ҚР ҚН 3.02-29-2012 7
- ҚР заңнамасымен көзделген жағдайларда қоймалық ғимараттарда телевизиялық
бақылау, дабыл жҥйелері және лаңкестік әрекеттер мен рҧқсатсыз енуден қорғауды
қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жҥйелер орнатылуы тиіс.
5.5 Энергияны үнемдеу және жылу шығынын азайтуға қатысты талаптар 5.5.1 Қоймалық ҥй-жайлардағы температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа
қозғалысының жылдамдығы жҥктерді сақтау технологиясының талаптарына сәйкес
қабылдануы тиіс.
5.5.2 Ішкі жылумен жабдықтау және жылыту жҥйелері, ауамен жылыту, желдету
және ауа баптау жҥйелері, соның ішінде сыртқы ауаны қабылдау қҧрылғылары, апатты
желдету, жабдықты орналастыру және ауа өткізгіштер, өрт кезінде тҥтіннен қорғау және
ішкі суықпен қамтамасыз ету жҥйелері, қоймалық ғимараттардағы микроклимат
параметрлерінің мәндері жылытуды, желдетуді және ауа баптауды жобалауға қойылатын
талаптарға сәйкес қабылдануы тиіс.
5.5.3 Жылыту, желдету және ауа баптау жҥйелеріндегі негізгі параметрлерді
қашықтықтан бақылау мен тіркеу технологиялық талаптар және жобалауға берілетін
тапсырма бойынша қарастырылуы тиіс.
5.5.4 Пайдаланылатын энергия шығындарын азайту мақсатында ғимараттың
көлемдік-жоспарлық шешімдерін ғимараттың сыртқы қабатының беттік ауданының оның
ішіндегі көлемге қатынасына тең болатын жинақылық көрсеткішінің ең аз мәнімен
қабылдау мақсатқа сай болады.
5.5.5 Жобалық қҧжаттамада технологиялық ҥдерістерді автоматтандыруды әзірлеу
кезінде қоймаларда тауарларды қабылдау, өңдеу, сақтау және жөнелту бизнес ҥдерістерін
оңтайландыру (қоймалық логистика) көрініс табуы тиіс.
5.5.6 Логистикалық ҥдерісті ҧйымдастыру кезінде:
- шығындарды азайтуға және жҥкті қайта өңдеу ҥдерісін жетілдіруге септігін
тигізетін жҧмыс аймақтарына бөлу кезінде қойманың ҧтымды жоспарлануына;
- жабдықты орналастырып қою кезінде кеңістіктің тиімді пайдаланылуына;
- тҥрлі қойма операцияларын орындайтын әмбебап жабдықты пайдалануға;
- қойма ішінде тасымалдау бағыттарын барынша қысқартуға;
- жөнелту партияларын біріктіруді және орталықтандырылған жеткізу тәсілін
қолдануды жҥзеге асыруға;
- ақпараттық жҥйе мҥмкіндіктерін барынша пайдалануға;
- қойма ішінде тасымалдау бағыттарын эвакуация бағыттарына барынша
жақындатуға қол жеткізу қажет.