И. П. Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары



бет44/44
Дата25.11.2023
өлшемі244,59 Kb.
#126984
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Ширақтық (тонустық) қимыл да өзгеріп отырады. Бірыңғай салалы еттер әрдайым ширақ келеді, яғни (тонуста болады). Ішек тонусы түрлі себептердің әсерінен не жоғарылауы не төмендеуі мүмкін.

Еттер тонусы (ширақтығы) күшейсе - ішек тарылады, төмендесе - кеңейеді. Бұл да химустың сөлмен араласып, даяр өнімдердін сіңуіне септігін тигізеді.



30. Асқазан - ішек жолдарының қозғалтқыш функциясының реттелуі.
Асқазан -ішек жолдарының қозғалғыш функциясының реттелу процесі нейрогуморальды механизмдермен қамтамасыз етіледі.
Кезбе жүйке ішек қимылын күшейтсе, симпатикалық жүйке баяулатады. Кезбе жүйке серпіндері ішек қимылының күшейген кезінде ішек қимылы тежеледі, ал симпатикалық жүйке серпіндері ішекке оның қимылы тоқтаған кезде жетсе, ішек қимылы күшеюі мүмкін.

Кезбе нервтің афферентті талшықтарының қозуы:
- өңеш перистальтикасының жоғарылауына ;
- асқазан тонусының босаңсуына әкеледі.
Ішек қимылын гипоталамус, лимбиялык жүйе, ми сыңарларының қыртысы реттейдi. Сонымен қатар, гистамин, гастрин, серотонин, мотилин мен инсулин, калий иондары сияқты ішек гормондары асқазанның тегіс бұлшықеттерінің белсенділігін ынталандырады.

Симпатикалық нервтер еріксіз қозғалыстарды тежейді. Сондай -ақ, асқазанның қозғалғыштығын адреналин, норэпинефрин, энтерогастрон, секретин және басқа гормондар тежейді.
Тоқ ішектің қозғалғыштығын реттеу, ең алдымен, вегетативті жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Өңештің, асқазан мен ішектің шырышты қабығының рецепторларының тітіркенуі нәтижесінде активтенетін рефлекстер тоқ ішектің қозғалғыштығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Химиялық және механикалық тітіркендіргіштер еріксіз қозғалыстарды белсендендіреді және химустың эвакуациясын тездетеді.
Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды, бірақ аш ішектен келіп түскен химус құрамындағы ферменттер қоректік зааттар қалдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді.
Аш ішектен тоқ ішекке күніне 2-4 л-дей химус өтеді. Химус құр-ы су қанға тоқ ішекте сіңеді.

Ішек қозғалысын өңеш, қарын мен он екі елі ішектен, сондай-ақ тік ішектен келіп түскен рефлекстер де өзгертеді. Бұл процеске iшек кабырғасындағы интрамуральдық ганглийлер де қатысуы мүмкiн.


http://emirsaba.org


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет