И. П. Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары



бет8/44
Дата25.11.2023
өлшемі244,59 Kb.
#126984
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
И. П. Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артық-emirsaba.org

Лабораториялық зерттеу әдістері
Қақырықты зерттеу.
Қақырық-бұл трахея мен бронхтың шырышты қабығында орналасқан арнайы бездердің жұмысының өнімі. Әр түрлі ауруларда қақырықтың мөлшері, құрамы және табиғаты өзгереді және ол дұрыс диагнозды табуға мүмкіндік береді. Қақырықта біз аурудың қоздырғыштарын (туберкулез таяқшасы, саңырауқұлақтар және т.б.) анықтай аламыз, аллергияны (бронх демікпесіндегі эозинофилия) және басқаларын көрсететін жасуша элементтерін анықтай аламыз.
6. Спирометрия, спирография
Спирография - бұл өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу әдісі болып табылады. Әртүрлі созылмалы өкпе ауруларын диагностикалауда (өкпенің созылмалы қабынуы, созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, созылмалы бронхтық демікпе және т.б) қолданады.Спирография келесі көрсеткіштерді анықтауға мүмкіндің береді : ТАМК,ТАК,ДАҚК,ДШҚК,ӨМЖ(өкпенің максимальді желдетілуі)
ӨМЖ анықтау үшін 15с ішінде максимальді түрде жиі және терең тыныс алу керек ,осы уақыт ішінде өкпе арқылы өткен ауа көлемін 4-ке көбейтеміз.Сөйтіп 1 минут ішіндем максимальді тыныс алу кезіндегі өкпе арқылы өткен ауа көлемін анықтай аламыз(жаттыққан адамда ол 120л/мин қа тең).
Кең таралған болып дем шығарудың форсирленген(терең) көлемін(ДШФК) есептеу немесе Тиффно индексі болып табылады.Макс дем алғаннан кейінгі макс дем шығаруды тіркейді және дем шығарудың 1 секундында тыныс алу жолдарынан өтетін ауа көлемін есептейді.Бұл көрсеткіш ӨТС-нан л/с немесе пайызбен көрсетіледі.Қалыптыда ол ӨТС-нан 75-85 пайыздан төмен болмауы керек.Тиффно индексі тыныс алу б-еттерінің күшін,өкпе паренхимасының күшін көрсетеді.
Спирография жүргізуге негізгі көрсеткіштері:
  • Бронх, өкпе, кеңірдек аурулары;


  • Қан айналым жеткіліксіздігі белгiлерi бар


  • Жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында;


  • Емдеу нәтижесінің тиiмдiлiгiн бағалау ушiн;


  • Кәсіптік және әскери медицинада жұмыс істейтін, спортпен айналысатын адамдард еңбекке қабілеттілігін бағалау үшін;


  • Кәсіптік және әскери медицинада жұмыс істейтін, спортпен айналысатын адамдардың еңбекке қабілеттілігін бағалау үшін;


  • Эпидемиологиялық және популяциялық зерттеулер; Басқа әдістермен қоса өкпе және жүрек жетіспеушілігін ажырату диагностикасы үшін;






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет