12. Гигиена мен санитария ғылымдарының дамуына үлесін қосқан ғалымдарды тізбектеңіз. Біздің эрамыздан 1,5 мың жыл бұрын ежелгі Египетте үйлерді, көшелерді тазарту, қоқыстарды жинау және оны алып кету, жеке бас гигиенасын сақтау, науқастарды жекешелеу, тағамтану гигиенасы туралы ережелер болған. Ежелгі Қытайда жүйелі тамақтану, дем алу тәртібі, елдімекенді жоспарлау және жайластыру бойынша талаптар белгілі болды.
Дәрігер Авиценна бес томдық «Дәрігер ғылымының каноны» шығармасының гигиена бөлімінде «Жағымды ауа туралы», «Су сапасы туралы», « Денсаулық сақтау туралы» мақалалар жазған.
Гигиена туралы алғашқы ғылыми мекемелер, ғылыми еңбектер XIX ғасырда еуропада пайда болды. 1857 жылы ағылшын ғалымы Паркс
«Практикалық гигиенаға жетекшілік» оқулығын баспадан шығарды.
Ресейде экономика мен қоғамның нашар дамуына байланысты гигиена
өте жай дамыды. ХУІІІ ғасырда Ресейдің кейбір жерлерінде медициналық- топографиялық түсініктеме жазылып, сол жергілікті жердің адамдарының ауруының сол жерді қоршаған ортамен байланысты екені дәлелденген.
ХІХ ғасырда гигиена кеңінен дами бастады және оның дамуына көптеген сол кездегі ғалымдар Н.И Пирогов, С.Г Боткин, Г.А Захарин, А.А Остроумов ықпал етті.
ССРО – да гигиенаның негізін қалаушы ғалымдар:
А.П Доброславин, Ф.Ф. Эрисман, Г.В. Хлопин.
Санитарлық микробиология – қоршаған орта микрофлорасын жəне оның адам денсаулығына жəне тіршілік ортасына əсерін зерттейтін медициналық микробиологияның бір саласы.
Санитарлық микробиологияның дамуының алғашқы саты-сы француз ғалымы Э.Масе ішек таяқшасын судың фекалды ластануының көрсеткіші ретінде қолдануды ұсынған кезден басталды. Адамның тіршілік ортасы, микрофлорасы мен мик-робиологиялық процестерді зерттеу, қоршаған ортамен қа-рым-қатынасын гигиеналық бағалау мақсатында жүргізеді.
Санитарлы микробиология су, топырақ, ауа, тамақ өнімдерін жəне басқада тұрмыстық заттардың бақылау əдістерін өңдейді.