сыртқы - серозды, тығыз қабықша, ол негізінен қорғаныс қызметін атқарады;
ортаңғы - бұлшықет ұлпасы мүшелер қабырғасының жиырылуы мен босаңсуына қатысады;
ішкі - шырышты эпителиймен қапталған мембрана, оның қалыңдығы арқылы қарапайым тағамдық заттарды сіңіруге мүмкіндік береді; Шырышты қабықта көбінесе асқорыту сөлін немесе ферменттер шығаратын безді жасушалар болады.
Ас қорытудың маңызы,қызметі. 1.Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферментер (гидролазалар) бола-ды. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады.
Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза - әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза - полисахаридтерді (крахмал, гликоген) моно-сахаридтерге дейін ыдыратады.
2.Қимыл (жиырылу-жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды.Жоғарыда аталған асқорыту жүйесі қүрамына кіретін ағзалар бірімен бірі жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған ішек-қарын түтігін құрады. Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты бірыңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтан құралған. Ас қорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктереттерін құрады. Өңеш, ішек-карынның қимылы (моторикасы) осы еттердің біресе тартылып, біресе жазылып алма-кезек қимылға келуіне байланысты. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі (каналы) тарылып, ұзарады, ал ұзынынан орналасқан ет талшықтары жиырылса, түтік кеңейіп, қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ьдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мүның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.