ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет18/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   389
Қорғаушы  функция – бұл  ерекше  маңызды  экономикалық,  сая-си, 

ұлттық  жəне  жеке  қатынастарды  қорғауға,  заңды  қорғау  мен  заңды 

жауапкершіліктің  шамасын,  оларды  жүктеу  мен  орын-даудың  тəртібін 

орнықтыруға  бағытталған  құқықтық  əсер  етудің  əлеуметтік  мақсатпен 

байланысты бағыты.[8]. 

Құқық бұл керсетілгендерге қоса, оқу пəні ретінде де түсініледі (əкімшілік 

құқық, Азаматтык, құқық, Еңбек құқығы жəне т.б.). 

 

2.4 Құқықтың қайнар көздері 

Құқықтың  қайнар  көздері – бұл  мемлекеттен  туындайтын  немесе  құқық 

нормаларын  көрсететін  жəне  бекітетін,  оларға  заңды  жəне  жалпыға  міндетті 

күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.Құқықтың өзіндік 

ерекшелігі  оның  нормаларын  сақтау  мемлекеттің  мəжбүр  ету  күшімен 

қамтамасыз  етілетіндігінде.  Құқықтың  мəні  Конституцияда  жəне  басқа  да 

заңдарда  бекітіліп,  тиянақталған  оның  түп  қазық  бастауларында,  негізгі 

қағидаларында ашылады. Оларға жататындар: саяси биліктің халықтың атынан 

жүзеге асуы, меншіктің дамуы, корғалуы жəне олардың субъектілерінің тендігі; 

демократизм, интерпационализм, гуманизм. 

 Саяси  биліктің  халықтың  атынан  жүзеге  асуы.  Бұл  ереже  Қазақстан 

Республикасында  мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы — халық  болып 

табылады делініп, Конституцияда дəйектелген. [5].  Халық мемлекеттік билікті 

тікелей жəне өз өкілдері арқылы жүзеге асырады. 

 Меншіктің  дамуы,  қорғалуы  жəне  олардың  субъектілерінің  теңдігі— 

мемлекеттің материалдық-техникалық базасын құрудағы маңызды шарт. 

 Конституцияда Республиканың экономикасы мемлекеттік, сонымен қатар 

жеке  меншік  нысандарына  негізделетіні,  ал  мемлекет  меншіктің  барлық 

субъектілерінін.  заң  алдындағы  мемлекеттер  аумағындағы  өзінің  азаматтары 

мен  занды  тұлғаларының  өз  мүліктеріне  деген  меншіктік  құқығын  қорғайды. 

[5]. 


 Демократизм азаматтық құқьіқтар мен бостандықтардың кең ауқымымен 

ұштаса  отырып,  адамның  мемлекеттік  істерді  шешуге  қатысу  құкығын 

қамтамасыз  ететін  оның  құқықтары  мен  бостандықтарын  заң  жүзінде  бекітуді 

білдіреді.  Демократизм  азаматтардың  қоғам  алдындағы  міндеттерінің  ішіндегі 

айрықша  орын  алатыны — олардың  мемлекеттік  істерді  басқа-руға  қатысуы 

міндеттерін  орындауы  арқылы  мейлінше  толық  жүзеге  асады.  Қазақстан 




38 

 

Республикасы  қоғамдык,  бірлестіктердің  Конституция  мен  зандар  шеңберінде 



мемлекеттік істерді басқаруға, заңдарды талқылау мен кабылдауға, мемлекетгік 

жəне  жергілікті  деңгейдегі  мəні  бар  мəселелерді  шешуге  қатысуына  кепілдік 

береді. 

 Интернационализм — барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  өзінің  саяси, 

шаруашылык жəне мөдени дамуындағы заң жүзіндегі жəне іс жүзіндегі тендікті 

тану  жəне  оны  қүқықпен  қамтама-сыз  ету  болып  түсініледі.  Республикамызда 

нəсіліне, үлтына, тіліне жəне т.б. жағдаяттарға қарамастан қүкық пен бостандық 

тендігіне  кепілдік  беріледі.  Еліміздегі  Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы 

интернационалдык үйым. 

 Гуманизм  (латын  тіліндегі  һитапиз — адамдык,  адамгершілік) — 

адамның  жеке  тұлға  ретіндегі  кұндылықтарын,  оның  еркін  даму  жəне  өз 

қабілеттерін  көрсету  құқығын  тану.  Адамның  кадір-қасиеті  мен  кұқыктарын 

қадірлеуді қамтамасыз ету-ден тұратын басты күқықтық принциптердің бірі — 

оның игіліктеріне қамқорлык, жасау. 

 Адамгершілік принципі Ата Заңымызда айрықша аталған. Онда əркімнің 

өмір сүруге құқығы бар екені, ешкімнің ез бетінше  адам өмірін  қиюға хакысы 

жоқ екені, сондай-ақ адам мен азаматгың ар-ожданы мен абыройына қол сүғуға 

болмайтыны  женінде  баяндалған.  Сонымен  қатар  адамның  кінəлі  екендігі  сот 

үкімімен  дəлелденіп,  үкім  занды  күшіне  енбейінше,  адам  қылмыс  жасады  деп 

танылмайтындығы  женіндегі  қағида  орнықтырылған.  Осылайша,  кез  келген 

күдік дəлелденгенге дейін айыпталушы тұлғаның пайдасына шешіледі.  

Құқықтың түрлері өте көп. Олар: 

Вето  құқығы  (ағылш. right of veto) - Мемлекет  басшысының  (монарх 

немесе президенттің), парламент қабылдаған заңға қол қоюдан немесе əрекетке 

ендіруден бас тaртатын субъективті құқығы. 

Жерді  пайдалану  құқығы  (ағылш. land right) - тұлғаның  мемлекеттік 

меншіктегі  жер  учаскесін  өтеулі  жəне  (немесе)  өтеусіз  негізде  шектеусіз 

мерзімге  (тұрақты  жер  пайдалану)  немесе  белгілі  бір  мерзім  ішінде  (уақытша 

жер пайдалану) иелену жəне пайдалану құқығы. 

Айрықша  құқық  (ағылш. exclusive right; prerogative) - автордың  немесе 

сабақтас  құқықтар  иеленушінің  туындыны,  орындаушылықты,  қойылымды, 

фонограмманы,  эфирлік  немесе  кəбілдік  хабар  тарату  ұйымдарының  хабарын 

заңмен  белгіленген  мерзім  ішінде  өз  қалауы  бойынша  кез  келген  əдіспен 

пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы. 

Қолайлы  қоршаған  ортаға  құқық - экологиялық  құқық  тобына  жататын, 

адамның  негізгі  конституциялық  құқықтарының  біреуі.  Бұл  құқық  ен  жас 

«ұрпақ  буынына»  қатысты  болып  саналады.  Ол  басқа  экологиялық 

құқықтармен: коршаған ортаның жағдайы туралы шынайы ақпарат алу құқығы 

жəне  экологиялық  құқық  бұзушылықпен  адамның  денсаулығы  жəне  мүлкіне 

келтірілген залалды өтеу құқығымен бекітіліп, толықтырылады. 




39 

 

Өмір сүру құқығы (ағылш. right for life) - халықаралық құқық пен көптеген 



демократиялық  елдердің  конституциясымен  қорғалатын  адамның  жеке  негізгі 

құқықтарының  бірі.  Өмір  сүру  құқығының  мазмұны  көп  қырлы  жəне  əр  түрлі 

елдерде  (елім  жазасының  түрліше  режимдері  сақталуы  себепті)  өзара 

айырмашылығы  болады.  Қазіргі  заманғы  конституциялардың  бірқатарында, 

өмір сүру құқығы, заңмен өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс шеңберін 

белгілеу,  сондай-ақ  өлім  жазасы  түрінде  жазалау  қолданылмайтын  адамдар 

тобын көрсету арқылы нақтыланады. 

Жеке бастың құпиясын сақтау құқығы (ағылш. right for private life secrecy) 

-  Азаматтың  жеке  бас  құпиясын,  оның  ішінде  хат  алысу,  телефон  арқылы 

сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу 

құпиясын,  дəрігерлік,  адвокаттық  құпияны,  банктік  салымдар  құпиясын 

сақтауға құқығы. 

Жеке  бас  құпиясы  заң  құжаттарында  белгіленген  реттерде  ғана  ашылуы 

мүмкін.  Күнделіктерді,  жазбаларды,  естеліктерді  жəне  баска  құжаттарды 

жариялауға - олардын авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен 

алысушысының  келісімімен  ғана  жариялауға  жол  беріледі.  Олардын  қайсыбірі 

қайтыс  болған  жағдайда  аталған  құжаттар  қайтыс  болған  адамнын  артында 

қалған жұбайының жəне балаларының келісімімен жариялануы мүмкін. 

Некеге  тұрған  азаматтардың  құқықтары  (ағылш. rights of getting married 

couple) - Неке  жəне  отбасы,  ана,  əке,  бала  мемлекеттің  қорғауында 

болады.Некеге  тұруы  кезінде  жəне  отбасылық  ұлттық  тіл  жəне  діни  белгілері 

бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым 

салу. Азаматтардың неке-отбасы қатынастардағы құқықтары заң негізінде жəне 

отбасы  мүшелері  мен  өзге  азаматтардың  денсаулығын,  адамгершілігін, 

құқықтарын  заңды  мүдделерін  қорғау  мақсатында  қаншалықты  қажет  болса, 

сондай шамада ғана шектелуі мүмкін. 

Азаматтардың  азаматтық  қорғаныс  жөніндегі  құқықтары  мен  міндеттері 

(ағылш. rights and duties of individuals for civil defence) - Қазақстан 

Республикасының  азаматтары,  республика  аумағында  тұратын  шетел 

азаматтары  мен  азаматтығы  жоқ  адамдар:  осы  заманғы  зақымдау  құралдарын 

қолданудың  табиғи  жəне  техногендік  сипаттағы  төтенше  жағдайлардың 

зардаптарынан  өзінің  өмірі  мен  денсаулығын  қорғауға  құқылы;  азаматтық 

қорғаныс міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда қаза тапқандардың 

отбасыларына  Қазақстан  Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарына 

сəйкес  материалдық  жəне  өзге  де  төлемдер  төленеді;  сондай-ақ  азаматтар: 

Азаматтық  қорғаныс  шараларын  орындауға  қатысуға,  сондай-ақ  азаматтық 

қорғаныс  бойынша  оқудан  өтуге; «Баршаңыздың  назарыңызға!»  деген  дабыл 

беру  бойынша  іс-қимыл  жасаудың  тəртібін,  ұжымдық  жəне  жеке  қорғану 

құралдарын  пайдаланудың  ережесін,  корғанудың  негізгі  əдістері  мен  зардап 



40 

 

шеккендерге  алғашкы  медициналық  көмек  керсету  тəсілдерін  білуге  жəне 



орындауға міндетті. [2]. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет