Құқық негіздерінің қайнар көздері


Халықаралық бұқаралық құқықтың даму тарихы



бет73/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

1.4. Халықаралық бұқаралық құқықтың даму тарихы.
Халықаралық бұхаралық құқықтын басқа құқық ғылымымен салыстрғанда ерекшелігі оның институты мен нормаларының қалыптасуында халықаралық жеке құқық доктринасының өте маңызды роль алуында.
Құлиеленушілік қоғамда ХЖҚ болмаған. Оны Ежелгі римде шетелдің құқықтары таңылмағандығынан, Ежелгі Үнділердің Ману заңдарында шетелдіктер қорғалудың ең төменгі сатысында болғандығынан және Юстинианның Дигесталарында коллизиялық нормалардың болмауынан көруге болады. Бірақ ежелгі әлемде мемлекеттер арасында құқық көмегі мен реттелетін сауда айналымы болған. Осындай айналым қажеттілігін белгілі түрде қанағаттандыру мақсатында Ежелгі Рим заңгері "Халық құқығы" дамыған құқық нормаларының бір жүйелі қалыптасу жолынан өтті. Халық құқығы деп азаматтық қатынасты айтатын. Осы құқық Римдіктер мен шетелдің арасындағы қатынастарды реттеп отырды.
ХЖҚ жария тәртіп ұғымы орта ғасырларда қалыптаса бастады. Сол кездің өзінде мәртебенің екі түрі туралы айта бастады.

  1. Оны шығаратын қаланың шегіндегі мәртебе.

  2. Оны шығаратын қаланың, мемлекеттік шегінен тыс әрекет ететін мәртебе.

Орта ғасырда сауданың және шетелдік саудагерлердің қызметіне байланысты ХЖҚ нышаны пайда бола бастады. Теңізде жүзу мен сауданың дамуына байланысты барлық мемлекеттерде ашық теңізде және мұқитта жүзудің кеме қатынасының бостандығы қағидаты мойындалды.
Батыс Европада да ХЖҚ саудаға байланысты пайда болған әр қаланың өз әдет ғурпы болғанымен, дами келе басқа қаланың құқығын қолдануға тура келеді.
Сауда да шетелдік құқықты қолдануды қолдайтын заңгерлер көбейді. Оларды глоссаторлар да, олар Рим құқығын қолдаудың нормаларға бейімдеу үшін глосса, яғни Юстиниан коллизиясының белгілерін жасады, бұл коллизиялық қолданылуына ықпал жасады. Кейін глоссаторлардың орнына постглоссаторлар келді, олар Рим құқығының мәнініне кең түсіндірмелер жасады. Алғашқы постглоссатор болған Бартол мен оның шәкірті Бальд ХҚЖ доктринасының бастаулары саналады. Постглоассатордың теориясының мәні - азаматтық-құқықтық қатынастарды материалдық қорғау негізінде коллизияның қағидатын бекіту.
Капиталистік елдерде пайда болғаннан кейін шетелдер құқық қорғау жағдайы оларға "ұлттық режимнің" берілуіне байланысты жақсарды.
1.5.Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқығының арақатнасы.
Осы заманңы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді. Аталған мәселе көпке дейін халықаралық құқықтың теориясы мен тәжірибесінде талас тудырып келді. Бұл проблеманың генезисі былайша сипатталады. Бұл мәселеге байланысты мынадай үш түрлі негізгі көзқарастар өмір сүріп келеді:
1) халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бір бөлігі және құқық ретінде өз бетінше өмір сүре алмайды. Ол азаматтық құқық жүйесіне жатады. Мұндай пікір алғаш 1926 ж. И.С.Перетерскийдің еңбектерінде айтылады;
2) Интернационалдық позиция. ХЖҚ - халықаралық құқықтың бір бөлігі, яғни ХЖҚ + халықаралық жария құқық + ХҚ;
3) ХЖҚ кейде азаматтық құқықтың арнай салаларының бірін құрайды, бірақ негізінен халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқықтың ішкі байланысын белгілейтін соңғы позиция істің мән-жайына жақын келетін сияқты.
Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді. Ал халықаралық жеке құқық шетелдік элементтермен байланысты азаматтық құқықтық қатынастарды реттейді. Халықаралық жеке құқық ішкі мемлекеттік құқықтың бір бөлігі, бірақ орынды иеленеді, сөйтіп арнаулы пәні мен реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты оның дербес саласы болып табылады.
Халықаралық жеке құқық пен халықаралық жария құқықтың арасындағы өз ара әрекеттерді көптеген ұқсас қағидаттардан да көруге болады.
Халықаралық жария құқық пен ХЖҚ арасындағы толық байланыс ХЖҚ-тың мемлекетаралық қатынастарды емес, халықаралық өмірді сипаттайтындығына байланысты болады. Осыдан келіп, халықаралық жария құқықтың кейбір бастама негіздері ХЖҚ үшін де белгілі бір мәнге ие болады.
Мемлекет шетел элементері бар азаматтық құқықтық қатынастарға қатыныс бар мәселелерді өзінің ішкі заңдарымен немесе халықаралық келісімдермен шешкенде халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне өз көзқарасын белгілейді, халықаралық жеке құқықтың осы ынтымақтастығын ұйымдастыруға қатысатынынан мемлекеттердің халықаралық жеке құқық көлеміндегі актілері оның сыртқы саясатын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет