Азаматтық іс жүргізу құқығы. Азаматтық істер жүргізу тəртібімен
ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік, жер жəне т.б.) туып
отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының
нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына
əрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде,
жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пəрменді де
жанжақты қорғауға мүмкіндік береді.
Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдың қатынастарды реттейтін азаматтық іс
жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық
іс жүргізу құқығының пəні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс
жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пəндерін бірбірінен ажырата білу
керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі
екі (Жалпы жəне Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне:
жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін,
ведомстволық бағыныстылық жəне соттылық туралы жалпы ережелерді, іске
қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен
шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы
ережелерін жəне т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы
сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді,
ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау
бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына
келтіруді, халықаралық процесс жəне т.б. жатқызуға болады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – соттардың азаматтық істерді қарастыру
жəне шешу тəртібін белгілейтін жеке құқық саласы. Ол өз реттеу аясы
бойынша, яғни қоғамдық қатынастар шегі бойынша жекелік сипатқа ие. Ол
қатынастардың реттелуіне сала нормалары əсер етеді. Бұл – сотпен азаматтық
118
істерді талқылау жəне шешу тəртібі; соттар мен өзге органдар қаулыларын
орындау, іс жүргізу қатынастары субъектілерінің мəртебелік сұрақтарын шешу
тəртібі.
Реттелетін
қоғамдық
қатынастарының
ерекшеліктеріне,
олардың
субъектілік құрамы мен нақты құқықтық мүмкіндіктер кешеніне, тұлғалардың
құқықтық жағдайларына сəйкес, саланың əдісі айқындалады. Саланың əдісі
ретінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар субъектілерінің тəртібіне (заңи мəні
бар – əрекеттеріне) ықпал ету тəсілі (құқықтық тұрғыдан араласу тəсілі) болып
танылады. Іс жүргізушілік əдебиетте саланың келесі екі тəсілін бөліп
қарастырады: императивтік жəне диспозитивтік, кейбір оқулықтарда оларға
императивті – диспозитивтік деп жалпы атау беріледі.
Соттың іс жүргізу əрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап
шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы
шығарады жəне мəжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске
қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу əрекеттері диспозитивтік сипатта
болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы
бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы
мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.
Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдың
нормалардың жүйеленуі: реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше,
императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу
нормалары. Азаматтық іс жүргізу құқықтық нормалардың құрылымы:
гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген жəне т.б.),
диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялардың
түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |