Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет51/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Үкімді орындау сатысы. Үкімді орындау қылмыстық іс жүргізудің соңғы стадиясы болып саналады.
Үкімді орындау бірнеше органдардың қатысумен атқарылады (сот, прокуратура, ішкі істер органдары, әділет министрлігінің органдары). Олардың бұл қызметке қатысуы сот тағайындаған жазалау шарасына және оның басқа да қылмыстық іс бойынша шығарған шешімдеріне байланысты болып табылады.
Үкім заңды күшіне енген соң орындалуға тиіс. Ол кассациялық (апелляциялық) шағымдану немесе наразылық білдіру мерзімі өткен соң, ал егер үкімге шағым немесе наразылық берілген болса, онда кассациялық (апелляциялық) саты сотының қаулысы шыққан кезден бастап заңды күшіне енеді. Сол сияқты занды күшіне енген соттың қаулыларының да орындалуы міндетті.
Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың есi кiресiлi-шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жерлеуге, зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтем ретiнде төленген сомаларды, жәрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке шыққан шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiне және сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады Азаматтық талап айыпталушыға немесе айыпталушының әрекетi үшiн материалдық жауап беретiн адамдарға қойылады және қылмыстық iспен бiрге қаралады.
Талапкер қылмыстық iсте азаматтық талап қойған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.Қылмыстық iстен туындайтын азаматтық талаптың соттылығы ол талап қойылған қылмыстық iстiң соттылығымен айқындалады.Қылмыстық iс бойынша қойылған азаматтық талапты дәлелдеу ҚІЖК-де белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi. Егер азаматтық талапқа байланысты туындайтын iс жүргiзу қатынастары осы Кодекспен реттелмеген болса, азаматтық iс жүргiзу заңдарының нормалары осы ҚІЖК-не қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.Есi кiресiлi-шығасылы адамның қылмысы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекетi нәтижесiнде зиян шеккен адам не оның өкiлi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап, бiрақ сот тергеуi басталғанға дейiн кез келген уақытта азаматтық талап қоюға құқылы.Азаматтық талап жазбаша нысанда берiледi. Талапта қандай қылмыстық iс бойынша, кiм, кiмге, қандай негiзде және қандай мөлшерде азаматтық талап қоятыны көрсетiледi, сондай-ақ зиянды өтеу үшiн нақтылы ақша сомасын немесе мүлiктi өндiру туралы өтiнiш жазылады. Азаматтық талаптың негiзiн және талаптың мөлшерiн нақтылау қажет болған кезде ол адам қосымша азаматтық талап қоюға құқылы.Айыпталушы ретiнде жауапқа тартылатын адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға бөгет болмайды.Қылмыстық процесте азаматтық талап қоймаған адам, сондай-ақ талабын сот қарамай қалдырған адам оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қоюға құқылы. Қылмыстық iзге түсу иммунитетiнiң болуына байланысты айыпкер ретiнде жауапқа тартуға болмайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет