) жəне сыртқы (халықаралық деңгейдегі, 

басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты орнатуға бағытталған) деп бөлінеді. 

-  мемлекеттің  ішкі  функциясына  жатады:  экономикалық,  əлеуметтік, 

экологиялық, мəдениетті, білім мен ғылымды дамыту, құқықтық тəртіпті қорғау 

жəне т.б. 

-  мемлекеттің  сыртқы  функциясына  жатады:  елді  қорғау,  бейбітшілікті 

қамтамасыз  ету,  халықаралық  ынтымақтастық  (мəдени,  ғылыми-техникалық, 

қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  ынтымақтастық,  мемлекетаралық 

экономикалық  ынтымақтастық),  адамзаттың  жаһандық  мəселелерін  шешу 

(кедейшілікпен, терроризммен күресу, демографиялық мəселелерді шешу жəне 

т.б.). 

3.  Мемлекеттің  функциясы:  негізгі  жəне  негізгі  емес  (қосымша)  етіп 

бөлінеді.  



17 

 

-  мемлекеттің  негізгі  функциясы – мемлекеттің  алдына  қойған  түпкілікті, 



маңызды  мақсаттары  мен  міндеттерін  жүзеге  асыру  бойынша  мемлекет 

қызметінің  аса  маңызды  бағыттары  болып  табылады.  Мемлекет  саясатының 

маңызды мақсаттары мен міндеттеріне – экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне 

т.б. жатады. Олар мазмұны жағынан өте ауқымды болып келеді, сондықтан да 

мемлекет механизмінің бірнеше буынының жұмысы арқылы іске асырылады. 

-  мемлекеттің  негізгі  емес  (қосымша)  функциясы – мемлекеттің  негізгі 

функциясының  құрамдас  бөлігі,  мемлекеттің  жеке  міндеттерінің  орындалуына 

ықпал  етеді,  мемлекеттің  нақты  міндетінің  орындалуы  бойынша  мемлекет 

қызметінің  бағыттары  болып  табылады.  Мысалы,  жол  салу,  стихиялық 

апаттарды болдырмау жəне т.б. 

 4. Мемлекеттің функциясы: тұрақты жəне уақытша болып бөлінеді.  

-  мемлекеттің  тұрақты  функциясы – мемлекетпен  оның  барлық  даму 

кезеңдерінде  жүзеге  асырылатын  мемлекеттің  қызметі  (құқық  қорғаушылық, 

заң шығарушылық жəне т.б.). 

- мемлекеттің уақытша функциясы – белгілі бір мерзім ішінде атқарылатын 

мемлекеттің қызметі (төтенше апаттардың салдарымен күресу жəне т.б.). 

Мемлекет  функциялары  іс  жүзінде  жүзеге  асырылуы  үшін  түрлі 

нысандарды қолдану көзделеді.   

Мемлекеттің функциясын жүзеге асырудың екі нысаны бар: құқықтық жəне 

құқықтық емес (ұйымдастырушылық). 

Мемлекет  функциясын  жүзеге  асырудың  құқықтық  нысаны  заңмен 

реттелген.  Мұнда  мемлекет  құқық  негізінде,  заңи  тəртіпте,  заңи  құралдарды 

қолдана  отырып  əрекет  етеді.  Құқықтық  нысандарға:  заң  шығару,  мемлекеттік 

басқару, сот əділдігі жəне т.б. жатады. 

Мемлекет 

функциясын 

жүзеге 

асырудың 

құқықтық 

емес 


(ұйымдастырушылық)  нысаны  заңмен  нақты  белгіленбеген  жəне  мемлекеттік 

аппараттың  күнделікті  техникалық,  шаруашылық,  тəрбиелеу  жұмыстарын 

атқарумен  байланысты  болып  келеді.  Құқықтық  емес  (ұйымдастырушылық) 

нысанға:  ұйымдастырушылық-регламенттік  қызмет,  ұйымдастырушылық-

шаруашылық қызмет жəне ұйымдастырушылық-идеологиялық қызмет жатады.      



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет