Еркін процесстің сипаты
Сипаттамалық теңдеудің түбірінің саны және сипаты тізбектің дифференциалды теңдеуінің ретінен тәуелді болады, ал ол өз кезегінде қарастырылып отырған тізбектегі энергия жинақтауыштардың (сыйымдылық және индуктивтілік) санынан тәуелді болады.
Бірінші ретті электр тізбектер бірінші ретті дифференциалды теңдеулерге ие болады және бір тәуелсіз энергия жинақтауышы болады.
Тізбектің дифференциалды теңдеуінің сипаттамалық теңдеуі бір айғақты түбірге ие. Еркін тоқты келесі түрде жазамыз:
св
i Ae рt
Екінші ретті тоқ екі тәуелсіз энергия жинақтауыштардан (екі сыйымдылық немесе екі индуктивтілік немесе сыйымдылық және индуктивтілік) құралады. Екінші ретті дифференциалды теңдеу келесі түбірлерге ие болуы мүмкін:
а) айғақты әртүрлі түбірлер p1 = -α1, p2= - α2;
б) айғақты бірдей түбірлер p1 = p2 = p = -α;
в) кешкнді түйіндескен түбірлер p1 = -α + j0 , p2 = -α - j0. .
Тоқтың еркін құраушысы сәйкесінше келесідей жазылады:
iсв = A1 e p1 t + A2 e p2 t (1.4)
б) iсв = (A1 + A2 t ) e pt (1.5)
в) iсв = A1 e –αt sin ( t + φ) (1.6)
мұндағы А, А 1, А 2, φ – интегралдау тұрақтылары.
Үш тоқ ішінен (толық, мәжбүр және еркін) негізгі мәнге электр тізбектің тармағында өтетін толық тоқ ие болады. Тоқтың мәжбүр және еркін құраушылары есептеу шамалары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |