I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіби білім алуы, оларды кәсіби бағдарлау



бет55/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

6. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың кәсіби білім алуы, оларды кәсіби бағдарлау
Кемтар балалар Қазақстан Республикасының білім беру туралы заң актілеріне сәйкес кәсіби білім ала алады. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы білім беру ұйымдарында жүргізіледі. Кемтар балалардың болашақ кәсіби кызметінің мүмкіндіктері мен сипатын айқындау үшін кәсіби-консультациялық орталықтарда, арнаулы білім беру ұйымдарында кәсіби диагностика жүргізіледі.
Кәсіби диагностика - бойындағы психикалық және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек қызметінің немесе кәсіптің дағдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтау.
Дамуында кемістігі бар тұлғаның кәсіби мамандықты тандау жағдайы шектеулі болғандықтан, кәсіби даярлау жұмысы да қиындайды.
Бұл тұлғалардың кәсіби еңбекке оналту құқықтары мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы Заңдар мен заңнамаларда бекітілген.
Жеке оңалту бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйі деңгейінін болжамын, психикалық-дене төзімділігін , отбасының әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік инфрақұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, оның қажеттіліктерінің құрылымына, ден қоятын мәселелерінің шеңберіне , құштарлықтарының деңгейіне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық кәсіби қызметке қабілетін қалпына келтіруге бағытталған медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар тізбесі.
Бұл бағдарламаны әзірлеуге дәрігер, психолог, әлеуметтік педагогтар т.б. қатысады. Бұл жерде бағдарламарды жүзеге асыру мүгедектік тобын анықтауды талап егеді.
Мүгедекгктің бірінші тобына - жарақат пен даму ауытқушылығын салдарынан тұрақты ағза мүшелерінде аса ауыр кемістігі бар тұлғалар жатады. Оның нәтижесінде өзіне-өзі қызмет ету мүмкіндігі, қимыл-қозғалысы, қоршаған ортада бейімделу мүмкіндігі терең деңгейде зардап шегуі мумкін.
Мүгедектіктің екінші тобы - ауру, жарақат, даму ауытқушылығын салдарынан ағза мүшелерінде тұрақты кемістігі бар тұлғаларды айтамыз. Денсаулығындағы бұзылыстар білім және еңбек т.б. қызмет, өзін-өзі бақылау, қарым-қатынас ету мүмкіндігінің шектелуіне алып келуі мүмкін.
Мүгедектіктің үшінші тобына - ауру, жарақат, даму ауытқушылығын салдарынан ағза мүшелерінде шамалы кемістіктері бар тұлғалар жатады.
Сонымен, екінші және үшінші топтағы мүгедектер арнайы білім алып еңбек етуге қабілетті.
Мүмкіндігі шектеулі жеткіншек немесе ересек адамға белгілі бір ұнайтын, оған лайықты еңбек қызметін таңдау қиынға түседі, сондықтан оған көмекке педагогтар мен психологтар келеді.
Белгілі бір еңбек қызметін таңдау үшін алдымен акыл-ой және дене дамуының жағдайы туралы мәлемттерді анықтап алуы керек.
Психологтардың ойы бойынша туа және жүре пайда болған кемістіктер адамның психикасына жағымсыз әсерін тигізеді, жарақаттайды. Мүгедек тұлға жиі басқа адамдарға тәуелді болып, үйреншікті өз кәсіби еңбегінен амалсыз бас тартып, басқа мамандықты меңгеруге мәжбүр болады, бұл жағдай ауыр тиеді.
Осы жерде мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби мамандыққа бағдарлау және арнайы оқыту жұмысын дұрыс ұйымдастыру аса маңызды.
Дамуындағы кемісіктің деңгейіне байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар бастауыш немесе орта, жоғары білім кәсіби білім алады. Бұл жұмысты атқару үшін даму мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіби мамандықтар тізімін анықтау және сол тізімді компьютер жүйесіне еңгізу қажет.
Қазіргі уақытта орта білім беруден кейінгі кәсіптік білім беру және жоғары кәсіптік білім беру жүйесі карқынды даму жолында. Арнайы мектеп түлектерінің цензді білім алуы, оларға орта және жоғары кәсіптік білім беру оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. Тәжірибеде бұл көбінесе кәсіптік мектеп, училище, колледждерде оқу арқылы жүзеге асады, мысалы, естуінде ауытқуы бар тұлғаларды "Сервис колледжі" оқытуда жағымды нәтиже жинақтаған. Ал жоғары оқу орындарында мүмкінідіктері шектеулі студенттер білім алуда, бұл негізінде оларды қалапты студенттермен бірге бір топта оқыту түрінде ұйымдасқан.
Бұл бағыттағы жұмысты біздің елімізде жетілдіру міндеті өзекті, арнайы ғылыми-әдістемелік зерттеулер өткізуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет