І. Негізгі бөлім Жоба технологиясының теориялық негіздері



бет1/21
Дата15.06.2023
өлшемі322,5 Kb.
#101565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Шетел тілі сабағында жоба әдісін қолдану




Жоспар


Кіріспе…………………………………………………………3


І. Негізгі бөлім
1. Жоба технологиясының теориялық негіздері

1.1. Шетел тілін оқытуда жобалау технологиясының шығу


тарихына қысқаша шолу………………………………...6
1.2. Жоба технологиясының психологиялық-педагогикалық
негіздері………………………………………………….10
1.3. Жоба технологиясының әдістемелік негіздері………...18
1.4. Жоба әдісінің сипаттамасы:…………………………….33



2. Шетел тілі сабағында жоба әдісін қолдану

2.1. Неміс тілі сабағында жоба технологиясын қолдануға


арналған әдістемелік нұсқаулар……………………….39
2.2. Неміс тілі сабағында жоба әдісін пайдаланудың озат
тәжірибесімен танысу………………………………….44
2.3. Педагогикалық практикадан мысалдар келтіру………52


Қорытынды …………………………………………………63


Әдебиеттер тізімі…………………………………………....64


Кіріспе

Соңғы кездерде шетел тілі сабақтарын жүргізуде жаңа технологияларды пайдалану туралы жиі айтылып жүр. Әсіресе бұл мәселе жөнінде Полат Е.С., Коряковцева Н.Ф., Чанилова Н.Г. және тағы басқа әдіскер-ғалымдар өз ойларын ортаға салып, пайдалы әдістемелік ұсыныстар жасап келеді. Ол әдіскерлердің қарастырған негізгі мәселелері мыналар: 1) шетел тілін оқытуды оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың жолдарын іздестіру; 2) оқушы мен оқушы, оқушы мен оқытушы арасындағы сабақта біресе отырып орындайтын коммуникативтік және когнитивтік іс-әрекетті белгілеу; 3) оқөушыны жеке тұлға деп оқу процесінің мазмұнынын қайта қарастырып, оны жаңаша құру (1).


Жаңа педагогикалық технологияларды оқу үрдісіне енгізу мұғалімге шетел тілін оқытуда ғана емес, сонымен бірге оқушыларды тәрбиелеуде де көмектеседі. Кез келген жағдайда оқытудағы жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалану қажет, ол өмір талабы. Бұл тек қана оқушылардың коммуникативті қабілеттерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар пән бойынша білімін толықтыруға, оқушының шығармашылық қабілеттерін көрсету мен ашу үшін барынша көп жайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызады.
Оқыту үрдісінде «Технология» ұғымы әдіс-тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Осы иәсілдерді белгілі бір ретпен қолданған кезде аталған әдісті тактика жүзінде іске асыруға болады. Жаңа техгологияларға компьютерлік технологиялар, ойын технлогиялары және жоба әдісі сияқты әдістер мен оқыту тәсілдері кіреді. Бұл аталған әдіс-тәсілдерді қолдану барысында интерактивті және когнитивті іс-әрекеттерді оқушылардың жеке басының сүскіндіктерін белсендіру мақсатымен жүзеге асыру көзделеді.
Диплом жұмысының тақырыбы «Жоба әдісін шетел тілі (неміс тілі) сабағында қолдану» деп аталады. Оқыту үрдісі кезінде жаңа технологияны, әсіресе жоба техноогиясын енгізу мен қолданудың артықшылығы зор. Жоба технологиясы оқушылардың өз бетінше креативті іс-әрекетін оятады, оқушыларды өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету үшін үлкен мүмкіндік пайда болады, сонымен қоса коммуникативті қабілеттерін дамыту үшін тиімді болып келеді. Жоғарыда аталған ойлар бүгінгі күнде димпломдық тақырыбымның өзектілігін дәлелдейді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – қазіргі кезеңде орта мектепте неміс тілін оқыту үрдісі. Осыған орай диплом жұмысының зерттеу пәні – орта мектепте оқушыларға неміс тілін оқытуда жоба технологиясын пайдалану.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты – диплом жұмысының тақырыбын теориялық негідерін анықтау және шетел тілінде оқушылардың сөйлеу іскерліктерін дамыту.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу керек:

  • Жоба жұмысының теориялық сұрақтарын зерттеу және анықтау;

  • Жоба әдісінің сипаттамасын беру;

  • Жоба әдісінің негізгі түрлері мен формаларымен танысу;

  • Оқу үрдісінде жоба жұмысын қолдануға әдістемелік нұсқау жасау;

  • Жобалық сабақтардың дәстүрлі сабақтардан артықшылығын анықтау;

  • Жобалық сабақтардың ұйымдастыру кезеңдерін анықтау;

  • Неміс тілі сабағында жоба әдісіні пайдаланудың озат тәжірибесімен танысу, оған талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы : шетел тілі сабақтарына жоба технологиясын енгізу және қодауны оқушылардың коммуникативті қабілеттерінің дамуына көмектеседі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік туады, оқушылардың шетел тілін өз бетінше оқып үйренуіне барынша мүмкіндік туады, шетел тілін меңгеру кезінде оқушылардың құлшынысы жоғарылайды. Соның нәтижесінде шетел тілін оқытудың тиімділігі артады.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері қолданылды:

  • зерттеу тақырыбына қатысты әдебиеттерді оқып зерттеу;

  • оқу үрдісін бақылау;

  • оқушылар мен ұстаздармен зерттелетін тақырыптың тиімділігі жөнінде әңгіме жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет