И. П. Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары



бет10/42
Дата22.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75677
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
È. Ï. Ïàâëîâ æàñà?àí ñîçûëìàëû çåðòòåó ?ä³ñ³í³? ì?í³, îíû? àðòû?

Спирометрия—өкпенің біріншілік көлемдерін – ТАК, ДАҰК, ДШҚК және өкпенің тіршілік сыйымдылығын тіркеу. Әр түрлі құрылымды спирометрлер -сулы (мыс, заманауи сулы спирометр – волюспирометр ) және ауалы қолданылады.

  • ӨТС анықтау :

Спирометрдың мунштугін спиртке матырылған мақтамен сүртеді. Зерттелуші максимальді дем алғаннан кейін спирометрге максимальді терең дем шығарады. Спирометр шкаласы арқылы ӨТС анықтайды. ӨТСның көлемін анықтау үшін зерттеуді бірнеше рет қайталап, оның орташа өлшемін алу керек.Әрбір қайталаған сайын спирометр шкаласын бастапқы сызыққа қойып отыру керек. Ол үшін сулы спирометрдің ішкі цилиндрінен тығынды алып, цилиндрді төмен түсіреді, ал құрғақ спирометрде өлшейтін шкаланы айналдырып, нөлдік белгіні сызықпен теңестіреді. Зерттелушіні тұрғызып, жатқызып және физикалық жүктемеден кейін де анықтайды. Әр түрлі өлшеу қорытындыларын бір-бірімен салыстырады.
ӨТС құрайтын өкпе көлемдерін өлшеу үшін спирометрді үш жолды кранмен ауызға киілетін клапанды қондырғымен жалғастырған тиімді. Зерттелуші мұрынын мұрын мұрын қысқышпен жауып, ауыз қуысындағы клапанды қондырғы арқылы дем алады. Алдымен үш жолды кранды дем шығарған ауа атмосфераға шығарылытындай етіп орналастырады. Зерттелуші ауызға киілетін құрал арқылы дем алуға бейімделгенде, үш жолды кранды дем шығарған ауа спирометрге баратындай етіп орналастырады. Тыныстық қозғалыстар саны анықталады. Спирометр көрсеткішін спирометрге шығарылған дем шығару санына бөліп, тыныстық ауа көлемін анықтайды.
Дем шығарудың резервті көлемін анықтау үшіе әдеттегі кезекті дем шығарудан кейін спирометрге терең дем шығаруды сұраймыз.Спирометр шкаласын дем шығарудың резервтік көлемін анықтайд. Анықтауды бірнеше қатар қайталап жасағаннан кейін, зерттеулердің орташа мәнін табады.
Дем алудың резервтік көлемін екі тәсілмен анықтайды. Есептеу және спмрометрмен өлшеу. Есептеген кезде өкпенің тршілік сыйымдылығынан тыныстық ауа көлемімен дем шығарудың резервтік көлемі қосындысын шегеру арқылы табады. Екінші тәсілде спирометрге белгілі көлемде ауа ендіріледіде, қалыпты дем алғаннан соң зерттелушінің спиримтрден максимальді терең дем алуын сұрайды.Спиромтрдегі әуелдегі ауа көлемімен терең дем алғаннан кейінгі ауа көлемдері айырымы резервті демалу көлеміне сай келеді.
Қалдық көлемді  анықтайтын тура әдісжоқболғандықтан, оны жанама әдіспен анықтайды. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш ӨТС 25-30% құрайды деп есептейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет