ҚҰҚЫҚ негіздері


Экологиялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету  қағидасы



Pdf көрінісі
бет279/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   389
Экологиялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету  қағидасы.  Бұл  қағида  жердi 

табиғи  ресурс  ретiнде  қорғау  мен  сақтау  қағидасынан  туындайды.  Кеңес 

Одағында,  Қазақстан  Республикасының  аумағындағы  полигондарды  толып 

жатқан  əртүрлi  атом  жары-лыстары  жүргiзiлдi.  Осылардың  əсерiнен,  жер 

күйзелiске ұшырап жердiң құнарлылығы төмендедi. Арал жəне Семей өңiрлерi 

экологиялық  апат  аймақтарына  айналды.  Көптеген  өндiрiс  орындары 

экологиялық  шараларды  қолданбайды,  жерге,  суға,  ауаға  өндiрiс  қалдықтары 

мен улы заттарды залалсыздандырмай шығарып тастайды.  

Ұлттық  қауiпсiздiктiң  құрамдас  бөлiгi  ретiнде  экологиялық  қауiпсiздiк 

тұрақты  дамудың  мiндеттi  шарты  болып  табылады  жəне  табиғи  жүйелердi 

сақтаудың  жəне  қоршаған  ортаның  тиiстi  сапасын  қолдаудың  негiзi  болады. 

Экологиялық қауiпсiздiк дегенiмiз – жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттiң 

өмiрлiк маңызды мүдделерi мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендiк 

жəне табиғи əсер ету нəтижесiнде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-

күйi.  Қазiргi  таңда  экологиялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  етуге  байланысты 

Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң 2003 жылғы 3 желтоқсандағы  № 1241 

Жарлығымен  мақұлданған  Қазақстан  Республикасының 2004–2015 жылдарға 

арналған  экологиялық  қауiпсiздiгi  тұжырымдамасы  қабылданған.  Аталған 

тұжырымдамаға  сəйкес,  экологиялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  етудiң  келесi 

кезеңдерi қарастырыл-ған: 



Бiрiншi  кезең (2004 – 2007 жылдар) – қоршаған  ортаның  ластану  деңгейiн 

төмендету жəне оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын əзiрлеу.  



Екiншi кезең (2008 – 2010 жылдар) – қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн 

тұрақтандыру жəне табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру.  



Yшiншi  кезең (2011 – 2015 жылдар) – қоршаған  ортаның  сапасын  жақсарту 

жəне қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.  

Қазақстан  Республикасында  экологиялық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету 

мақсатында: 

– жер ландшафтын тұрақты ұстап тұру жағдайын жасау немесе қорғау жерге 

орналастырудың басты мақсаты болып табылады. Оған жерге орналастырудың 

мынадай мақсаттары бағынады: – жерге орналастырудың схемасын жасау, жаңа 

жерлердi игеру жобасын жасау, ерекше режиммен пайдалану аумағын анықтау; 

–  жердi  аумақтық  экологиялық  жағдайын  бұзатын  тəсiлмен  пайдалану,  жер 

учаскесiндегi 

топырақтың 

құнарлылығын 

төмендететiн 

жағдай 


эксплуатациялау, экологиялық жағдайдың нашарлауы бұл учаскенi алып қоюға 

негiз болады; 




390 

 

–  жаңа  немесе  реконструкциялап  объектiлердi,  үйлердi,  ғимараттарды 



өндiрiске  енгiзу,  сонымен  қатар,  жер  жағдайы  мен  қоршаған  ортаға  керi  əсер 

ететiн  жаңа  технологияларды  енгiзу  мiндеттi  түрде  қоршаған  ортаны  қорғау 

шараларын жүзеге асыру барысында қарастырылуы керек. Мұндай жұмыстарды 

жүргiзу  алдында  мемлекеттiк  санитарлық-гигиеналық  жəне  экологиялық 

сараптаманың оң шешiмдi қорытындысы болуы тиiс; 

–  жерге  керi  əсер  ететiн  процестердi  жоюы  үшiн  алдын  ала    жер  қорының 

жағдайына бақылау жүйесi ретiнде жер монито-рингi үздiксiз жүргiзiлiп отыруы 

керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет