Құқық негіздерінің қайнар көздері


Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстьщ заңдардыц міндеттері болып



бет42/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстьщ заңдардыц міндеттері болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыс-тық қол сүғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстар-дың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодекс-те қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Қылмыстық құқық өзінің алға қойған қорғаушылық, сақтандырушылык және тәрбиелік міндеттерін тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырады.
Бұл прищиптерге: заңдылық қағидасы, азаматтардың заң алдында теңдігі, жауаптылықтан құтылмайтындық принципі, жеке жауаптылық қағидасы, әділеттілік, ізгілік принциптері, кінәсіздік презумпциясы және т. б. жатады.
Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық кесім болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың кайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу - қылмыстык заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттердің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі, нәтижесі болып табылады. Әрекет дегеніміз адамның кылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған кайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс деп есептелмейді.
Сонымен, қылмыстық заңдармен жазалау катерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады. Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылык қылмыстың белгілері екендігі көрініп түр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет