14. Тыныс алудың реттелуі. Тыныс алу кезеңін қамтамасыз ететін ОЖЖ құрылымдары Тыныс алудың реттелуі Тыныс алудың жиілігі , тереңдігі оттегінің адамға қажет мөлшеріне және қандағы көмір қышқыл газ деңгейіне сәйкес өзгеріп отырады . Бұл сәйкестілік жүйке жүйесі арқылы реттеледі . Демді ішке алу , шығару тыныс алу еттерінің жиырылуы арқылы іске асырылатыны белгілі . Тыныс алу еттерін жиырылтатың жүйке нейрондары жұлын мен ми құрамына кіреді : диафрагмалық жүйке нейрондары жұлынның III — IV мойын сегментінің алдынғы мүйізінде , ал қабырғааралық еттердің жүйке клеткалары жұлынның көкірек сегменттерінде орналасқан . Егер жұлын мен мидың түйіскен жерін кесіп тастаса , тыныс алу тоқтайды . Ал жұлынның сопақша мимен байланысын бұзбай , оны мойын бөлімі мен көкірек бөлімінің түйіскен жерінен көлденең кессе , диафрагма еттері бұрынғысынша жиырыла береді , мұның арқасында тыныс алу тоқтамайды , бірақ қабырғааралық еттер тыныс алу процесіне қатыспайды . Демек , бұл тәжірибелер тыныс алу ми мен жұлын арқылы реттелетінін көрсетеді . Адам өз еркімен тынысын жиiлете және тереңдеп алады , тіпті біразға дейін тоқтата да алады .
Тыныс алу орталығы , оның орталық жүйке жүйесіндегі орны.
Тірі организмнің тіршілік етуіне қажет аса маңызды функцияларды белгілі бір орталықтар реттеп отырады . Тыныс алу — осы функциялардың бірі . Сондықтан тыныс алу процесін реттейтін орталықтың орталық жүйке жүйесіндегі орнын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жасалды . Тәжірибеде , мәселен мидың әр жерінен көлденең кесу әдісі қолданылады . Ми бағаны варолий көпіршесінің жоғары жағынан көлденең кесілсе , тыныс алу процесі бұзылмайды , ал варолий көпіршесінен - төмен , сопақша мимен түйіскен жерінен кесілсе дем алу фазасы ұзарады да, тыныс алу сирейді . Миды сопақша мидан төменірек оның жұлынмен түйіскен жерінен кессе , тыныс алу , тоқтап қалады , тыныс алу еттері әдеттегідей белгілі бір ырғақпен жиырылу қабілетінен айырылады . Де мек , тыныс алу процесін реттейтін нейрондар , тобы сопақша мида орналасқан .
Тыныс алу орталығының сопақша мидағы орнын табу үшін оның әр жерін инелеп бұру , тітіркендіру әдістері қолданылады . Қазан университетінің профессоры : Миславский аталған әдістерді қолдана отырып , тыныс орталығының ромба тәрізді ойықтың астыңғы бұрышына жақын орналасқанын , бұл орталықта инспирация ( дем алу), экспирация ( дем шығару ) бөлімдерінің бар екенін , бұл бөлімдердің жұптаса орналасқанын анықтады .
Тыныс орталығының инспираторлық және экспираторлық бөлімдері арасында реципроктық ( кері ) қарым - қатынас бар екені көптен белгілі . Инспираторлық бөлім қозған сәтте, экспираторлық бөлім тежеледі . Экспираторлық бөлім қозса , керісінше инспираторлық бөлімінің жұмысы тежеледі . Осы екі бөлімнің қызмет механизмі туралы әртүрлі пікірлер бар . Солардың бірі варолий көпіршесінде орналасқан пневмотаксикалық тыныс алу орталығының қызметі . Оны 1963 ж Лумсден ашқан . Пневмотаксикалық орталық дем алу және дем шығару кезеңдерінің белгілі бір кезекпен реттелуін қадағалап отырады . Дем алу орталығының қозуы қандағы газдар мөлшеріне , хеморецепторлардың қозуына байланысты . Бұл – орталық пневмотаксикалық орталықты , ал ол инспираторлық орталықтың дем . алуды тежейтін клеткаларын қоздырады да инспираторлық орталықта тежеу процесін дамытады . Пневмотаксикалық орталық , сондай - ақ экспираторлық орталықты қоздырады , мұның нәтижесінде дем алу еттері (инспираторлық еттер) босайды да , дем шығару еттері (экспираторлық еттер) жиырылады .
ОЖЖ бөлімінің тыныс алуды реттеуге қатысы Ламсденнің жануарларға жасаған тәжірибесінде келтірілген.
Тыныс алу орталығы іс жүзінде бас миының барлық бөлімдерін қамтитыны көрсетілген. Ырғақты тыныс алу тіпті бульбарлы бөлімдерін қамтитыны көрсетілген.
Жұлынды жоғарғы мойын сегменті деңгейінде кессе, тыныс алу тоқталады. Сопақша мидың жоғарғы шетінен кессе, тыныс алу ырғақты, бірақ сіреспелі болады. Сопақша мида тыныс алу орталығының инспираторлы және экспираторлы компоненттері орналасқан.
Варолиев көпірінің жоғарғы жағынан кессе, тыныс алу ырғаұты, ұзақ үзіліс және дем шығаруда тоқтап қалады. Бұл жерде апноэтикалық тыныс алу орталығы болады.
Ортаңғы мидың жоғарғы шетінен кессе, тыныс алу ырғақты, баяу. Бұл жерде тыныс алуды бағыттайтын пневматоксикалық орталық орналасқан.
Гипоталамус пен торлы құрылым тыныс алудың эмоциялар мен вегетативтік реакцияларға қатысуын анықтайды, ал мишық тыныс алудың қозғалыстарға қатысын анықтайды.
Бас миының қыртысы, әсіресе оның префронтальді бөлімі мінез құлықтық іс әрекетке, биологиялық және әлеуметтік мәні бар әр түрлі реакцияларға сәйкес тыныс алуды реттейді.