Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
5. Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) білім беру ұйымдары "Кемтар балаларды әлуметтік және медициналык-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бабының 4 тармағын іске асыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін кешенді көмек көрсету жағдайларды қамтамысыз ету жолында жаңа үлгідегі арнайы түзету ұйымдар ашылған. Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері: оңалту орталықтары (республикалық және облыс деңгейіндегі қалаларда), мектеп жанындағы логопедтік пунктер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда), психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (аудан орталықтарында).
Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдар қызметтері "Бала құқықтары туралы" БҰҰ Конвенциясына, ҚР "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы". Заңдарына және басқа нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес және осы ережелер негізінде жүзеге асырылады.
Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Оңалту орталығы (бұдан әрі - 00.) арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылады және облыстың (республикалық маңызы бар қала, Астана) әкімдерінің шешімдерімен құрылады.
Оңалту орталығының негізгі міндеттері:
1) сөйлеу тілінде, көру, есту, тірек - қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып - үйрену, қарым - қатынас жасау мен жүріс - тұрысында қиындықтары бар балалар мен жас өспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялық - медициналық педагогикалық көмек көрсету;
2) дамуында, оқытуда, қарым - қатынас жасауда, жүріс - тұрысында проблемалары бар балалардың әр түрлі топтарына қатысты жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу;
3) мамандардың пән аралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді кешенді оқып - үйрену және баланың медициналық, психологиялық, түзету - педагогикалық көмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау;
4) баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару;
5) жеке, топтық сабақ түрінде түзете - дамыта оқытуды жүргізу;
6) отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша ата - аналарға (заңды екілдерге) ақыл -кеңес беру және оқыту;
7) жалпы білім беру және арнайы (түзеу) білім беру мекемелерінің педагогтарына мүмкіндіктері шектеулі балалардың психика және дене дамуының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайында әдістемелік басшылық жасау және кеңес беру.
Оқыту мазмұны түзеу мекемелерінің білім беру стандарттарымен, оқу жоспарымен және оңалту орталығында түзеу көмегін алатын әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігі ескеріліп, әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады.
ОО-да мүмкіндіктері шектеулі балалардың төмендегідей топтарына көмек көрсетіледі:
дамуында қиындықтар кездесетін 3 жасқа дейінгі балалар. Мектеп жасына дейінгі балалар 3-тен 7 жасқа дейін
психикалык дамуы тежелген балалар;
ақыл- ойында әр түрлі денгейде кемістігі бар балалар;
балалардың церебрап салмен ауыратын және тірек - қозғалыс аппаратының басқа да ауытқушылықтар бар балалар;
жүйке жүйесінін тұқым қуалайтын - дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;
сөйлеу тілінде ауыр кемістіктері бар балалар;
естуінде ауытқушылығы бар балалар;
балалардың ерте аутизмімен және басқа эмоциялық - еріктік бұзылулармен ауыратын балалар;
көруінде ауыр ауытқушылықтары бар балалар.
Сонымен бірге 7-ден 15 жасқа дейінгі мектеп жасындағы балалар:
зиятында ауытқушылықтары бар балалар;
аутизммен және баска эмоциялық - еріктік ауытқуылары бар балалар;
жүйке жүйесініи тұқым қуалайтын - дегенеративті ауруларымен ауыратын балалар;
орташа және ауыр дәрежедегі церебрал салымен ауыратын балалар;
деменциялық әр түрлі түрлерімен ауыратын балалар;
психикалық аурулар салдарынан оқуында қиындықтары бар балалар;
сөйлеу тіліндс ауыр кемістіктері бар балалар;
естуінде ауытқушылығы бар балалар;
көру інде ауытқу шылығы бар балалар.
Оңалту орталығын маңызды ерекшелігі 15-тен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге көмек көрсету қызметі.
ОО - бірінші кезекте ақыл - ой жеке психикалық дамуында ауыр да тереңдеген ауытқушылықтары бар балаларға және әр түрлі себептермен басқа арнайы (түзеу) ұйымдарында түзеу көмегін ала алмайтын балаларға түзеу көмегін көрсетеді.
Баланы ОО-на қабылдауды психологиялық - медициналық -педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде жүргізіледі.
ОО-дағы түзету - дамыту үрдісін ұйымдастыру оқу жоспарымен, жылдық күнтізбелік жоспармен және орталықтың әдістемелік кеңесінде әзірленетін және бекітілетін сабақ кестесімен реттеледі.
ОО-да дамуында әр түрлі ауытқулары бар ерте және мектеп жасындағы балаларға арналған тұрақты топтар құрылуы мүмкін. Бұл топтардағы жұмыс арнайы мектепке дейінгі ұжымдар қызметін реттейтін нұсқамалық -әдістемелік құжаттарға және осы Ережеге сәйкес құрылады.
ОО-да қажет болған жағдайда балалардын қысқа уақытқа болуына арналған топтар, біріктірілген топтар, дамуында ауытқушылығы бар балалар мен жасөспірімдердің ата - аналарына (заңды өкілдеріне) арналған ақыл -кеңес беру пункттері ашылуы мүмкін. ОО-да топтар бір жастағы немесе әр түрлі жастағы балалар кағидаты бойынша жинақталуы мүмкін.
Оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру нақты түзеу көмегінің мазмұны балалардың психикалық және дене дамуы мен жеке мүмкіндіктерінің ерекшеліктеріне орай әзірленетін және 00-жағдайында дербес іске асырылатын жеке - дамыту бағдарламасымен анықталады.
Оқу – тәрбие үрдісі баланы психологиялық - медициналық -педагогикалық және клиникалық зерттеу деректерімем шарттастырылған топтарға бөліктеу және жеке ықпал жасау тәсілдерінің негізінде іске асады.