ҚҰҚЫҚ негіздері


 Мемлекеттің типтері мен нысандары



Pdf көрінісі
бет4/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   389
1.3 Мемлекеттің типтері мен нысандары 

Мемлекеттің  табиғатын  тану  үшін  ең  маңызды  ғылыми  типология  болып 

табылады.  Ғылыми  еңбектерде  мемлекеттердің  бірнеше  типологиясы 

ұсынылған.  

Мемлекетті  типке  бөлудің  екі  түрлі  тəсілі  бар:  формациялық  жəне 

өркениеттік. 

Мемлекеттерді  типке  бөлудің  негізгі  критерии  болып  қоғамдық-



экономикалық  формация  танылады.  Мемлекеттің  формациялық  типологиясы 

қоғамдық  қатынастардың  тарихи  қалыптасқан  нысаны  болып  табылады. 

Қоғамдық-экономикалық  формация  ұғымы  марксистік  танымның  іргетасын 

құрайды. Формация – бұл өндірістің белгілі бір амалына негізделген қоғамның 

тарихи  типі.  Мемлекеттің  формациялық  типологиясын  ұстанған  өкілдердің 

(К.Маркс,  Ф.Энгельс,  В.Ленин)  пікірінше  қоғам  дамуының  шешуші  факторы 

экономикалық  базис  яғни  осы  қоғамның  өндіру  тəсілі  болып  табылады. 

Мемлекет  экономикалық  салада,  өндірістік  қатынастар  аясында  болып  жатқан 

өзгерістерге  қарай  өзінің  типін  өзгертеді.  Формациялық  типология  көбіне 

мемлекеттің таптық мəнін ашқан. Тарихқа белгілі бес формация бар: алғашқы-

қауымдық,  құл  иеленушілік,  феодалдық,  капиталистік  жəне  социалистік. 

Аталғандардың  ішінде  мемлекеттің  типологиясының  марксистік  ілімінің 

негізінде  қалыптасқан  формациялық  критерии  бойынша  мына  типтегі 

мемлекеттер  қанаушы  болып  есептелді:  құл  иеленуші,  феодалдық, 

буржуазиялық,  ал  социалистік  тип  болса,  қоғамдық  өзін-өзі  басқару  типіне 

айналуы керек болған.    

Экономикалық базистің типіне қарай мемлекеттің мынадай типтері бар:  

- құл иеленушілік мемлекет - құл иеленуші құлға билік жүргізудің құралы 

болды. Тарихтағы қоғамның алғашқы мемлекеттік таптық ұйымы. Құл еркіндігі 

бар  азаматтардың  жеке  меншігі  ретінде  танылды.  Бұл  мемлекеттердің  негізгі 

мақсаты құл иеленушінің меншігін қорғау болды. 

-  феодалдық  мемлекет – экономикалық  тəуелді  шаруалардың  еңбегін 

қанаған  ірі  жер  иеленуші  болған  феодалдардың  диктатура  жүргізу  құралы 

болды.  Мұнда  мемлекет  қанаушы  таптың  жерге,  шаруаға  жəне  олардың 

еңбегіне құқықты қамтамасыз еткен.  

-  буржуазиялық  мемлекет – жұмысшы  таптың  үстінен  буржуазияның 

жүргізген  билігін  қолдау  құралы  болды.  Жұмысшы  таптың  жеке  бостандығы 

бола тұра ол өз еңбегін капиталистке сатуға мəжбүр болды. 




11 

 

-  социалистік  мемлекет – қоғамдық  меншікке,  өндіріс  құралдарына 



негізделді жəне өз саясатында қалың халықтың мүддесін білдірді. Социалистік 

мемлекет еңбек етуші таптың саяси билігінің құралы болды. 

Сонымен, 

мемлекеттің 

формациялық 

типологиясы 

мемлекеттің 

экономикалық негізі мен əлеуметтік мəнін сиапттайды, яғни қандай əлеуметтік 

тап  қоғамды  басқарып  отырғанын  көрсетеді.  Қазіргі  ғылымда  формациялық 

типология тарихтағы бұрыңғы мемлекеттерді сипаттау үшін ғана қолданылады. 

Мемлекеттерді  типке  бөлудің  екінші  критерии  болып  өркениеттік 

типология танылады.  

Өркениеттік  типология  ХХ  ғасырда  дүниеге  келген.  Оның  негізін 

қалағандардың  бірі  ағылшын  тарихшысы  А.Тойнби  болды.  Басқа  өкілдерінің 

қатарында  М.  Вебер,  П.  Сорокин,  О.  Шпенглер,  У.  Ростоу  жəне  т.б.  болды. 

Мемлекеттерді  типтерге  бөлудің  өркениеттік  типологиясы  көбінесе  қоғамның 

мəдени  сипатына  (дінге,  психологияға,  моральге  т.б.)  көңіл  бөлді.  А.  Тойнби 

өркениеттің  он  үш  түрін  ұсынған  болатын,  атап  айтқанда,  ежелгі  грекиялық, 

римдік, сириялық, крито-микендік, православтық, батыс, араб, қиыр шығыстық, 

мексикалық,  ирандық,  қытайлық,  үнділік  жəне  т.б.  Оның  ойынша  өркениет – 

мəдени,  экономикалық,  географиялық,  діни,  психологиялық  жəне  өзге  де 

факторлармен  ерекшеленетін  қоғамның  қалыпты  жай-күйі  болып  табылды.  А. 

Тойнбидің  көзқарасы  бойынша  əрбір  өркениет  типіне  мемлекет  типі  сəйкес 

келуі  керек.  Мемлекеттің  өркениеттік  типологиясы  мəдени  факторларға 

негізделген,  ол  мемлекетке  тікелей  ықпал  етеді.  Өркениеттік  типология  адам 

қызметінің  барлық  нысандары  арқылы  өткенді  тануға  мүмкіншілік  береді. 

Өркениеттік  типология  тек  таптар  мен  əлеуметік  топтардың  қарсылығын 

айырып білуді ғана көздемей, ол сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар 

негізінде олардың өзара əрекеттесуі аясын да білуге жəрдемдеседі. 

Мемлекеттің  типологиясы  мемлекеттің  нысаны  ұғымымен  тығыз 

байланысты болып келеді.  

Мемлекеттің  нысаны  мемлекеттік  биліктің  ұйымдастырылуы  мен  қызмет 

ету  амалы  болып  табылады.  Мемлекет  нысанын  оқып,  зерттеу  қоғамды 

мемлекеттік  басқару  қалай  ұйымдастырылғанын,  оны  биліктің  қандай 

органдары  іске  асырып  жатқананын,  олар  қандай  тəртіпте  жəне  оны  кім 

қалыптастыратынын,  қоғамдағы  қатынастарды  реттеу  үрдісінде  қандай  əдістер 

қолданылатынын түсініп, білуге мүмкіншілік береді.  

Мемлекет  нысаны  күрделі.  Құрылымы  бойынша  жүйелі  құбылыс  болып 

табылады.  Ол  өзара  байланысты  үш  элементтен  тұрады:  мемлекеттік  басқару 

нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны жəне мемлекеттік саяси режим нысаны. 

1.  Мемлекеттік  басқару  нысаны – мемлекеттік  биліктің  жоғары 

органдарының ұйымдастырылуы мен құызмет етуі ерекшеліктерін, құрылымын 

сипаттайтын  мемлекет  нысанының  элементі  болып  табылады.  Мемлекеттік 

биліктің  жоғары  органдарына  мемлекет  басшысын  (монархты  не  президентті), 



12 

 

заң шығарушы органды (парламентті) жəне атқарушы биліктің жоғары органын 



(үкіметті)  жатқызады.  Басқару  нысанының  екі  түрі  бар:  монархия  жəне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет