И. П. Павловтың жж қызметіне байланысты жүргізген зерттеулерінің мәні. Шартты және шартсыз рефлекстер


Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу)



бет5/8
Дата31.12.2021
өлшемі39,95 Kb.
#21159
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6 тапсырма Павловтың жж зерттеу мәні.Шартты шартсыз рефлекстар

Шартты рефлекстерді классификациялау (жіктеу). Қандай методика бойынша қалыптастырылатынына қарай шартты рефлекстер секреторлық, қимыл қан-тамыр рефлекстері, ішкі мүшелердегі өзгеріс рефлекстері және т.с.с. болып бөлінеді.

Шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арқылы қалыптастырылған рефлексті бірінші қатардың шартты рефлексі деп атайды. Оның негізінде жаңа рефлекс қалыптастыруға болады. Мысалы, жарық сигналын азықтандырумен үштастыру арқылы итте берік сілекей бөліну шартты рефлексі қалыптастырылған. Егер жарық жарық сигналынан бұрын қонырау соғылса, мұндай ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін итте дыбыс сигналына сілекей бөліне бастайды.

Бұл шартсыз тітіркендіргішпен емес, бірінші қатардың шартты рефлексімен бекітілетін екінші қатардың рефлексі немесе екінші рефлекс болып табылады.

Екінші қатардың шартты тағам рефлексінің негізінде итте басқа қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыруға болмайтынын практика көрсетті. Бірінші қатардың шартты рефлексі қорғану рефлексінің негізінде түзілген жағдайда ғана үшінші қатардың рефлексі түзілуі мүмкін, мысалы, терінің немесе кілегейлі қабықшаның тітіркенуі. Бірақ бұл жағдайда да үшінші қатардың рефлексін ғана қалыптастыруға болады, ал төртінші қатардың рефлексін әзірге қалыптастыру мүмкіндігі жоқ. Балаларда алтыншы қатардың шартты рефлексін қалыптастыру сәті түсті.

Жоғары қатардың шартты рефлекстерін қалыптастыру үшін жаңа индифферентті тітіркендіргіш бұған дейін қалыптастырылған рефлекстің шартты тітіркендіргіші әсер ете бастаудан 10-15 с. бұрын әсер етуі қажет. Егер тітіркендіргіш едәуір жақын аралықта немесе бірге әсер етсе, жаңа рефлекс пайда болмайды, ал бұрын қалыптасқан рефлекс сөнеді, өйткені ми қыртысында тежелу болады.

Бірге әсер ететін тітіркендіргіштерді әлденше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркнедіргіштерді әлденеше рет қайталап қолдану немесе бір тітіркендіргіштің екіншісіне әсер ету уақытын едәуір ұзарту комплекстік тітіркендіргішке рефлекс пайда болуына мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет