2.1 Құрылыстың іске асыру үшін жоба жасау тәжірибесімен танысу
Жобалар – бұл құрылыстың іске асырылуының негізі. Өндірістік, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық ғимаратын, темір жолды, көпір, канал және кез-келген басқа объектілерді салу үшін (немесе ұлғайту, қайта жаңғырту жасау үшін), алдымен салынғалы жатқан құрылыстың техникалық мүмкіндігін және экономикалық көзделген мақсаттарын растайтын есептеулер жасау қажет.
Жобалық құжаттар жинап құрамынды техникалық және экономикалық негіздер, түсініктеме қағаздар, сызбалар және басқа материалдары болады. Жобада құрылыс құнын анықтайтын оның негізгі бөлігі смета болып табылады.
Өндірістік кәсіпорынның жобасы 3 негізгі бөліктерден тұрады:
- техникалық-экономикалық;
- технологиялық;
- құрылымдық.
Техникалық – экономикалық бөліміне кәсіпорын құрылысының мақсатқа сәйкестігі және негізгі бастапқы мәліметтер, тиімділіктің есептелген нәтижелері, оның шикізаттық, отын және энергетикалық базасын сипаттамасы, мамандандыру мен бірлестіру негіздері, өндірістің автоматтандыру және механикаландыру дәрежесі, басты сапалы көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, өнімнің құны мен өзіндік құны және т.б.), капиталды салымдардың салыстырмалы және орны толтырылатын жайлы мәліметтері кіреді. Бұл бөлімде халықтық шаруашылықтың салаларына талаптарды қоюды қарастыру, құрылыстың базасының даму қажеттілігі мен жағдайының мәліметтері және басқа да проблемалар жіктеледі.
Технологиялық бөлімі – кәсіпорнынның техникалық дәрежесін, шығарылатын өнімнің номеклатурасы мепн көлемін, кәсіпорынның құрамын және өндірістің схемасын белгілейді. Бұл бөлімнің құрамында негізгі жабдықтардың түрлері, техникалық шешімдер мен технологиялық процестердің негіздері бар. Сонымен қатар, онда өндірісті ұйымдастыру мәліметтері, кәсіпорынның жұмыс режимінің есептері, өндірістік процестердің еңбек сиымдылығы жайлы мәлімдемелер бар.
Құрылыстық бөлімі – жобаланатын өбъекттердің көлемдік – жоспарлық және конструктивтік шешімдеріне қойылатын технологиялық талаптарды анықтайды. Жобаның бұл бөлімінде негізгі ғимараттар мен үймереттердің үнемді жобаларының типтік және қайта қолданылатын тізімі қамтылады, архитектуралық – құрылыстық шешімдердің қысқа баяндамасы беріледі, жылу беру, вентиляция, сумен қамтамасыз ету канализация жөніндегі мәселелерді қарастырады.
Құрылыстық бөлімде сонымен қатар жұмысшы құрылысшы кадрларында негізгі құрылыстық машиналардың, транспорттардың құралдардың қажеттіліктері анықталады.
Құрылыс шарушылығының уақытша объектілерін орнаоастырудағы құрастыру және жүк көтергіш механизмдерден бастау керек, өйткені құрылыстық бас жоспарлардың қалған барлық шешімдерінің орындалуы ең алдымен солардың қалай орналастырылуына байланыысты.
Құрастыру крандары мен жүк көтергіштерді орналастыру мен объектіге байлау, құрылыс алаңындағы жұмыстарды тежеу және қауіпті аймақтарды анықтауға байланысты мәселелерді жұмыс өндірісінің әрбір нақтылы жағдайын, қауіпсіздікті сақтаудың техникалық талаптарын, жұмыс өндірісінің картасын ескере отырып жобалау керек.
Құрастыру крандары жүретін жолдарды, әдеттегідей үймереттің өн бойымен салу қажет. Машиналарды топырағы алынған жерде еңістен қауіпсіз қашықтықта пайдалануға рұқсат етіледі.
Объектілер жанындағы қоймалар құрылыс ішіндегі жолдар мен негізгі тасымал магистрльдары арқылы жеткізілетін материалдарды түсіріп , қабылдап алуға жеңіл болады ау деген жерге салынады. Қоймаларды орналастыру кезінде өндіріс жұмыстарының технологиялық карталары мен үлгілерінде қабылданған шешімдерді басшылыққа алу керек. Осымен бірге механизімдердің жұмыс істейтін аймағындағы ұойма алаңдарының габаритті үлгілерін анықтаумен ғана шектелмей, құрастырудың түрлері мен маркаларына қарай сұрыпталып, реттеп орналастыру қажет.
Объекті жанындағы механикаландырылған қойманың ені тиеу түсіру жұмыстарының параметрлеріне байланысты белгіленеді және ол әдетте он метрден аспайды. Мұнаралы кран жұмыс істейтін ірілендірілген құралымдар қоймасының ортасынан жүретіндей етіп орналастырылса қойманың ені кран жебесінің ұзындығынан арты болмау керек.
Бұйымдарды,құралымдарды және жартылай шикізаттарды ашық қоймаларға үйгенде қойманың өн бойымен және көлденіңінен ені 0,7 метрден кем емес өткін қалдырылады және көлденең өткіндер 25-30 метр сайын болу керек.
Өрт қаупі бар және шаң тозаңды материалдар сақталынатын ашық қоймалар баасқа үймереттер мен ғимараттардың ық жағына орналастырылады және олардың 20 мерден кем қашықтықта болмауы керек. Барлық қоймалар жол шетінен кем дегенде 0,5 метр жерде орналастырылады. Құрылыс алаңындағы ішшкі құрылыс жолдары қоймалар мен механикаландырылған жабдықтардың жұмысын тоқтаусыз қамтамасыз етуі тиіс. Уақытша жолдардың ені қозғалыс қатарының саны автомобиль түрлеріне, жолдардыың категорияларына байланысты анықталады және көлік бір бағытта жүрсе жол ені – 3,5 метр, ал екі бағытта жүрсе 6 метр деп қабылданады.
Қоймалар мен құрылыс ішіндегі автомобиль жолдарын орналастырылғаннан кейін уақытша құрылыстарды салуға көшеді. Уақытша өндірістік,санитарлық тұрмыстық,әкімшілік үймереттері жұмысшылардың жұмыс орындарына қауіпсіз және ыңғайлы өткіндермен баруын және үймереттердің өзара тұруын қамтамасыз ететіндей орналастыру қажет. Бұл үймереттерді коммуникацияға қосуға кететін және пайдалану шығындарын азайтуға көмектеседі. Егер жалпыалаңдық құрылыстық бас жосспар бар болатын болса онда объектілік жоспарда тек салынып жатқан объектіге жалғас территориядағы уақытша үймереттер,ғимараттар мен жабдықтардың орналасу жағдайы ғана анықталады.
Объектілік құрылыстық бас жоспарында техника қауіпсіздігі талаптары нақтылана түсіп,жұмысқа ұауіпті деп қоршалған механизмдер орналасқан және жоғарғы кернеулі электр желілері өтетін айймақтар,темір жол өткелдері, көлік қозғалысын реттейтін белгілердің қойылған жерлері,тағы басқалар көрсетіледі.
Жобалық шешімдер үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу процесінде жүзугу асырылады. Ал құрылыс өнімнің түплі сапасы құрылыс құрастыру жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу мен пайдаланылатын құрылыс материалдары,бұйымдарымен құралымдарын сапсына байланысты.
Үймереттер мен ғимараттарды салу әдістері мен құрылыс құрастыру жұмыстары өндірісінің технологиясын жетілдіру құрылысты интенсивтентіруге көмеектеседі және оның тиімділігін арттырудағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Бұл саладағы техникалық саясаттың негізгі бағыттары мынадай: құрылысты индустрияландыру мен механикаландыру; ауыр және еңбек сыймдылығын көп қажет ететін құралымдар мен бөлшекткерді дайындау жөніндегі барлық жұмыс көлемін зауыттарға көшіру; олардың дайындық деңгейін көтеру; құрылыс объектілерін барынша тез қарастырудың және қарастыру күрделігін азайту жолдары қарастырылғаан жобалар жасау және оларды пайдалану; зауытта пайдалануға толық дайын құралымдар жасау және бұйымдарды жиынтық түрде жеткізу; жұмыстарды кешенді механикаландыру мен автоматтандыруға негізделген жаңа жоғары өнімді технологиялық процестерді пайдалану.
Тек қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін ұтымды пайдалану және құрылыс өндірісінің озық үлгілері мен тәжірибелеріне сүйене отырылып басқарылса ғана бұл міндеттер ойдағыдай жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |