8. Болымды етістік дегеніміз не?
А) Іс- әректтің болмауын, орындалмауын, жүзеге аспауын білдіретін етістіктер
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
С) Күрделі етістіктің құрамында келіп, көмекшілік қызмет атқаратын етістік
Д) Іс- әректтің болуын, орындалуын, жүзеге асырылуын білдіретін етістіктер
9. Болымсыз етістіктер қалай жасалады?
А) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ба, -бе, -па, -пе, -ма, -ме жұрнақтарының жалғануы арқылы және белгілі шақ тұлғасындағы болымды етістікке жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы
В) Негізгі я туынды түбір етістіктерге – ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер жұрнақтарының жалғануы арқылы және болымды етістікке еді, де сөздерінің тіркесуі арқылы
С) Негізгі етістікке –ын, -ін, -н жұрнақтарының жалғануы арқылы
Д) Туынде етістікке –дыр, -дір, тыр,-тір, ғыз,- гіз жұрнақтарының жалғануы арқылы
10. Сабақты етістік дегеніміз не?.
А) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістік
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етпейтін етістік
С) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік
Д) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін білдіретін етістіктің түрі.
11. Салт етістіктерді ажыратыңыз.
А) сөйледі, сұра, жаз, көр В) баста, секірді, құлап қалды, ұшып түсті
С) бардым, сырласты, шықтың, мақтанды Д) құйды, айтты, бар, келіс
12. Етістің түрлерін табыңыз.
А) Жалпы, болымсыз, көмекші, негізгі В) Дара, күрделі, негізгі, туынды
С) Салт, сабақты, болымды, ортақ Д) Өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ
13. Өзгелік етіс жұрнақтарын ажыратыңыз.
А) –ын, -ін, -н, -ыл, -ыл, -л В) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір,-ыр, -ір, -т
С) –ыс, -іс, -с, -ын,-ін,-н Д) –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р
14. Өздік етістің жұрнақтарын белгіле.
А) –ғыз, -гіз, -қыз, -кіз; В) –дыр, -дір, -тыр, -тір; С) –ын, -ін, -н; Д) –ыл, -іл, -л;
Достарыңызбен бөлісу: |