Ы. Шөреков атындағы мектеп гимназия «Бала құқығы – асыл қазына»


Ұлылардан қалған асыл сөз



бет3/4
Дата25.11.2022
өлшемі31,02 Kb.
#52566
1   2   3   4
Байланысты:
«Бала құқығы - асыл қазына»

2. Ұлылардан қалған асыл сөз.
1 - оқушы: Жер бетіндегі адамдар арасындағы тәртіп орнату үшін заңды қолдану шөлге жауған жаңбырдай қайырымды.
385 - Хадис (Мұхаммед Пайғамбар)
2-оқушы: Заң - жер бетіндегі құдай жасаған нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі. И.Кант.
3-оқушы: Қазақ халқы - ең бейбіт халықтардың бірі. Шоқан Уәлиханов.
4-оқушы: Әр заманның өз рәсімі,өз салты бар. Біздің замандағы салт әркім құқына таласу болады. Жылау салты артта қалды. Әлихан Бөкейхан.
5-оқушы: Ата Заң әркімнің бойтұмары болып оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Нұрсұлтан Назарбаев.
6-оқушы: Заң - мемлекеттің тоғыз қабат тор көзді сауыты. Шерхан Мұртаза.
7-оқушы: Әділ заң - аспан тірегі. Жүсіп Баласағұн.
Жағдаяттарға байланысты сұрақтар.
14 жасар Болат үйінде сыныптастарымен туған күнін атап отырғанда масаң күйінде әкесі келіп жолдастарының көзінше балағаттап, ұрып-соға бастайды. Осы кезде Болат не істерін білмей әкесін итеріп жібереді. Әкесі тәлтіректеп барып басын пешке ұрып құлап түсіп қайтыс болады.( Жағдай сарапқа салынады.)


Мақал-мәтелдер:
«Тәрбиелі-тәртіптің құлы,
Тәртіп елдің-құлы» (Бауыржан Момышұлы)


ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».
1. Құқық деген не? (Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы)
2. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
(БҰҰ).
3. БҰҰ-ның мақсаты не? (Әлемде бейбітшілікті сақтау,адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау).
4. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
(1995 ж. Нью - Иорк қаласында 156-мемлекет болып қол қойды).
5. Қазақстан Республикациясының азаматтары қандай білім алуға міндетті? (орта).
6. Қазақстанның әрбір азаматының ең басты құқығын ата. (әркімнің өмір сүруге құқығы бар).
7. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
(2002 жылы 8 - тамызда).
8. Заң бойынша бала деп кімді атайды? (18 жасқа толмаған адам).
9. Бала құқығы туралы Конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20- қарашада).
10. Әлемде ең алғаш конституция қай елде жазылған? (АҚШ-та).
11. Адамның ешкім қол сұғуға болмайтын құқығы не? (Бостандық).
12 .Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жас шамасы (16 жас, ерекше ауыр қылмысқа 14 жастан тартылады).
13. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 10-желтоқсанда).
14. Қай жастан бастап жасөспірімдердің еңбекке араласуға құқығы бар? (14 жастан).
15. Қазақстандағы ең қымбат қазына (адам).
16. «Жеті жарғы» заң жинағының авторы? (Тәуке хан).
17. Қазақстан БҰҰ-ға қашан мүше болды? (1992 жылы).
18. Өз тағдырыңды өзің шешудің тарихи мүмкіндігі (Тәуелсіздік).
19. Отанға деген сүйіспеншілік (патриотизм).
20. Баланың құқығы туралы заң неше тарау, неше баптан тұрады? (10 тарау, 53 баптан).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет