И. П. Павлов жасаған созылмалы зерттеу әдісінің мәні, оның артықшылықтары


Сонымен қатар өкпенің бірнеше көлемдері бар



бет6/42
Дата22.03.2023
өлшемі1,28 Mb.
#75677
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
È. Ï. Ïàâëîâ æàñà?àí ñîçûëìàëû çåðòòåó ?ä³ñ³í³? ì?í³, îíû? àðòû?

Сонымен қатар өкпенің бірнеше көлемдері бар:
* Тыныс алу көлемі ТАК – бірқалыпты тыныс алу мен тыныс шығару көлемі. 500 мл
* Дем алудың қорлық көлемі ДАҚК – терең дем алғандағы адамның жұта алатын қосымша көлемі. 2500мл
* Дем шығарудың қорлық көлемі ДШҚК – терең дем шығарғандағы шығара алатын қосымша көлем. 1300мл
* Өкпенің қалдық көлемі ӨҚК – максимальді дем шығарудан кейін өкпеде ауаның белгілі бір көлемі қалады. 1200мл
Өкпе сыйымдылықтары:
- Өкпенің жалпы сыйымдылығы – ӨЖС – максимальді дем алудан кейін өкпеде болатын ауа. 4 ауа көлемінің қосындысына тең.
ТАК + ДАҚК + ДШҚК + ӨҚК
- Өкпенің тіршілік сыйымдылығы – ӨТС – максимальді дем алудан кейінгі өкпеден шығарылатын ауа.
ТАК + ДАҚК + ДШҚК немесе ӨТС – ӨҚК
- Дем алу сыйымдылығы – ДАС – кәдімгі дем шығарудан кейінгі жұтуға болатын ауа.
ТАК + ДАҚК
- Өкпенің қызметтік қалдық сыйымдылығы – ӨҚКС – кәдімгі дем шығарудан кейінгі өкпеде қалатын ауа мөлшері.
ДШҚК + ӨҚК
5. Тыныс алу мүшелерін зерттеу әдістері
Тыныс алу мүшелерін тексеруде қолданылатын тәсіл 3 топқа бөлінеді;

  1. Физикалық зерттеу әдістері

  2. аспаптық зерттеу әдістері

  3. лабораториялық зерттеу әдістері

Физикалық зерттеу әдістеріне: перкуссия, пальпация, аускультация жатады.
Аспапты зерттеу әдістеріне:
1. Рентгенологиялық зерттеуге
а) рентгеноскопия
б) рентгенография
в) бронхография
г) флюорография
д) томография т. б.
2. Эндоскопиялық зерттеуге
а) трахеобронхоскопия
б) торакоскопия
3. Функциональды зерттеуге
а) спирометрия
б) спирографня
в) пневмография

Рентгенологиялық зерттеу
Адам денесі арқылы рентген сәулелері өткеннен экранда пайда болатын бейнені байқайтын тәсіл рентгеноскопия деп аталады.
Рентген сәулелері түскеннен пайда болатын бейнені фотографияға
түсіру тәсілі рентгенография деп аталады.
Ренттеноскопия және рентгенографиялық зерттеулердің көмегімен анықтай алатын тыныс алу мүшелерінің ауруларына жататындар:
1. өкпеде тығыздалған түйінде пайда болуы
а) пневмония
б) түберкүлез
в) қатерлі ісік т. б.
2. өкпе ауасының көбеюі (өкпе эмфиземасы)
3. өкпеде ауалы қуыстар барлығы (өкпе іріңдігі, түберкүлез кавернасы)
4. өкпе дәнекер тканінің өсіп дамуы (пневмосклероз)
5. плевра қуысында сұйықтық не ауа жиналу
6. өкпедегі бөтен денелер (ақ, т. б).
7. өкпе тамырлары қабырғаларының тығыздалуы және калыңдалуы (өкпе
артериясының склерозы)
Флюорография.
Кеуде мүшелерінің рентгендік бейнесін кішкене фотосурет етіп түсіруді флюорография дейді. Бұл тәсіл қыска уақытта көптеген адамды тексеріп шығуға мүмкіндік туғызады. Сондықтан ол профилактикалык тексерулер кезінде қолданылады.
Бронхография
бронхтың ішінде рентген сәулелері өтпейтін заттар жіберіп, бронх тарамдарының (бронх бұтасының) ренттендік суретін түсіру. Ол:
1. Бронхтың қисаюын:
2. бронхоэктаздарды (бронхтың кеңеюі);
3. бронх өзегінің тарылуын табуға көмектеседі.
Томография
кеуде бетінен әр түрлі қашықтықтағы өкпенің рентген бейнесін суретке түсіру. Өкпе ішінде терең жатқан құрамдарды табуға мүмкіндік туғызады (өкпенің ісігі т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет