Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
БЦС кезіндегі психикалық ауытқушылықтар БЦС жағдайындағы кемістіктін құрылысы психикалық дамуға әсерін тигізеді. Психика дамуындағы кемістік механизмі күрделі және ол ми зақымдануының уақытымен, деңгейімен анықталады. БЦС кезіндегі психикадағы кемістік танымдық іс-әрекеттің сезім ерік жүйесінің қалыптасуына зақым келтіреді. БЦС кезіндегі таным ауытқушылық құрылысының ерекшеліктері:
1. Қоршаған орта туралы мәлімет пен ұғымының аздығы. Бұл жағдайдың себептері:
жеке қозғалысындагы қиындықтарға байланысты құрдас және ересек тұлғалармен катынастың аздығы, амалсыз шетте қалу;
қимыл -қозғалысындағы кемістікке байланысты затты практикалық әрекет үрдісінде қоршаған әлеммен танысудағы қиындықтар;
сенсорикалық қызметінің бұзылуы.
2. Зиятындағы ауытқушылықтардың біркелкі емес сипаты, яғни бір функцияның бұзылуы басқалардың дамуын, сақталуын тежейді. Сондықтан да дамудың ерте кезеңінде ми жарақаттанса, басқа да қызметтер зиян шегеді. Жоғарғы ми қабаты қызметінің дұрыс қалыптаспауы БЦС кезіндегі танымдык әрекеттердің бұзылуына әсер етеді. Көбінесе жекеленген ми қабаттары зиян шегеді. Балалардың бірқатарында ойлаудың көрнекті формасы дамыса, ал кейбіреулерінде, керісінше сөзді - логикалық ойлау дамиды.
3. Психоорганикалық көрініс-психикалық процестердің бәсеңдеуі, әрекеттің басқа түріне ауысудың қиындығы, зейінді шоғырландырудың тұрақсыздығы, механикалық есте сақтау көлемінін төмендеуі. Балалардың көпшілігінде танымдық белсенділік төмен болады. Ақыл-ой қабілеттің жоқтығы мидың қабынуына байланысты. БЦС-мен ауыратын балалардың зият жағдайына байланысты топтастыруға болады. Біреулерінде қалыпты ақыл-ойы болса, екіншілерінде психикалық дамуы тежеледі, ал үшіншілерінде олигофрения пайда болуы мүмкін. Негізгі таным әрекетінің тежелуі психикалық дамуының церебралді-органикалық ауыткуы. Бұл топтағы балаларға эмоция-ерік жүйесінін бұзылуы тән: біреулері -ашуланшақ, қозғыш, қимыл-қозғалысы тежелген, ал басқалары - ұялшақ, қорқак. Көбінесе көңіл күйлері құбылмалы болады, эмоция қозуының жоғарылығы ашумен сирек үйлеседі. Кейбірде қуанышты, көтерінкі көңіл -күймен де ерекшеленеді (эйфория). Мінез - құлықтың бұзылуы қозғалыстағы кемістікке байланысты туындайды. Бірқатар балаларда немқұрайлылық байқалады.
Жеткілікті зият дамуы, көбінесе өзіне деген сенімсіздікпен үйлеседі. Жеке тұлғаның толық жетілмеуі тұрмыстық және әлеуметтік тәжірибелер мәселелерінің шеше алмаудан байқалады. Әлеуметтік бейімделудегі қиындықтар жеке тұлғаны ұяңдық, өз қызығушылығын қорғай алмау сияқты қасиеттердің қалыптасуына қабілетті. Бұл жоғары сезімталдык, өкпелегіштікпен үйлеседі
БЦП-пен ауыратын балалардың ауытқушылықтарында тіл кемістігі маңызды орынға ие. Ол 80%-ды құрайды. Себептері: мидың жарақаттануы, білім көлемінің аздығы, практикалық әрекеттің жеткіліксіздігі, тәрбиешінің қателігі (шектен тыс қамқорлық).
Балаларда тіл кемістігінің келесі формалары кездеседі:
- дизартрия- сөйлеу барысында көбінесе сал ауруына, түйілуге, гиперкинезге, атаксияға байланысты сөзді анықтап айта алмау, яғни артикуляцияның бұзылуы. Дизартрияда көпшілік дыбыстар әсіресе дауыссыз дыбыстар дұрыс айтылмайды, сондықтан сөздер түсініксіз, созылыңқы, бөлшектеліп айтылады.
- сөйлеу тіл дамуының тежелуі,
- алалия - ақылы, есту қабілеті бола тұра, балалардың сөйлеу тілінің болмауы немесе жүйелі түрде дамымауы. Көбінесе мидың туа жарақаттануына немесе нәрестенің ми ауруларына байланысты ми сыңарлары қыртыстарының сөйлеу аймақтарының зақымдануынан пайда болады. БЦП кезіндегі тіл кемістігі жекелеген түрде сирек кездеседі.