Ы. Шөреков атындағы мектеп гимназия «Бала құқығы – асыл қазына»


Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан



бет2/4
Дата25.11.2022
өлшемі31,02 Kb.
#52566
1   2   3   4
Байланысты:
«Бала құқығы - асыл қазына»

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан:

  • Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді;

  • Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы;

  • Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы;

  • Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес;

  • Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ;

  • Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы;

  • Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар;

  • Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы;

  • Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы;

  • Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Енді осы мәселе төңірегінде өздерің құқықтық білімдеріңді кеңейтуге уақыт келді.


І бөлім «Бала құқығы- асыл қазына».
ІІ бөлім «Құқық - әділет пен парасат жолы».
ІІІ бөлім «Құқықтық сауаттылық – заман талабы».


І. Бөлім. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері.
8-бап. Әрбір баланың денсаулығын сақтауға құқығы бар.
9-бап. Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
10-бап. Әрбір баланың өмір сүруге,жеке басының бостандығына,қадір-қасиетіне жәнеөміріне қол сұғылмауға құқығы бар.
11-бап Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы бар.
15-бап. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар.

ІІ бөлім. «Құқық - әділет пен парасат жолы».
1-оқушы.
Конституция-ерікті елдің құқы
Конституция ерікті елдің құқы,
Адам құқы, алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция-алтын заң,елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайдымұны бар достар бүгін.
Ол бойынша сайлаймын,сайланам да,
Ол бойынша біртұтас бай далам да.
Сансыз ұлттың өкілі бірордада,
Тең құқылы барлығы айналамда.
Қалауымша оқимын,білім алам,
Еңбек етем,қартайсам тыным алам.
Емделемін ауырсам заңды түрде,
Өз елімде қастерлі, құрметтімін,
Қорламайды ешкім де тілдеп қырын.
Тәртіп бұзсам немесе қылмыс қылсам,
Заң алдында жауапқа міндеттімін.
Баға жетпес құным бары,
Еркін шыққан ерекше үнім бары,
Елтаңбалы жығылмас туым бары-
Алтын заңда айтылған мұның бәрі.
2-оқушы:
Ғұрпымыз бар ел сенген,
Дәстүрлері ең ізгі.
Әділдікпен өлшенген,
Заңымыз бар негізгі
Бас иетін бар адам
Әрбір сөзі салмақты
Қорғар бәле-жаладан
Ата заң бұл ардақты!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет