I-нуска. Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы педагогикалық әдіснаманың жеке ғылыми бағыттары



бет3/17
Дата23.09.2022
өлшемі53,12 Kb.
#39958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Гылыми сессия жауаптары

6. XX ғасыр мен XXI ғасырдың басындағы педагогикалық әдіснаманың жеке ғылыми бағыттары
XX ғасыр мен XXI ғасырдың басында педагогикалық әдіснаманың жеке ғылыми бағыт ретінде дамуының іргелі негіздері салынды. Олар:
1) педагогикалық әдіснаманың нысаны мен пәні 
2) педагогикалық әдіснаманың мәні мен ерекшелігі, оның қызметтері және философиядан ұстанымдық өзгешелігі, ғылымдардың жалпы әдіснамасындағы орны 
3) педагогикалық зерттеулер әдістері және олардың даму логикасы 
4) педагогикалық зерттеулер типологиясы және ұйымдастыру логикасы
5) педагогикалық болмыс туралы табиғатынан диалектикалық болып табылатын эмпирикалық және теориялық білімдер жүйесінің дамуы және жаңаруы 
6) педагогиканың әдіснамасының даму тарихы кеңестік кезеңде ғылыми білімнің арнайы саласы ретінде 1960-жылдары қалыптаса бастауы
7) педагогикалық зерттеулердің браысы мен нәтижелерінталдауда іргелі және қолданбалы қырларының арақатынасының сипатын анықтау 
7. Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері
Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді қалыптастыратын, танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған процесс. Ғылыми зерттеу – таным іс-әректінің бір түрі болып табылады және жаңа ғылыми білім жасау процесі. Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығы жағынан сипатталады.
Педагогикалық ғылыми зерттеудің деңгейлері қалыптасқан:
1. Эмпирикалық (практикалық) – мұнда жаңа ғылыми фактілер анықталып, эмпирикалық заңдылықтар тұжырымдалады.Жинау, таңдау, сәйкестендіру, талдау және жалпылау, рпактикалық зерттеуден алынған педагогикалық фактілер сандық, сапалық өңдеуден өтеді.
2. Теориялық негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар құрылады, бұрын зерттеліп, ашылған фактілерді анықтап, болашақта фактілерді жағдайларды алдын ала болжай және көре білуге мүмкіндік туғызады.
3. Әдіснамалық эмпирикалық және теориялық зерттеу нәтижесінде педагогикалық құбылысты зерттеудің жалпы принциптері мен әдістері және теориясы құрылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет