ҚҰҚЫҚ негіздері


 Іс жүргізу мерзімдері мен сатылары



Pdf көрінісі
бет260/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

12.3 Іс жүргізу мерзімдері мен сатылары 

       Қылмыстық  істі  өз  уақытында  дұрыс  қарау  жəне  қорытынды  шығару  өте 

маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының  қылмыстық іс жүргізу 

заңында  іс  жүргізудің  мерзімдері  нақты  белгіленген.  Іс  жүргізу  мерзімдерін 

дұрыс түсіну мен қолданудың теориялық жəне  тəжірибелік маңызы өте зор. Іс 

жүргізу  мерзімдері  сот  ісін  жүргізудің  жеткілікті  түрде  тез  жүргізілуін 

қамтамасыз ету əдістерінің бірі жəне қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерінің 

орындалуын  қамтамасыз  ететін  ұйымдастыру  құралы  болып  табылады.  Іс 

жүргізу мерзімдері заңда көрсетілген қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерімен 

тығыз  байланысты.  ҚР  ҚІЖК-ң 8-бабында  қылмыстық  сот  ісін  жүргізудің 

міндеттері ретінде, қылмыстарды тез жəне толық ашу көрсетілген.  

       Іс  жүргізу  мерзімдеріне  байланысты  нормалар  ҚР  ҚІЖКң  əр  түрлі 

баптарында жеке көрсетілген. Мысалы, мерзiмдердi есептеу (54-бап),  мерзiмдi 

сақтау (55-бап),  мерзiмдi  өткiзiп  алудың  салдары  жəне  оны  қалпына  келтiру 

тəртiбi (56-бап),   қамауға  алудың  мерзiмдерi,  оларды  ұзарту  тəртiбi (153-бап), 

 алдын ала тергеу мерзiмi (196-бап) жəне т.б. 

       Іс жүргізу мерзімдерінің өзіне тəн белгілері бар: 

       -  іс  жүргізу  мерзімін  заңдық  мəн  жай  (факт)  ретінде  тану.  Осы  санаттағы 

пайда  болатын  құқықтық  жағдай,  іс  жүргізуге  қатысушылардың  арнайы 

құқықтары  мен  міндеттерінің  туындауына,  олардың  аяқталуына  себепші 

болады; 

      - заңда көрсетілген мерзімдер міндетті түрде сақталуы қажет; 

      - мерзімдерді есептеу мен қалпына келтіру ерекшеліктері. 

      Қылмыстық  іс  жүргізу  теориясында  мерзімдерді  белгілі  бір  түрлерге  бөлу 

қалыптасқан.  Заң  əдебиеттерінде  əр  түрлі  саралау  тəсілдері  кездеседі. 

Мерзімдерді уақыт ұзақтығына байланысты екі түрге бөлуге болады: ұзақтығы 

белгісіз мерзімдер жəне ұзақтығы белгілі мерзімдер. 

      Ұзақтығы  белгісіз  мерзімдердің  мерзімі  нақты  көрсетілмейді.  Олар  іс 

бойынша  белгілі  бір  əрекеттердің  бар  болуымен  анықталады.  Мерзімдердің  ең 

ерте  жəне  ең  кеш  шектері  өзара  байланысты  іс  қимылдар  аралығындағы 

кезеңнің  қаншалықты  уақытқа  созылатындығымен  айқындалады.  ҚР  ҚІЖК-ң 

121-бабына  сай,  заттай  дəлелдемелер  «үкім  немесе  істі  тоқтату  туралы  қаулы 

заңды  күшіне  енгенге  дейін»  істе  қалады.  Бұл  жерде  ерте  мерзім  заттай 

дəлелдемелер іс материалдарына қосылған мерзіммен қатар келетіні, ал жоғары 

мерзім үкім заңды күшіне енген уақытпен немесе істі тоқтату уақытымен бірге 

келетіні айқындалады. 




328 

 

      Ұзақтығы  белгілі  мерзімдерге  іс  қимылдардың  нақты  қанша  уақытқа 



созылатындығын көрсететін мерзімдерді айтамыз (сағат, тəулік, апта, ай, жыл). 

      Мерзімдерді  белгілеу  əдісіне  байланысты  екі  түрге  бөлуге  болады:  тікелей 

заңда көрсетілген мерзімдер жəне өкілетті адам белгілеген мерзімдір. 

      Тікелей  заңда  көрсетілген  мерзімдер,  олар  заң  нормаларында  нақтылы 

көрсетіледі. Мсыалы, ҚР ҚІЖК-ң 184-бабына сай, қылмыс туралы арыз немесе 

хабар қабылдаған прокурор, тергеуші, анықтау органы ол түскен күннен бастап 

жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауға міндетті. 

      Өкілетті  адам  белгілеген  мерзімдірде  шешімді  арнайы  лауазымды  тұлға 

қабылдайды (ҚР ҚІЖК-ң 153-бабы). 

      Қылмыстық  ізге  түсу  органдарының:  ұсталған  адамды  жетпіс  екі  сағаттан 

артық  ұстауға,  ал  сезіктіге  бұлтартпау  шарасын  таңдау  туралы  қаулы 

жарияланған сəттен бастап он тəуліктен артық сезікті Адам жағдайында ұстауға 

құқығы жоқ. Ұстау сəтінен бастап үш сағаттан аспайтын мерзімде тергеуші мен 

анықтаушы ұстаудың негізі мен дəлелдері туралы хаттама жасайды. Жүргізілген 

ұстау туралы анықтаушы мен тергеуші ұстау хаттамасы жасалған сəттен бастап 

он екі сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. 

      Айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, 

не  iстi  сотта  объективтi  зерттеуге  жəне  талдауға  бөгет  жасайды,  немесе 

қылмыстық  əрекетпен  шұғылдануды  жалғастырады  деп  ойлауға  жеткiлiктi 

негiздер  болған  кезде,  сондай-ақ  үкiмнiң  орындалуын  қамтамасыз  ету  үшiн 

қылмыстық  процестi  жүргiзушi  орган  өз  өкiлеттiгi  шегiнде  ол  адамға  

бұлтартпау  шараларының  бiрiн  қолданады.  Бұлтарпау  шараларының  түрлері 

заңда нақты көрсетілген (ҚР ҚІЖК-ң 140-бабы): 

      - ешқайда кетпеу жəне өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру; 

      - жеке кепiлдiк беру

      - əскери қызметшiнi əскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беру; 

      - кəмелетке толмағанды қарауға беру; 

      - кепiл болу

      - үйде қамауда ұстау; 

      - қамау. 

      Қылмыстық  іс  жүргізу  бірнеше  кезеңдерге  бөлінеді.  Олар  қылмыстық  іс 

жүргізудің сатылары деп аталады. Оларға:   

     1) қылмыстық іс қозғау; 

     2) қылмыстарды алдын ала тергеу;  

     3) басты сот талқылауын тағайындау;         

     4) басты сот талқылауы; 

     5) апелляциялық саты сотында іс жүргізу; 

     6)  үкімді  орындау.  Бұл  аталғандар  қылмыстық  іс  жүргізудің  негізгі 

сатыларына  жатады,  яғни,  жалпы  ереже  бойынша,  əр  қылмыстық  іс  осы 

сатылардан өтеді. Аталған сатыларды қылмыстық іс жүргізудің жеке кезеңдері 




329 

 

деп  түсінуге  болады  жəне  олардың  əрқайсысының  өзіне  тəн  міндеттері  мен 



ерекшеліктері бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет