Гальваникалық өңдеу -Бұл әдіс дәстүрлі әдістерге де қатысты. Өнеркәсіп пен құрылыс саласында жиі пайдаланылады. Көптеген сарапшылардың пікірінше, бұл ұзақ мерзімді жұмысқа арналған құрылымдарды өңдеудің ең жақсы нұсқасы. Ол металды коррозиядан және басқа да деструктивті процестерден тиімді қорғайды. Сонымен қатар, гальваникалық әдіспен конструкцияларды коррозияға қарсы қорғау арзан емес екенін еске түсіріп, іске асыруға кәсіби көзқарасты қажет етеді және өздігінен жұмыс істейді.
4 СҒЗЖ: «МЕТАЛЛ АРҚАЛЫҚТАРДАН ЖАБУ»
Арқалық иілуге жұмыс істейтін негізгі және ең қарапайым конструктивтік элемент болып саналады. Олар азаматтық, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың конструкцияларында, арқалықтар алаңында, қабат жапқыштарда, көпірлерде, эстакадаларда, өндірістік ғимараттарда кран асты арқалық ретінде, гидротехникалық қақпалар мен шлюздер және тағы да басқа құрылымдарда пайдаланылады.
Арқалықтардың кең тарауы конструкциялардың қарапайымдылығы мен сенімді жұмыс істеуіне байланысты, аралықтары 15 – 20м конструкцияларда біртұтас арқалықтарды қолдану тиімді. Әсер ететін жүктердің шамасы өскен сайын арқалық аралығы үлкейе түседі, тәжірибеде 30 м, одан артық аралықтарды біртұтас арқалықтар қолданған мысалдар бар. Бұндай арқалықтар көбінде екі қабырғалы, яғни, қорапты қималы болады.
Металл арқалықтардың негізгі қимасы – симметриялы қоставр. Иілуге жұмыс істейтін конструкция қималарының тиімділігін көрсететін қарсыласу моменттерінің аудандарына қатынастары – қиманың ядролық радиусы
Ядролық радиустары салыстырылған дөңгелек, төртбұрыш, қоставрлы қималар (сурет 1) келтірілген. Қоставрлы қималар төртбұрышты қималардан екі есе, дөңгелек қималардан үш есе тиімдірек.
Сурет 1. Арқалық қималарының түрлерін салыстыру
Арқалықтардың түрлері – жүктердің және аралықтардың шамаларына сәйкес прокатты қоставрлар, құрамасы пісірілген немесе болтпен бекітілген қоставрлар, швеллерлер. Прокатты арқалықтардың даярланулары оңай болғандықтан іс жүзінде көбірек қолданылады, бірақтан олардың қолдану облыстары шектеулі, үлкен иілу моменттері әсер еткенде оларды қолдану мүмкін болмай қалады.
Құрылыста иілгіш қабырғалы, гофрлы қабырғалы, қабырғасы перфорацияланған, екі маркалы болат қолданылған құрамалы арқалықтар пайдаланылады (сурет 2).
Бір аралықты еркін жататын, даярлануы оңай, монтаждауға ыңғайлы арқалықтар қолданылады. Олар – көп аралықты кесілмеген арқалықтарға қарағанда металл шығыны бойынша тиімсіздеу.
Көп аралықты арқалықтардың тіреулерінде пайда болатын иілу моменті аралықтағы моменттерді азайтатын болғандақтан металл шығыны азаяды. Олар – температураның өзгеруіне сезімтал, тіреулері бірдей төмендемейтін болғандақтын иілу моменттері пайдалану кезеңдерінде өзгеріп тұрады.
Сурет 2. Арқалықтардың қималары. а -прокатты; б – престелген;
в – пісірілген; г – болтты және тойтармалы біріктірілген
Достарыңызбен бөлісу: |