26. Кейбір микроорганизмдер үшін биотоптар қандай екені туралы жазыңыз. Биотоп (био... және грек. топос — орын) — Жер бетінің (құрлықтың не суқойманың);жануар және өсімдіктер тобы өмір сүретін ортақ жер. Екі мағынада қолданылады:
1) нақтылы, экологиялық жағдаймен сипатталатын, нақтылы биоценоз түрлері мекендейтін аймақ;
2) нақтылы организмдердің немесе олардың қауымдарының тіршілік етуіне барынша ыңғайлы қоршаған орта факторларының жиынтығы. Биоценоздың рельефі, климаттық жағдайы шамамен біркелкі болып келетін құрлықтағы немесе судағы алатын орны. Биотоп өзінің табиғи және тарихи қалыптасқан геогр. орны мен фауна, флора және абиотикалық фактор жиынтығымен ерекшеленеді. Биотоп экожүйелердің немесе биогеоценоздардың анорганик. құрылымдарынан тұрады. Биотоп — биоценоздың бөлінбейтін құрамдас бөлігі. Биотоп пен биоценоз бірігіп, ірі бірлестік — биогеоценоз құрайды.
27. Қандай микроорганизмдер санитариялық-көрсеткіштерге жатады анықтаңыз. Асептика - жараны микробтардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады. Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды.
Антисептика - жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді елтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады.
Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі анаэробтық немесе газдың инфекциясы ретінде аса қауіпті. Жараға топырақ пен бірге сіреспені тудыратын анэробтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.
Механикалык антисептика жараны алғашқы хирур-гиялық емдеу кезінде жүргізіледі. Физикалык антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқандай бүл жараны қүрғатады, жарадан сүйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәулесі өлтіреді.
Химиялык антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бүлар антисептикалық заттар деп аталады. Иод түнбасы, этил спирті, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан қүралуы мүмкін. Биологиялық антисептиктерге жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибио-тиктер жатады. Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.