Түзеу мекемелерінде заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар қылмыстық-атқару жүйесінің және тәрбиелеу колонияларының, түрмелер, емдеу-сауықтыру мекмелерінің әкімшілігі қызметінде заңдылықты қадағалауды іске асырады.
Түзеу мекемелерінде заңдардың сақталуын қадағалау жөніндегі прокурорлар аумағында мамандандырылған прокуратуралар орналасқан сол облыстың прокурорына бағынады.
Түзеу мекемелерінің әкімшілігінде заңдадың орындалуын қадағалаудан басқа прокуратуралар жазасын өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ соңғы аумақтағы осы мекемелердің қызметкерлері жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істерді тергелуін қадағалауды іске асырады. ҚР прокуратура органдары жүйесіне ғылыми мекемелер кіреді: С.Есқараев атындағы ҚР Бас прокуратурасының жанындағы заңдылық, құқық тәртібі проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты.Прокуратура органдары басшылары бес жылда бір рет біліктілігін арттыру міндетті курстарынан өтуді белгіледі. Ал қалған қызметкерлер – үш жылда бір рет.
Адвокатура және нотариат түсінігі,түрлері
Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екендігін атап өткен жөн. Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір – бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады.
Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Адвокатураның негізгі ұйымдық- құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы – білікті заңгерлердің кәсіби ұйымы.
Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу – адвокаттық қызметке үлкен саяси - әлеуметтік маңыз береді.
Адвокатураның өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді қаншалықты тиімді атқаратындығы белгілі бір дәрежеде әрбір азаматтың ғана емес, сондай-ақ жалпы қоғамның құқықтық қорғалу дәрежесіне де байланысты.
Әрбір азамат заңға қайшы емес барлық әдістермен, соның ішінде адвокатқа – заңгерлік білімі және азаматтар мен ұйымдарды қорғау мен өкілдік ету бойынша қажетті дағдылары бар кәсіби заңгерге өзінің жүгіну құқығын пайдалана отыра, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқылы. Адвокат – ол өзінің заңи білімі мен практикалық тәжірибесін заң көмегін көрсету кезінде пайдаланатын білікті жоғары кәсіпқой.
Конституцияның білікті заң көмегін алуда азаматтар мен ұйымдарға кең және тең мүмкіндік беретіндігін атап өткен жөн. Конституциялық нормаларға сүйене отыра,” Адвокаттық қызмет туралы” 1997 – жылғы 5 – желтоқсандағы ҚР заңында адвокаттардың шешілімі кәсіби заң білімін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беретіндігі ; талап қою арыздарын шағымдар мен басқа да құқықтық сипаттары құжаттарды жасайтындығы; қылмыстық және азаматтық сот жүргізу істері мен әкімшілік құқық бұзушылық істерге қатысатындағы; азаматтар мен ұйымдарға өзге де заң қызметін көрсететіндігі тікелей айтылған.
Адвокатураға қызмет мазмұны мен міндеті бойынша жақын, заң көмегін көрсететін өзге де ұйымдар тартылуда.Бұл үрдіс соңғы жылдары қанат жая бастады. Олар-өзіне азаматтар мен заңды тұлғаларға ақылы заң қызметін көрсету міндетін алатын, адвокаттық қызметпен байланысты емес қызметтрді көрсететін фирмалар мен өзге де кәсіпкерлік субъектілер.Осыған байланысты заң көмегін құқық көмегінен ажырата білу керек. Осылайша, Қазақстан Республикасының басқа елдермен жасаған халықаралық шарттарға сәйкес құқықтық көмек-бұл сот,әділет және тергеу органдарының екі немесе бірнеше мемлекет жасаған шарттар негізінде бір-біріне азаматтық,отбасылық және қылмыстық істерді шешу үшін жәрдемдесу жөніндегі қызмет.Адвокатура өзінің маңызы мен орны бойынша қоғам мен мемлекет тарапынан да басқа мемлекеттік құқық қорғау органдары сияқты өзіне соншалықты назар аударуды талап етеді, өйткені заң адвокаттан өзіне заң көмегін көрсетуді сұраған әрбір адамның конституциялық құқығы мен мүддесін толық, объективті және білікті қорғауды талап етеді.
Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде “Адвокатура” термині 1) ұйымды,адвокаттар алқасын;немесе 2) адвокат қызметін білдіреді.
Заңи әдебиетте және қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, “Адвокаттық қызмет туралы” ҚР Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады.Адвокаттар алқасы заңды және жеке тұлғаларға білікті заң көмегін көрсету,адвокаттардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, жоғарыда аталған Заңда белгіленген өзге де білдіру міндеттерді атқару үшін құрылған адвокаттардың коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйымы болып табылады.Заңда адвокаттар алқасы қоғамдық ұйым ретінде аталмаған. Алайда оның нақ осы қоғамдық ұйымға тән белгілері бар. Бұл: 1.Кәсіби ұйымды құрған тұлғалардың теңдігіне негізделген, тиісті ретпен ресімделген мүшеліктің болуы. Адвокаттар алқасы жоғары заң білімі бар және біліктілік емтиханын тапсырған және адвокаттық қызмет жүргізу құқығына лицензия алған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан құрылады.2. Қоғамдық ұйым мүшелерінің оның мүліктік негізін жасауға материалдық қатысуы тек кіру және мүшелік жарна түрінде ғана жүргізілмейді. Адвокатурада ұйымның мүліктік негізін құруға арналған қаражат, сондай-ақ өз қорларынан заң консультациялары аударған сома және адвокат кеңселері азаматтар мен ұйымдарға заң көмегін көрсеткені үшін алған төлемнен құралады.3. Алқа мүшелерінің өз ұйымының ісін басқаруға, алқа бас органдарын сайлауға, оның басшы органдарының қызметін бақылауға қатысуы-осының барлығы тәуелсіз және өзін-өзі басқаратын қоғамдық ұйым ретінде осы құқықтық институттың ерекшелігін көрсетеді. Адвокаттар алқасы- адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өкілдік ету үшін кәсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес және коммерциялық емес құрылым. Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары әртүрлі заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар: шешілімі кәсіби заң білімін талап ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыптаушылардың және сотталған адамдардың қорғаушылары, жәбірленушілердің, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы; соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілдік ету; азаматтар мен ұйымдарға заңда тиым салынбаған басқа да заң көмегін көрсету. Заңды қолдану мәселесі бойынша кеңес беру адвокттар қызметінің маңызды бағыты болып табылады.Оның мәні- қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу және басқа заңдардың нормаларын дұрыс түсіндіру мен дәл қолдану бойынша түсініктеме беру.
Консультация:
даудың материалдық- құқықтық астарын;азаматта талап қою құқығының бар жоғын (процессуалдық астар);іс бойынша түпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін заңды негіздің бар-жоғын және қандай нысанда екендігін (соттық, әкімшілік және т.б.), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.
Құқықтық кеңес:
заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға және оны дәл қолдануға, құқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге және т.б.;
мазмұндау нысаны бойынша жеңіл, яғни түсінікті;
нақты: жалпы құқық және оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мәселені шешудің ықтимал жолдарын көрсетуге;
нәтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашағын анық көруге тиіс.
Кейбір жағдайларда талап қою өтініштерінің (анықталып қойылған талаптарға сәйкестік), шағымдардың (азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің бұзылуы, өтініштер бойынша қабылданған шешімдердің орындалмауы, лауазымды адамдардың теріс қылықтары туралы) және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың дұрыс жасалуы талап етіледі.Адвокаттың қылмыстық сот ісіне қатысуы- адвокаттық қызметтің негізгі бағыттарының бірі.Адвокаттық қызметті реттейтін заңнама адвокаттық қызметтің рәсімдерін реттейтін және оның жүзеге асыру тәртібі мен мазмұнын анықтайтын, Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілер болып табылады.
Жоғарыда тізбеленген заңнама актілерінің ережелеріне сәйкес адвокаттық қызметті реттейтін заң негіздеріне мыналар жатады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы;
адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған конституциялық заңдар;
“Адвокаттық қызмет туралы” заң;
адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған өзге де заңдар;
адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған заңға негізделген нормативтік актілер;
адвокаттық қызметке қатысты нормалар мазмұндалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге міндеттемелері;
адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары;
адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
Заң күші – нормативті құқықтық актінің белгілі бір құқықтық салдар туғызу ерекшелігі. Адвокатураның негізгі принципі заңдылық болып табылады, ол ҚР Конституциясын, “Адвокаттық қызмет”туралы ҚР заңын және осыларға сәйкес қабылданған заңдарды мүлтіксіз сақтау ретінде анықталады.Адвокатураның тәуелсіздігі прокуратура, сот, анықтау және алдын ала тергеу органдары, өзге мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, басқа ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан, тікелей заң актілерінде көзделген реттерді қоспағанда, оның қызметіне ешбір араласпауына жол бермейтіндігі жөніндегі заңда белгіленген тәртіптерді білдіреді. Заңда тиым салынбаған әдістермен және құралдармен адвокаттық қызметті жүргізудің келесі принципі – оның негізіне адвокаттық клиенттің заңды мүддесін қорғауды немесе өкілдікті тек заң құралдарымен жүргізетіндігі ( заңды соттың, прокурордың, процеске өзге қатысушылардың бұзуына, егер бұл бұзушылық айыпталушының (сезіктінің), құқықтарын аяққа басса дереу жауап қату); соттың, басқа құқық қорғау органдрының және т.б. шешімдеріне клиенттің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша (немесе келісімімен) шағым жасау міндеттемесінің жататындығы. Адвокатураның негізгі принциптерінің бірі- прокуратура, сот, анықтау және алдын ала органдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың, заң актілерінде тікелей көздеген жағдайларды қоспағанда, адвокатура қызметіне араласуына жол бермеушілік болып табылады. Адвокатураны ұйымдастырудың және қызметінің келесі приципі кәсіби мінез-құлық нормалары мен адвокат құпиясын сақтау болып табылады.