I өндірістік практикасының маңызы мен міндеті


Арқалықты конструкцияларды жинақтау



бет8/11
Дата20.09.2023
өлшемі0,71 Mb.
#109291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Молдағали Е

Арқалықты конструкцияларды жинақтау

Гидротехникалық қақпаларда, басқа ғимараттарда арқалықтар торықолданылады.


Арқалықтар торының негізгі үш түрі бар: қарапайым, қалыптағыдай және күрделі (сурет 3).
Қарапайым арқалықтар торында (сурет 3 а ) қабат жапқыштағы жүк төсеме арқылы қабат жапқыштың қысқа жағына параллель белгілі бір қадыммен орналасқан шабақтарда (төсеме арқалықтарына) берілді, олар жүктерді қабырғаларға немесе басқа конструкцияларға береді.
Төсеменің көтеру мүмкіндігі аз болғандықтан шабақтарды жиі қою керек, бұл шешім аралық қысқа болғанда ғана тиімді. Ұзын арқалықтарды жиі қойғанда алынатын қуаттылықпен керекті қатаңдықтың арасында қарама - қайшылық туады да, олардың тиімділігі кемиді. Қалыптағыдай арқалықтар торында төсемедегі жүк шабақтарға, одан бас арқалықтарғы беріледі. Шабақ негізінен прокатты профилдерден қабылданады.
Күрделі арқалықтар торында (сурет 3 в) шабақ пен бас арқалық ортасында қосымша арқалық қойылады. Бұл арқалықтар торында төсемеден жүк шабақтарға, олардан қосымша арқалықтарға, олардан бас арқалықтарға беріледі. Арқалықтар торын даярлауды оңайлату үшін қосымша арқалықтар прокатты профильдерден қабылданады.



Сурет 3. Арқалықтар торының түрлері.
а - қарапайым; б – қалыптағыдай; в – күрделі

Арқалықтар торының түрін қабылдау өзара биіктіктері бойынша жалғасуларына байланысты. Арқалықтардың жалғасулары қабатты, бір деңгейде және төмендетілген болуы мүмкін. Қабатты жалғасуларда (сурет 4 а) төсеме қойылатын шабақтар қосымша немесе бас арқалықтарға қойылады.


Жалғасудың бұл түрі өте қарапайым, монтаждау оңай, бірақ бұл жалғасу ең үлкен құрылыс биіктігін талап етеді. Арқалықтар бір деңгейде жалғасқанда шабақтардың жоғары белдеулері мен бас арқалық белдеулері бір жазықтықта жатуы керек. Бұл әдіспен бас арқалықтың биіктігін берілген құрылыс биіктігіне сәйкес қабылдауға болады.
Төмендетілген жалғасулар (сурет 4 в) арқалықтардың күрделі торында кездеседі.

Сурет 4. Арқалықтардың жалғасулары.
а - қабатты; б – бір деңгейде; в – төмендетілген
( - ha жабынның; - hв- арқалықтың)

Шабақтар арасы төсемнің көтеру мүмкіндігіне байланысты. қатаңдығын, беріктігін ескере қабылданады. Болат төсемелі арқалықтар торында шабақ аралары 0,6-1,6м, қосымша арқалықтар арасы 2-5м шамасында қабылданады. Шабақтар мен қосымша арқалықтар прокатты профильдерден қабылдануы керек.


Арқалықтар торының түрін техника-экономикалық есеппен салыстыру арқылы шешу қажет. Салыстыру үшін келесі қағидаларды сақтау дұрыс
- жабын конструкцияларының көтеру мүмкіндігін толық пайдалану, бұл кезде арқалықтар қимасын алдын-ала қабылдап. Олардың көтере алатын шекті жүгін анықтап, соған сәйкес қадамдарын анықтау.
- арқалықтар торының тиімділігі арқалықтар торы мен тіреулерінің бағаларының теңдігін қамтамасыз ететін шарты бойынша анықталады.



мұндағы, Б -тіреу бағасы, n-тіреуге тірелетін арқалықтар саны, Ба-арқалық бағасы, Lұтым-арқалықтардың ұтымды аралығы.
Осы құрылымдардың құру жоғары технологиялық процесс болып табылады. Бірақ ұмытпаңыздар,, бұл болат өнімдер уақыт өткен сайын ыдыратуға, және оны болдырмау үшін, олар қосымша rustproofing ұшырайды. металл қорғау технологиясын қатаң сақтау ғана құрылыс беріктігі мен ұзақ бере алады.
Сонымен қатар, құрылыс металл конструкцияларын салынған болса, ол сыртқы факторлар мен коррозиядан әсерін қорқады емес, ол қорғаныш технологиялық элементтері бар, өйткені.
Кейбір жағдайларда, коррозияға төзімділігін қамтамасыз ету үшін, құрылымы алюминий қорытпасынан жасалған. Мұндай өнімдер жайлылық пен сәндік тартымдылығын бар, олар өңдеу өндірісін және монтаж жұмыстарының құны төмен тұрмыз, ал. Алайда, салыстырмалы орташа беріктігі болат құрылымдар тек жиналмалы үйлердің, саятшылықты және жинақы сауда павильондарын салуға толтырғыш элементтер мен әрлеу бөлшектер ретінде олардың пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет