I-нуска. Педагог әдіснамасын қолданудың жүйесі


Ғылым, ғылымтану, таным ұғымдары



бет2/17
Дата23.09.2022
өлшемі53,12 Kb.
#39958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Гылыми сессия жауаптары

3. Ғылым, ғылымтану, таным ұғымдары.

Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында «Ғылым – адамның табиғат пен қоғам туралы объективті білім қалыптастыруға мүмкінджік беретін танымның еғ жоғарғы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды әлеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды. Ғылымның басты мақсаты: ғылым заңдарының негізінде ашылып отырған юлмыс құбылысы мен процесін болжау, түсіндіру және жүйелеп мазмұндап беру» делінген.


Ғылымтану ең алдымен таным теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларда құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы.
«Таным» педагогикалық сөздікте қоғамдық тарихи практика дамуында әлем туралы жаңа білім нәтижесінде адам ойлауында ақиқаттың бейнеленуі және қайта жаңғыру процесі.
Ұғым дегеніміз логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Ойлау ұғымдар туғызу және оларды жүйеге келтіру, өмірде пайдалану және заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды белгілері түрінде бейнеленуі
4. Ғылымдар классификациясы
Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды тқмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика, арифметика, геометрия, оптика, математикалық астрономия, музыка, статистика, ойлы-әрекет жөніндегі ғылымдар; 4) физика тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы.
5. Педагогика әдіснамасының мәні туралы түрлі көзқарастар
Кейбір зерттеушілер әдіснаманы:
1)​теориялық қызметтің құрылымы, логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары туралы; 
2)​басқалары, - таным әдістерін қалыптастыру қағидалары мен рәсімдері және шындықты тану және қайта құру әдістерін қолдану туралы;
3) үшіншісі – күрделі практикалық мәселелерді шешудің неғұрлым жалпы қағидаларының жиынтығы туралы
4) төртіншісі – теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру мен құрудың қағидалары мен тәсілдері жүйесі туралы, сондай-ақ, осы жүйе туралы; 
5) бесіншісі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің бастапқы (негізгі) ерекшелігі, құрылымы, қызметі мен әдістері туралы ілім деп санайды.
«Әдіснама» терминінің мағынасы:
- танымның ғылыми әдісі туралы ілім;
- қандай ғылым болса да қолданылатын танымдық құралдар, әдістер мен тәсілдердің жиынтығы;
- танымдық және қайта құрушы қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен қағидаларын зерттеуші құралдар, білім саласы болып түсініледі.
Тізбеде көрсетілгендей, әдіснама жөнінде бірыңғай көзқарас пен түсінік қалыптаспаған. Алайда, зерттеушілер, ең бастысы, әдіснама – нақтылы шындықты тану мен қайта құрудың базалық негізі деп біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет