Қазіргі уақытта «педагогикалық жаңа технология» мұғалімдердің педагогикалық жұмыстарының негізделген моделі болды. Дүние жүзі бойынша шетел тілін оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдістері іздестірілуде.
Зимняя И.А және Сахарова Т.Е: «Педагогикалық технология дегеніміз – педагогтардың жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуді қамтамасыз етуде қарым-қатынас іскерліктері мен кәсіби іскерліктерін жоғарылату болып табылады». (2)
Оқыту үрдісінде жаңа технологиялар қолдану ғылымға және тәжірибеге негізделген түрлі білім салаларын кең түрде игеруге, оларды іс жүзінде пайдаланғанда, аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс-әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы. Осыдан келе, әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес, жаңа технологияны меңгеру интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани жағынан өзін-өзі дамытуда, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда көмектеседі.
Оқытудың жаңа технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық және педагогикалық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртібіне, пәнге деген ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындатып, мұғалімдердің интеллектуалды шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжіриебенің нәтижелігіне, жинақтылығына жақсы әсер ететіндей оқу тәрбие үрдісінің басты рөлін атақарады.
Былайша айтқанды, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген әдістердің үйлесімділігі арқылы оқыту мен тәрбиелеу тиімділігін қамтамасыз ететін білімінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Шетел тілдерін арнайы пән ретінде оқыту білім беру және дамыту, жетілдіру потенциалын толық түрде жүзеге асыруды көздейді, сол арқылы оқушылардың тек өзін қоршаған әлемге деген көзқарасын байытып қана қоймай, олардың жалпы білім деңгейін артырып, дүние жүзі мәдениетіне есік ашуға болады. Шетел тілін оқыту арқылы оқушының өз мәдениетін терң түсінуіне, оның азаматтық, рухани және материалдық дамуына ықпал етуге болады.
Басқа халықтың ойлау, түйсіну және тұрмыс тіршіліктерінің ерекшеліктерімен танысу оқушылардың өзін қоршаған әлемнің көпжақты, сан-салалы екені жайында ұғымдары қалыптасуына септесе отырып, басқа әлеуметтік-мәдени бірлестік өкілдерімен сөйлесуге дайын, ашық-жарқын әрі шыдамдылықпен, байыппен қарым-қатынас жасай алатындай жеке бас қасиеттерін тәрбиелеуді, сонымен қатар мәдениетаралық қарым-қатынасқа үйретуді де көздейміз.
Шетел тілі пәні – тұлғалық, мәдени, кәсіби қалыптасуға үлкен мүмкіндіктер беретін пән. Сабақты ұйымдастыру проблемасы отандық, сонымен қатар, шетелдік әдебиеттерде аз жазылмаған. Ғалымдардың пайымдауынша, сабақтың нәтижелі болуы үшін қойылған оқу мақсатын шешуші дәріс алушылар тобын құру керек.
Сыныптық сабақ түрлеріне: фронтальдық, топтық, жұптық және жеке жұмыстар жатады.
Топтық және жұптық, бұл дәріс алушылардың ұжымдық оқу қызметі. Отандық педагогикалық ғылымда ұжымдық оқыту қызметіне толықтай анықтама берген Б.Ф.Ломов:
Ортақ мақсатқа жету үшін біріге әрекет жасау іскерлігі;
Өзара қойылатын талаптардың болуы;
Әр дәріс алушының өз жұмысына ортақ топтың жұмысы ретінде қаруы;
Өзініңі жетістіктерін және кемшіліктерін ортақ жұмыс нәтижесінен бағалау, сонымен қатар нәтижесіне қызығушылық білдіру;
Өзіне сын көзбен қарау іскерлігі. (3)
Үш немесе одан да көп адамнан тұратын топта ұжымдық оқу іс-әрекетінде дәріс алушылар әр түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында бұрын соңды меңгерген білімдерін тасымалдап, өз сөзіне жаңа тілдік материалды белсенді түрде қосуға мүмкіндік алады. Оқыту, ұжымдық оқу қызметінде дәріс алушылардың қызығушылығы, қажеттіліктері және жеке психологиялық ерекшеліктері ескерілген жағдайда ғана тиімді болмақ. Осы жерде, әдіскер-психолог Қ.Б.Жарықбаев коммуникативтік сабақтардың психологиялық факторларына төмендегілерді жатқызады: а) дәріс алушыларға жеке тұлға ретінде құрметпен қарау; ә) әр қатысушының жұмысының қайталанбауын қадағалау; б) әр оқушының жеке тұлғалық автономиясын сақтау; в) тұлға аралық қарым-қатынасты жетілдіру. (4)
Дәстүрлі оқыту моделі дамушы, спонтанды, белсенді. Аутентті құрылған жаңа оқу моделімен алмастырылады. Оқу процесінің тиімділігі жобаға қатысушылардың барлығының тілдік қарым-қатынасқа белсенді түрде алушылардың қатарларымен бірігіп жұмыс істеуге деген қызығушылықтары артып, тиімді және нәтижелі қарым-қатынасқа деген талпыныстары пайда болды.
Ресей психологы А.А.Леонтьевтің айтуынша:
Дәріс алушының әлеуметік тәжірибені, яғни, білім, дағды және іскерлікті қалыптастыруға ат салысуы;
Дәріс алушыны еркін және креативті ойлауға қабілеттендіруі;
Дәріс алушының дүниеге көзқарасын қалыптастыру;
Дәріс алушының бойына тұлғалық қабілет пен сапалық жүйесін жетілдіретін: құлышыныс, рефлекция, жүйелі білімдер қалыптастыру қажет деген пікірмен толық келісеміз. Яғни, оқушы жоба технологиясымен жұмыс жасауда жан-жақты білімдер алады, еркін және сын тұрғысынан ойлайды, берілген тапсырманы орындауға деген ішкі құлшыныс (мотивация) пайда болады және тұлғалық қабілеттері жетіледі. (5)
Психологиялық көзқарас бойынша, жеке тұлғаға бағыттап оқытуда, «өз бетінше» танып білуі дайындығын ескеруіміз керек.
Жоба технологиясы бойынша өз бетінше танып білуге деген дайындығы екі аспектіден қаралады:
а) мотивациялық және интеллектуалды дайындық компоненттерінен тұратын психологиялық дайындық;
б) методикалық және лингвистикалық компоненттерінен тұратын қарым-қатынса дайындықтары.
Мотивациялық дайындық – бұл, дәріс алушының сабақта шетел тілінде сөйлеу қызметіне талпынысы. Млтивация проблемасымен айналысқан, зерттеп, оны қалыптастырудың жолдарын іздестірген психологтар мен педагогтардың пікірінше: «Жұмыс барысында өзара түсініспеушіліктердің болмауын алдын алу қажет»,-деген. (5) Мотивацияны қалыптастыру – оқуға деген құлышыныстың пайда болуы. Сондықтан да, тілмен жұмыс істегенде, яғни, қарым-қатынасқа түскенде дәріс алушылардың коммуникативті жағдаятты жасап шығаруы интеллектуалды белсенділіктерін қалыптастыруы өте маңызды.(6)
Қазіргі психологияда шетел тілін меңгеру процесінде мотивация қажетті компонент ретінде оқу қызметінің ішкі құрылымына кіреді, яғни, мотивация – үйренудің қозғаушы күші болып табылады.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасау процесінде салыстыру-болжау, жүйелендіру-нақтылау, дәлелдеу-қорытынды жасау алушының интеллектуалды дайындығы болып табылады.
Лингвистикалық дайындық бұл тілдік құралдармен қамтамасыз етілген деген мағынады болса, ал методикалық дайындық – меңгерген тілді қарым-қатынса жасау барысында тәсілдерді қолдана білу. (7)
Педагогикада дәріс алушылардың өзіндік жұмысы және қызметі деп ажыратылады. Педагогикалық көзқарас бойынша, бұл түсініктер бірдей емес, бірақ бір-біріне қатысы бар. Өзіндік жұмыс дәріс алушының шығармашылық қабілетін жетілдіруде үлкен үлес қосады. Осы орайда ол дәріс алушылардың шығармашылық өзбеттілігі көрінісі ретінде қаралады.
Ғалым Т.Иәжібаев «тіл үйренуге болатын пән емес, үйренуге қажетті пән», - деген болатын. Дәріс алушылардың танымдық белсенділіктері үш негізгі компонентті қосатын жүйелі білім болып табылады:
Мазмұнды жағы;
Оперативті жағы (түрлі іс-әрекеттер, дағды , іскерлік);
Нәтижелі жағы (білім, идея, көзқарастар мен өмірлік тәжірибелер, жаңа тұлғалық сапалар, танымдық белсенділікті жүзеге асыратын бірден бір шарт).
Дәріс алушының қызметін белсенді етудің мақсаты тілдік материалды меңгеру тиімділігін жоғарылату жәгне олардың шығармашылық ойлауын жетілдіруге ат салысу. (8)
Қарым-қатынасты психологиялық тұрғыдан алып қарасақ, бұл коммуникативті тапсырмаларды шешу процесі. Бұл процесс өз кезегінде бірнеше кезеңге бөлінеді. Ол коммуникативті тапсырма негізінде бағытталады.
Қатысушылар тобының қарым-қатынсатағы психологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін топтың анықтамасына тоқталайық. Психолог мамандардың баяндауы бойынша, «Топ – қоғамдағы адамдардың белгілі сипаттары мен ерекшеліктеріне орай бірлесіп атқаратын істеріне сәйкес бірлесуі болады.(9) Ал қатысушылар тобы психологтардың еңбегінде формальды топқа жатқызылады. Топта жетекшілікті өзіне алатын лидер болады. Лидер топтың алдына қойған мақсатына жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды, топ мүшелері қоғамдық белсенділіктерін дамытады. Оған қоса топтың алдында үлкен мәні бар психологиялық үйлесімділікті атап өту керек. Себебі, психологиялық үйлесімділік – топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі, мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әрбір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді.
Психолог А.А.Леонтьевтің (5) өзінің кітабында шетел психологтарының еңбектерін зерделей отырып, топтық қарым-қатынастағы әрбір қатысушының қызметін кең түсіндіреді. Топтық сөз қарым-қатынасында әрбір қатысушы әлеуметтік роль атқарады. Бұл рөлдерді ойнау үшін үш шарттың орындалуы талап етіледі. Біріншіден, берілген рөлді жетік білу керек, екіншіден, сол рөлге сәйкес құлшынысты көрсете білу керек, үшіншіден, рөлді орындауға қажетті дағдылар мен іскерліктерді көрсете білу керек.
Топтың құрамында топқа әсері бар екендігін автор бөліп айтады. 4-6 адамнан құралған топ аралас болса, дау болуы ықтимал, бірақ аралас топ мүшелерінің әрекеті кері әсер бере отырып, қарм-қатынсатың тиімділігін арттырады. (5)
Ресей психологы И.А.Зимняя, топтық қарым-қатынас мұғаліммен бірге серіктес қарым- қатынасты жүргізе алатын ұжымның тұтас субьект ретіндегі топты қалыптастырады деп ұйғарады. Осындай қарым-қатынас ұжымның коммуникативтілігін дамытады. Ұжымның коммуникативтік әрекетінің ұстанымы ұжымның шығармашылығын басты мақсат ретінде қолға алса, әркім өзінің белсенділігін көрсетеді және өзіне маңызды деп санайтын пәнді дұрыс таңдаса ғана жүзеге асады дейді автор.(11) Бүкіл топтың оқу әрекетінің ұжымдық жұмысына қатысуы әр адамның рахат сезіміне бөленуіне, өзінің сөз әрекеті қажетті, пайдалы, дұрыс екендігін сездіруге, шетел тілінде сөйлеуде сенімділікке ие болуына жалпы алғанда әркімнің бойында кісілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге, Зимняя И.А. шетел тілінде топтық жұмысты табысты өткізу үшін біріншіден, әр қатысушының теориялық білімі терең болуы, екіншіден, шетел тілін жеткілікті меңгеру деңгейі, үшіншіден, тілдік сананың толық қалыптасқан деңгейі болуы керек деп шешеді. (11)
Психолог А.В.Петровскийдің пікірі бойынша қарым-қатынас деп біплескен іс-әрекеттің қажеттілігін білдіретін адамдар арасындағы байланысты көп жоспарлы түрдегі даму процесін айтады. Ғалым қарым-қатынсатың үш жағын көрсетеді. Қарым-қатынастың бірінші коммуникативті жағы адамдардың хабар алмасуы арқылы жүзеге асады. Қарым-қатынастың екінші интерактивті жағы адамдардың сөзбен ғана емес іс-қылықтары арқылы өзара әрекеттесуін көрсетеді. Қарым-қатынсатың үшінші перцептивтік жағы қарым-қатынасқа қатысушы адамдар арасындағы өзара түсіністікті қамтиды. (10)
Бірнеше психологиялық еңбектердің авторы, психолог А.А.Леонтьевтің пайымдауы бойынша қарым-қатынас деп бір-бірімен психологиялық қарым-қатынасқа қосылған адамдар арасындағы бағытталған және оны белгілі бір құралдар арқылы қолдап отыратын процесті айтады. Автордың тұжырымы бойынша, қарым-қатынас адамдар тобының ішінде болады, және сол адамдар өздеріне тән белгілері арқылы сөз қарым-қатынасына түседі. Бұл белгілер қатысушылардың ортақ мақсаты, мотивтері, бірдей қызығушылығы, әлеуметтік білімдері арқылы көрінуі мүмкін.(13)
Психолог А.А.Лисинаның анықтамасы бойынша қарым-қатынастың пәні тілдесуші ретіндегі субъект басқа адам болады, ал қарым–қатынастың мұқтаждығы басқа адамды тану және бағалау арқылы өзін тануға талпынған іс-әрекетінен көрінеді. Сонымен бірге қарым-қатынас басқаларды тану мақсатын көздейтін коммуникативтік мотивтерді, басқа біреуге өзінің объектісі ретінде бағытталған бірыңғай актіні көрсететін әрекеттері, осы әрекеттерді іске асыруға қолданылатын тәсілдері, бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыруға, жеке тұлға аралық қатынастарды қалыптастырып дамытуға, адамдарды тануға бағытталған осындай қызметтері және нәтижесі арқылы сипатталады. (12)
Жоғарыда аталған психологтардың топқа берген анықтамаларын жүйелесек, дәріс алушылар тобында алға қойған мақсатқа жететін жолдары мен құралдары жоспарлайтын, топ мүшелері арасындағы атқарылатын, іске жауапты қарайтын, қоғамдық белсенділікті дамытатын, топтың ішінде психологиялық үйлесімділікті қамтамасыз ететін лидер болуы керек деп табамыз. Оған қоса пікір таласты өткізу барысында топтың әр мүшесі берілген рөлді жетік білуі, сол рөлге сәйкес құлшынысты білдіруі, рөлді орындауда қажетті іскерліктерді, шетел тілінде жеткілікті меңгерген білім деңгейін, өзіндік шығармашылығын, тілдік сананың толық қалыптасқан деңгейін белгілі дәрежеде көрсетуі пікір талас үшін маңызды екендігін атап көрсетеміз.
Аталған авторлардың пікірлерін жинақтасақ, қарым-қатынасты анықтайтын сипаттар пәні, мақсаты, мотивтері, әрекеттері, тәсілдері және нәтижесі дұрыс айқындалып іске асқанда қарым-қатынас жасаушылар хабар алмасады, өзара әрекеттесе отырып, өзара түсіністікке ие болады деп қорытынды жасай аламыз.