6. Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мəн-жайлар
бойынша қайта қарау сатысы.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады.
Шешімдерді жаңадан анықталған мəнжайлар бойынша қайта қарауға
мыналар негіз болады:
- іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мəн
жайлар;
- заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дəлелсіз
шешім шығаруға негіз болған куəнің біле тұра берген жалған жауабы,
сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашы-ның біле
тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың
жалғандығы;
- заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске
қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық əрекеттері
не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық əрекеттері;
- сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы.
Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мəн-жайлар
бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны
117
шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор.
Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мəн-
жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша
қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |