I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары


Кемтар балаларға ерте көмек көрсету жүйесі



бет49/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

2. Кемтар балаларға ерте көмек көрсету жүйесі
Қазақстан мен ТМД елдерінде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс кезеңінен бастап ерекше демографиялық жағдай туындап дүниеге сәбилердің келу көрсеткіштерінің аса төмендеуі, халық арасындағы өлім-жетімнің көбеюі, және халықтың табиғи өсу төмендеуінең байқалды. Бұл жерде аналар денсаулығының нашарлауы, жүктілік және босану кезіндегі асқынулар да айқын әлеуметтік-экономикалық сипат алады. Осы жағдайларға байланысты соңғы жылдары елімізде мүгедек балалардың саны өсіп, мамандардың назарына түсті. (Сүлейменова Р.А., Хакимжанова Г.Д.)
Барлық экономикалық қиыншылықтарды ескере отырып, балалардың дамуындағы кемістіктерді түзетудің ең нәтижелі жолы - ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ұйымдастыру. Бірқатар шет елдегі және отандық зерттеулер көрсеткендей түзетушілік әсер етуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым нәтижелі болады. (Ерсарина А.К., Стребелева Е.А., Сүлейменова Р.А. Разенкова Ю.А. т.б.)
Қолайлы ерте көмек көрсету маңыздылығы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерімен белгіленеді. Мектепке дейінгі жастағы, мектеп жасындағы балалардың, жеткіншектердің және ересектердін денсаулығының негізі осы ерте жаста қаланады. Осы кезде ағзаның барлық морфологиялық және функционалды жүйелері құрыла бастайды.
Ерте коррекциялық көмек көрсетудің негізі- сәбилер мен ерте жастағы балалардың физиологиялық және психикалық дамуын жан-жақты зерттеу болып табылады.
Ерте коррекциялық көмек көрсету тәжірибесін іске асыру нақты түзетушілік нысаның анықтаудан басталады. Көптеген мамандардың ойы бойынша мұндай жұмыстар тек дамуында белгілі бір кемістіктері бар балалармен ғана емес, сонымен қатар болашақта әлеуметтік бейімделуі қиын болу мүмкіндігі бар балалармен жүргізілуі тиіс. Осындай кешенді көмекті талап ететін балаларды анықтаудың негізгі құралы жалпы скрининг әдістемесі болып табылады.
Балалық психоневрологиялық ауытқулықтар деректеріне отбасының ауыр қаржылық, жалпы толыққанды өмір сүру жағдайларының жеткіліксіздігін жатқызамыз. Сонымен қатар ата-аналар арасындағы ішімдік пен нашақорлыққа салыну да жағымсыз факторлар қатарына жатады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балаларға ерте педагогикалық- түзетушілік көмек көрсетуге байланысты бірқатар құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда, оның ішінде ерекше орынға ие "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" ҚР Заңы. Ерте қолға алу (ерте қолдау) - психикалық-дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау.
Мемлекеттік ерте жастан коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі бес деңгей бойынша жүзеге асырылуда:
1. Сәбилердің психикалық және дене дамуын жаппай тексеру. Ерте жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жаппай тексеруді (скринингті) перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг-"қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
2. Скрининг нәтижесінде анықталған "қатер" тобындағы балаларды ата-аналарының және өзге де занды өкілдерінің келісімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді.
3. Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы топтарында алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинеттерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын түзетушілік жқмыс.
1. Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлық мәліметтерді жүйелеп, компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.
2. Мемлекеттік құқықтық қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасында білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың орталық мемлекеттік ұйымдары жұмыс істейді.
Ғылыми жұмыстар бағдарламасының ауқымында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуді жетілдірудің өзекті мәселелерін арнайы зерттеу жүргізу тапсырмасын анықтайды. Қазіргі уақытта естуінде аутқуы бар балалар үшін ерте жастан қолдау көрсету жағдайлары қалыптасуда. Әйелдерді босандыру мекемелерінде аудиологиялық скринингті өткізіп, кейіннен сәбидің естуінде ауытқушылық пайда болуы қатері бар болған жағдайда балалар емханасында арнайы есепке алып есту қабілетін аудиологиялық орталықтарында терең тексеруден өткізу қажет. Сол кешенді тексету нәтижесінде балаға қандай тиімді шаралар қажет екені анықталады, дыбыс күшейткіш аппарат тағу, естуін жақсарту операция, әлде кохлеар имплант қолдану операция. ҚР кохлеарлық импланттау операциялары нәтижелі өткізіліп жатыр, бірақ операциядан кейін естумен сөйлеуін оңалту жұмысы жеткіліксіз болып тұр. Бұл бағыттың болашағы зор, естуінде ауытқуы бар балаларды ерте жастан қолдау көрстеу арқылы сөйлеундегі кемістіктердің алдын алып, қоршаған ортаға қиындықсыз бейімдеуге жол ашады.
Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП)
Патронаж - дегеніміз балаға оның ата-анасы мен оқытушыларына ерекше кемек көрсету, баланың өмірін сақтау, қалпына келтіру, емдеу, арнайы оқыту, тәрбиелеу және коғамға бейімдеу мәселелерін шешу бағытында арнайы көмек түрі.
Медициналық - әлеуметтік педагогикалық патронаж (МӘПП) дамуында ауытқуы бар баланың отбасына әр түрлі мамандардың біріге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын ұзақ мерзімде қолдануды қалайды.
Кешенді МӘПП психологиядық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік мекемелер мен және қызметтермен жүзеге асырылады. Аталмыш мекемелер мемлекеттік немесе жекеменшік (қоғамдық бірлестіктер, қайырымдылық орталықтар) болуы мүмкін және олар бір бірінің жұмыстарын толықтыра отырып, дамуында ауытқуы бар балалардың әлеуметтік кеңістікте бейімделудің әртүрлі жолдарын ұйымдастырады ол отбасына әлеуметтік қолдау көрсетудің ұзақ мерзімді шараларына бағытталған.
МӘПП-ң негізіне психологиялық-педагогикалық консультациялар (кеңестер), психологиялық-медициналық әлеуметтік орталықтар диагностикалық және оңалту орталықтары, логопедтік пункттер, ерте жастан көмек көрсету кабинеттері және үйде оқыту ұйымдары кіреді.
МӘПП жүйесі мүмкіндігі шектеулі түлғалардың, балалардың, дамуын жақсарту мақсатында арнайы білім-беру жүйесінің бір бөлігі ретінде қалыптасады. Кешенді МӘПП-ті ұйымдастыру үшін білім саласындағы түрлі ғылыми-әдістемелік мекемлермен және денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қармағындағы мекемелермен әрекетті үйлестіру қажет.
МӘПП өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қажетті білім алу бағытын анықтап, оқыту мекемесін таңдауға көмектесу;

  • білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға коррекциялық-педагогикалық дамыту бағдарламаларын ендеу, іске асыру.

  • балаларды әлеуметтену мен оқудың жана инновациялық түрлерін қалыптастыруына бағытталған білім беру жүйелерін дамытуға әсер ету;

  • түзетушілік-педагогикалық процеске ата - аналарын қосу белсенді қатыстыру үшін арнайы бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру;

  • өз мүмкіндіктеріне сай баланың еркін дамуы үшін құқықтық кепілдігін жетілдіруге бағытталған қоғамдық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру;

  • арнайы білім беру жүйесіндегі жаңа педогогикалық технологияларын, әдістерін енгізу;

  • қазіргі қоғамда мүмкіндігі шектеулі адамның мәртебесін көтеруге көмектесу үшін арнайы білім беру саласындағы жетістіктерді көрсету, халыкқа түсіндіру бағытында бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану.

МӘПП-дың құрылуы отбасы жағдайындағы дамуында ауытқуы бар балаға кешенді көмек көрсетудің, арнайы білім беру жүйесінің дамуын көрсетеді.
МӘПП мекемелер жүйесінің қызметі нәтижелі болу үшін оған келесі талаптар қойылады:

  • патронаж қызметін ата- аналар мен педагог мамандардың қажет етуі;

  • сапалы көмек көрсету арқысында мүмкіндіктері шектеулі балалардың қиындыктарының азаюы;

  • өмір сүру шектеулігінің дәрежесіне қарамастан баланың даму көрсеткішінің өсуі;

  • отбасы ішіндегі қарым- қатынастарын қалпына келуі;

  • қазіргі уақытта балалар мэселесін шешу аймағында педагогтардан өзге мамандардың біліктілік сапасын өсуі.

МӘПП-дың процесініц маңызды құрамды бөлігі ерте диагностика мен ерте кешенді көмек көрсету болып табылады, оны ұйымдастырудың нәтижелігіне мүгедектіктің алдын алу дәрежесі тәуелді болады.
Мүгедектің алдын алуға тек медициналық шаралар ғана емес, сонымен қатар бала дамуын ерте реттеу де жатады.
Қазіргі уақытта корррекциялық педагогикадағы ерте диагностикалау мен ерте педагогикалық көмек көрсету мәселесі бүкіл дүние жүзінде жетекші мәселе болып отыр. Қазіргі уақытта көптеген мемлекеттерде дамуында ауытқуы бар балаларға ерте педагогикалық көмекпен ерте диагностикалау бағдарламалары бар. Осы бағдарламалардың теориялық базасын құру үшін Л.С.Выготскийдің жұмыстарын алған.
Дүние жүзілік тәжірибеде ерте көмек көрсету бағдарламаларына: жана туылған сәбилер мен 3 жасқа дейінгі балалардың дамуын тексеру, Гавайлық ерте білім беру профилі, «Тандем» дамуды ерте диагностикалау бағдарламалары жатады.
Сонымен қатар ресейлік ғалымдардың ғылыми-әдістемелік еңбектері бұл саланы толықтырды, нақты ерте диагностикалау бағдарламалары, дамуында ауытқулықтары бар балаларға психологиялық - педагогикалық көмек көрсетуді т.б. жатады.
Ерте көмек көрсету мамандардың айтуы бойынша балаларға неғұрлым ерте көмек көрсетіп және сол жұмыска ата - анасын қоса, онда, жұмыстың қорытындысы соғұрлым нәтижелі болады дейді.
Дамуында ауытқуы бар балаларға ерте кешенді көмек көрсету мен ерте диагностикалау бағдарламалары өз болашағына жаңа бағдарламалар, кадрларды даярлау, білім беру мекемелерінің қызметін қамтамасыз етудің ортақ ақпараттық жүйесін құруды, әлеуметтік қызметкерлерді, педагогтар мен ата - аналарын даярлауды өз алдына қойып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет