ҚҰҚЫҚ негіздері


Азаматтық  іс  жүргізу  қатынастарының  субъектілері



Pdf көрінісі
бет78/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   389
Азаматтық  іс  жүргізу  қатынастарының  субъектілері.  Азаматтық  іс 

жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. 

Соның  қатарына  азаматтық  іс  жүргізу  қатынастарына  шетел  азаматтары, 

азаматтығы жоқ адамдар жəне шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске 

қатысушылардың  бəрін,  олардың іске қатынастығына орай,  белгіленген топтарға 

бөлінеді:  сот,  іске  қатысушылар  жэне  сот  төрелігін  жүзеге  асыруына 



жəрдемдесушілер. 

Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. 

Республикада  азаматтық,  төрелік,  қылмыстық  жəне  басқа  да  істерді  қарайтын, 

соттардан  тыс  ешқандай  орган  жоқ.  Сот  азаматтар  мен  ұйымдардың 

құқықтарын,  бостандьщтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғайтын,  ол  бұзылған 

жағдайда  оны  қалпына  келтіретін  барынша  ықпалды  нысан  болып  табылады. 

Соттар  қайсыбіреулердің  еркіне  қарамастан  тек  Конституция  мен  Республика 

заңдарына  сəйкес,  өздеріне  Республика  атынан  берілген  билікті  жүзеге 

асырады,  іс  жүргізу  нысанында  заңмен  белгіленген  сот  ісін  қарауға  процесс 

мүшелерінің  барлығының  да  белсенді  түрде  қатысу  мүмкіндігін  қамтамасыз 

етеді,  істің  ақиқатын  ашады  жəне  ол  бойынша  заңды  жəне  негізделген  шешім 

шығарады.  Соттарға  мемлекеттік  мəжбүрлеуді  қолдану  құқығы  берілген.  Сот 

азаматтық жəне шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінəлі тараптарды 

(талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тəртіпке шақырады, оларды міндеттері 

мен  жауапкершілігін  орындауға,  оның  ішінде  жауапкердің  есепшотынан  талап 

қоюшының  пайдасына  ақшалай  қаражат  өндіртуге  не  мүліктерін  өндіруге 

мəжбүрлейді.  Істі  сот  отырыстарында  қарау  мен  шешу  ҚР  Конституцияньщ 77 

бабында  жəне  ҚР  Азаматтық  іс  жүргізу  кодексінің  жалпы  бөлімінің  2тарауында 

аталған принциптерге негізделеді. 



Іске  қатысушыларды  азаматтық  іс  жүргізу  құқықтық  қатынастардың 

субъектері  ретінде  танимыз.  Олардың  құрамына  ҚР  Азаматтық  іс  жүргізу 

кодексінің 44 бабына сəйкес: 

-  тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді); 

-  үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдейтін 

жəне даудың нысанасына дербес талаптарын мəлімдемейтін); 

-  прокурор; 

-  мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар; 

-  ҚР АІЖКнің 56, 57 баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске 

қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар; 

-  арыз берушілер жəне басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖКнің 289 бабы) 

жатқызамыз. 




123 

 

Сот  төрелігін  жүзеге  асыруына  жəрдемдесушілер  азаматтық  іс  жүргізу 

құқықтық  қатынастарының  субъектілері.  Олардың  қатарына:  аудармашы,  куə, 

маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл жəне т.б. жатқызылады.  

Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) тараптар. 

Азаматтық  іс  жүргізудегі  тараптар  іске  қатысушы  тұлғалар  қатарына 

жатады (АІЖКнің 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кəсіпорын, 

мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы 

бар. 

Тараптар сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке 

мүддесі туралы даулары қаралып жəне шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар. 

Тараптар  деп  талап  қоюшы  мен  жауапкерді  атайды.  Талап  қоюшы  мен 

жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР азаматы, шетел азаматы жəне азаматтығы жоқ 

адам)  мен  заңды  тұлғалар  (мекемелер,  ұйымдар  жəне  кəсіпорындар)  болып 

табылады. 



Талап қаюшы сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары 

мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу 

заңында  талап  қоюшының  азаматтық  процеске  қатысуының 2 негізі 

көрсетіледі:  біріншіден,  талап  қоюшы  өз  мүдделері  жəне  құқықтарын  көздеп 

талап  қою  арқылы  қатысады;  екіншіден,  басқа  тұлғалардың  құқықтарын, 

бостандықтарын жəне заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. 

Бірінші жағдайда талап қоюшы іс ясүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол 

іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды. 



Жауапкер  талап  қоюшының  талабы  бойынша  сот  алдында  жауап  беретін 

тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе 

заңмен  қорғалатын  мүддесін  бұзып  не  дауға  салып  отыр.  Талап  қоюшы  мен 

жауапкер  сотта  қаралуға  жататын  даулы  құқық  қатынасының  немесе  заңмен 

қорғалатын мүдденің субъектілері. 

Азаматтық  іс  жүргізуде  тараптар  ретінде  қатысушы  үшін  азаматтық  іс 

жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖКнің 45бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу 

құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу əрекет қабілеттігі (АІЖКнің 

4ббабы) қажет. 

Азаматтық  іс  жүргізу  құқық  қабілеттігі  азаматтық  іс  жүргізу  құқықтары 

мен  міндеттеріне  ие  болу  қабілеттілігі,  материалдың  құқық  субъектілері  болып 

табылатын  барлық  азаматтар  мен  ұйымдар  үшін  бірдей  дəрежеде  танылады. 

Азаматтарға  азаматтық  іс  жүргізу  құқық  қабілеттері  туғаннан  беріліп,  өлгенде 

ғана тоқтатылады. 

Азаматтық іс жургізу əрекет қабілеттігі сотта құқықтарын өз ісəрекетімен 

жүзеге асыру жəне міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. 

Заңды  тұлғ  анық  азаматтық  іс  жүргізу  құқық  қабілеттігі  мен  əрекет  қабілеттігі 

мемлекеттік  тіркеуден  өткен  кезде  жəне  оны  куəландыратын  сəйкесті  құжат 

болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу əрекет қабілеттілігі толық көлемде 



124 

 

18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған атаанасының рұқсатымен 



үйленген немесе шарт бойынша кəсіпкерлік ісəрекетпен айналасатын болса оны 

толық  азаматтық  іс  жүргізу  əрекет  қабілеті  бар  деп  танимыз. 14-18 жасқа  дейінгі 

кəмелетке  толмағандардың,  сондай-ақ  əрекет  қабілеті  шектеулі  деп  танылған 

азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтарын  жəне  заңмен  қорғалатын 

мүдделерін  сотта  олардың  атааналары  немесе  өзге  де  заңды  өкілдері  қорғайды, 

алайда,  сот  мұндай  істерге  кəмелетке  толмағандардың  немесе  əрекет  қабілеті 

шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет