6.4 Азаматтық іс жүргізу принциптері
Біздің елімізде жоғары заң күші бар жəне бүкіл аумақта тікелей
қолданылатын Конституция əр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы
құқықтарын, бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы
қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны азаматтық сот
ісін жүргізу тəртібімен істерді қарап шешу болып табылады.
Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері
қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап
ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар
арасындағы құқықтық дауды демократиялық жолымен дұрыс жəне жылдам
шешуге үлкен үлес қосады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен
оны жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латын сөзінде
(бастапқы) деген негізгі мағынаны білдіреді: объективтік (қандай болмасын
119
ғылымның, теорияның негізгі ережелері) жəне субъективтік (болмысқа қатынасын
белгілейтін адамның ішкі қасиеті сендіру).
Құқық принциптерінің мəні əлеуметтік-құқықтық шындық ғалымдар
тұрғысынан объективті зерттелгенде ғана айқындалады. Құқық принципі
дегеніміз – белгілі бір қоғам мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси
даму заңдылықтарының ерекше құқықтық көрінісі.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқық
қолдану тəжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын жəне
шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін
басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық істер бойынша сот
төрелігі дұрыс жəне уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң
нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай
жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай
нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз - азаматтық іс
жүргізудің демократиялық жəне қайырымдылық мəнін ашатын, оны құрайтын
процессуалдың нормалар, сатылар жəне институттарды анықтайтын, сондай-ақ,
азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекет қойған мақсат
пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын,
азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар.
ҚР АІЖКде сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге,
сондай-ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін
жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс
жүргізу құқығының жеке зерттеу құқықтық институты болып танылады.
Азаматтық іс жүргізудің құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау жəне
қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мəні зор екенін
байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы
шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін сақтау жəне оларға сəйкес
іс жүргізу əрекеттерін сот жəне басқа да іске қатысушыларымен жасау болып
танылады.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мəн-мағынасы туралы дұрыс
көрініс алу азаматтық іс жүргізу құқықтық саласының дамуына жəне азаматтық
істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін
қажет.
Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері соттармен құқықтық
нормаларды дұрыс түсінуге жəне қолдануға септігін тигізеді, заң шығару
тəжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан принциптер
азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормалар
əзірлеп қабылдауға жəне қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуға маңызды үлес
қосады.
120
Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу
принциптерін бұзбай қолдану жəне олардың кеңінен таралуы оның
демократиялық жəне құқықтық мемлекет болуына кепілдік беретіні даусыз.
Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс
түсінуге жəне қолдануға азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мəнін білу
қажет-ақ. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің мəнмағынасын
біліп түсінгенде ғана төрағалық етуші судья жəне басқа да қатысушылар
өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады жəне іс жүргізу міндеттерін
дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге
асыруда сот, іске қатысушылар жəне тағы басқалары ҚР АІЖКде белгіленген
мынандай нормаларды ескерулері тиіс:
- істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды жəне ол заңсыз сот
актілерінің күшін жоюға əкеп соғады. Заңның бұзылуына кінəлі судья заңда
белгіленгендей жауапты болады;
- азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен
маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға əкеп соғады
(23бап).
Басында жазылғандай, бірқалыпты жəне өзгермейтін құқық принциптері
болмайды. Сондыңтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін
жүргізу принциптері жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады.
Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот ісін
жүргізудің бастапқы идеяларына, негіздеріне сүйене отырып құрылады. Осы
азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (принциптері) азаматтық істер
бойынша сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық
азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтығы бойынша бірбірімен тығыз
байланыс құрып жəне бірбірін толықтыра отырып, біртұтас жүйе құрайды.
Жүйе дегеніміз нақты тұтастықты құрайтын, бірбірімен тиісті қатынаста
болатын көптеген элементтер. Осылайша, азаматтық сот ісін жүргізу бірбірімен
байланыстағы принциптердің жиынтығын құрайды. Тиісінше принциптер өзара
байланыс пен қатынаста болып біртұтас жүйе құрайды.
Азаматтық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі объективті сипатта
болуына қарамастан, заң əдебиеттерінде оның құрамы жəне осы жүйеге кіретін
кейбір жеке принциптердің атауы бойынша бірқатар ой - пікірлер бар.
Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаларына - заңдарда бекітілген жалпы,
маңызды жетекшілікке алатын негізгі ережелер мен сот қызметі негізделген. Бұл
қағидалар мықты нормалар түрінде тұжырымдалған олар құқық нормаларының
жалпы ережелерінде бейнеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |