ҚҰҚЫҚ негіздері


 Жер құқығының қағидалары



Pdf көрінісі
бет276/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   389
 

14.4 Жер құқығының қағидалары 

Құқық  қағидасы – бұл  қоғамдағы  құқықтың  мазмұнын,  оның  мəнiн  жəне 

мағынасын  сипаттайтын  алға  қоятын  идеялар.  Бiр  жағынан,  олар  құқықтың 

заңдылықтарын көрсетедi, екiншi жағынан, құқықтық реттеудiң барлық аясында 

əрекет ететiн жəне барлық субъектiлерге тарайтын жалпы нормаларды бiлдiредi. 

Бұл  нормалар  заңда  тiкелей  көрсетiледi  немесе  заңның  жалпы  мағынасынан 

туындайды.  Құқық  қағидалары  заң  шығарушы  үшiн  алға  қоятын  идеялар 

ретiнде  бола  тұрып,  құқық  нормаларын  жетiлдiру  жолдарын  анықтайды. 

Қағидалардың арқасында құқық жүйесi адам мен қоғамның маңызды мүдделерi 

мен  қажеттiлiктерiне    бейiмделедi.  Құқық  қағидалары – құқықтың  мəнiн 

бiлдiруде  оған  негiз  болатын  идеялар  мен  бастаулар.  Ол  идеялар  əдiлдiк  пен 

бос-тандықтың  сара  жолын  қорытындылау  арқылы  шығарылады.  Құқық 

қағидалары  əдiлдiк,  туралық  көрсеткiшi  болғандықтан  тұрақтылығымен 

ерекшеленедi,  олардың  ұзақ  уақыт  бойына  өзгермейтiндiгi  құқықтық 

нормалардан айырмашылығы болып табылады. 

Заң  əдебиеттерiнде  жер  заңдары  қағидаларына  көп  көңiл  бөлiнген. 

Қазақстандық ғалымдар iшiнде С.Б. Байсалов, Д.Л. Байдельдинов, А.Е. Еренов, 

Ə.Е.  Бектұрғанов,  Н.Б.  Мұхитдинов,  Б.Ж.  Əбдiрайымов,  Л.Қ.  Еркiнбаева  жəне 

басқа  да  ғалымдар  қағидаларды  зерттеген.  Ресей  ғалымдарының  iшiнде  бұл 

салада  зерттеулер  жүргiзген  ғалымдар – Б.В.  Ерофеев,  О.И.  Колбасов,  В.В.  

Петров жəне т.б.  

Жер  құқығының  қағидалары  дегенiмiз – жер  құқық-қатынастарын  реттеуде 

басшылыққа алынатын негiзгi заңды түрде бекi-тiлген бастамалар жиынтығы.    

Атақты ғалым заңгер, Ə.Е. Бектұрғановтың пiкiрi бойынша, жер заңдарының 

қағидалары келесiлер болуы керек дейдi: 

  жердi  табиғат  объектiсi,  Қазақстан  Республикасы  халқының  өмiрi  мен 

тiршiлiгiнiң негiзi ретiнде сақтау жəне қорғау; 

 жерде экологиялық қауiпсiздiк шараларын сөзсiз iске асыру; 

 жерлердi мақсатты жəне ұтымды пайдалану; 

 ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң басымдығы; 

  жерге  жердiң  жеке  меншiк  иесiне  жəне  жер  пайдаланушыларға  зиян 

келтiрмеу; 

 ақылы жер пайдалану; 

 жер нарығы тəртiптерiн сақтау. 

Жер кодексiнiң 4-бабында жер қатынастарын құқықтық реттеудiң қағидалары 

(принциптерi) аталған:  

Қазақстан  Республикасы  аумағының  тұтастығы,  қол  сұғылмаушылығы  жəне 

бөлiнбейтiндiгi; 



388 

 

  Жердi  табиғи  ресурс,  Қазақстан  Республикасы  халқының  өмiрi  мен 



қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау; 

 Жердi қорғау жəне ұтымды пайдалану; 

 Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 

 Жердi нысаналы пайдалану; 

 Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердiң басымдығы; 

  Жердiң  жай-күйi  жəне  оған  қолжетiмдiлiк  туралы  ақпаратпен  қамтамасыз 

ету; 

 Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау; 



 Жерге залал келуiн  болдырмау немесе оның зардаптарын жою; 

 Жердi ақылы пайдалану.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет